*Проблемалық сұрақ
-Ұйымшылдық дегенді қалай түсінеміз? Біздің сынып ұйымшыл ма?
*Топпен жұмыс / Ата-ана кодексін талқылау/
«БАЛА» тобы - АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР
«АНА» тобы- АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
/әр топтан бір адам шығып, топтың ойын жеткізді/.
Жағдаяттар шешу
1-жағдайдабаланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды.
2- жағдайда бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай аласың! » немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді.
• Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.
• Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сәйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.
Біз бақытты жанұямыз:
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
Аяқталмаған сөйлем:
– Егер баланы үнемі сынап отырса, ...
– Егер балаға үнемі күлсе, ...
– Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...
– Егер бала төзімділікте өссе, ...
– Егер бала адалдықта өссе, ...
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...
– Егер бала кекшілдікте өссе, ...
– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...
Достарыңызбен бөлісу: |