• Киіну, түймесі мен сыдырманы салу.
• Аяқ киім бауын байлау.
• Беті-қолын жуып, тісін тазалау.
• Ваннадағы немесе душтағы судың температурасын реттеу.
• Шашын (егер шаш қысқа болса) және денесін жуу.
• Қажет болған жағдайда шұғыл қызметтерге қоңырау шала білу.
8–10 жас • Портфелін жасақтау.
• Сабағын орындау.
• Ыдыс жуа білу.
• Ыдыс жуғыш және кір жуғыш машиналармен, микротолқынды пешті пайдалана білу.
• Сэндвич немесе жұмыртқа тәрізді қарапайым тағам дайындау.
• Еденді жуу.
• Шаңсорғышты пайдалану.
• Үй жануарына қамқорлық жасау.
12–13 жас • Дүкенге азық-түлікке бару.
• Рецепт бойынша тамақ дайындау, макарон, картоп және т.б. пісіре білу, тек өзі үшін ғана емес, сонымен қатар отбасының басқа мүшелері үшін де.
• Жеке гигиенаны сақтау (душ қабылдау, тырнағын алу, іш киімді ауыстыруды және т.б. ұмытпау).
• Қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету.
• Өз уақытын жоспарлау.
• Таңертең мектепке өз бетінше тұру.
• Мектеппен байланысты барлық нәрсеге толық жауап беру (тек сабақ дайындау үшін ғана емес, сонымен қатар үлгерімі, емтиханға дайындығы үшін).
• Қала бойынша өз бетінше жүріп-тұру және қоғамдық көлікті пайдалану.
• Інісін немесе қарындасын тамақтандырып, оларға көмектесу. Бір сөзбен айтқанда, егер олар оның қамқорлығында қалса, отбасының кіші немесе үлкен мүшелері үшін жауап беру.