Хаттама № 1 03.09.2022 ж.
Сынып: 2 «А»
Сынып жетекшісі: Жүнісова Шарбат Қуатқызы
Барлық оқушы: 25
Өтілген орны: 224 каб
Өтілген уақыты: 14:00-15:00
Жиналысқа қатысқан ата-аналар: 20
Күн тәртібінде: «BINOM EDUCATION» ЖШС «BINOM SCHOOL – "Тұран" мектеп-лицейі» мектебі туралы ақпарат беру;
Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру;
Ата-аналар комитетін сайлау;
Мектебімізде тегін жүргізілетін үйірмелер тізімімен таныстыру;
Қоңырау, сабақ кестесімен таныстыру, пән мұғалімдерімен таныстыру;
Қашықтықтан оқу кезінде ONLINEMEKTEP платформасы;
Ата-аналармен сұрақ-жауап.
Ақпарат берген: 2 «Г» сынып жетекшісі: Жаулыбай Гүлзат Нұржанқызы Тыңдалды:
Сынып жетекші өзін таныстырып өтті. BINOM SCHOOL «Тұран» мектеп-лицейі туралы бейнебаян көрсетіліп, таныстырылды.
Ата-аналармен оқушылардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталып, ішкі тәртіп ережесімен таныстырылды. Атап өтсек, жұмыс тәртібі, оқушы сырт келбетіне қойылатын талаптар, мінез-құлық ережелері, оқушылардың жауапкершілігі, көтермелеу, сабақты қалдырмау ережелері туралы айтылды.
Ата-аналар комитеті сайланды. Комитет төрайымы: Шакеева Жанар Жолмырзаевна.
Мектепте тегін жүргізілетін үйірмелер тізімі және олардың жетекшілері туралы айтылды.
І-тоқсанды ұйымдастыру, яғни, сабақ кестесімен, қоңырау кестесімен, пән мұғалімдерімен таныстырылды.
Үйірмелер туралы сұрақтар көп болды және ата-аналар ағылшын, ұзартылған топ ашуды т.б үйірмелер болса деген ұсыныстарын айтты.
Жиналыс соңында ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, мектеп әкімшілігін қолдады.