Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас»
Мақсаты:қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,тиімді қарым-қатынас орнату.
Міндеттері:ата-аналардың мектеппен,мұғаліммен тығыз байланысын арттыру,балаларды білімге,мейірімділікке,ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті құрал жабдықтар:үлестірме қағаз,А4 формат,қалам.
Әдістері: пікір алмасу,сұрақ-жауап,психологиялық жаттығулар.
Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата аналарды отырғызу
2. Кіріспе:
Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз.
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Бүгінгі өтіп жатқан «Ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту» атты тренингімізге қош келдіңіздер!
Ең біріншіден сіздермен жақсылап танысып алсақ!
Достарыңызбен бөлісу: |