(Ата - аналармен балаларға арналған музыкалық ойын - сауық кеш)
Мақсаты: Ата - аналар мен балалардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және біріккен шығармашылық жұмысын қалыптастыру, жас ұрпақты өнерге баулу. Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту, сөйлесу мәнерінің тәрбиесін жетілдіре түсу және тапқырлық, өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, эстетикалық талғамын дамыту.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар және оқушылар! Бастауыш сыныптар арасында өзгеше бір мерекелік кеш өтпекші. Оны біз ата - аналармен балаларға арналған «Екі жұлдыз»атты музыкалық ойын - сауық кеш деп атадық. Құрметті қонақтар, ата - аналар, бүлдіршіндер және әріптестер бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Қазір қатысушылар дайындалуда, олар толқу үстінде. Оларды қолдап, қолпаштап әсем әннің ырғағымен ортаға шақырайық!
Жүргізуші: Олай болса музыкалық ойын - сауық кешімізді бастайық. Байқаудың жүрісімен таныстырып кетейін, байқау 3 кезеңнен тұрады:
1 Таныстыру
2 «Жұлдызды сәт!»өз өнерлерін көрсеті сайысы
3«Бәрінен бұрын біз ата - анамыз» атты викториналық сұрақтарға жауап беру
Енді осы байқаудың әділ шешімін беретін әділ - қазы алқаларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1.
2.
3.
4.
1 Таныстыру (музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен, балаңызбен бірге немесе жеке дауыста)
2 «Жұлдызды сәт» өз өнерлерін көрсету сайысы
Қатысушылар еркін тақырыпта өз өнерлерін көрсетеді.(би,ән,т.б)
3 «Бәрінен бұрын біз ата - анамыз» атты викториналық сұрақтарға жауап беру.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар мен сіздерге қазір неше түрлі сұрақтар қоямын ал сіздер толық және шынайы жауап беруге тырысыңыздар (дайынбыз ба әр ата - анаға бір - бірден сұрақ қою)
Жүргізуші: Жарайсыздар құрметті ата - аналар! Сұрақтардың барлығына толық жауап бердіңіздер, сіздерге сұрақ қиын болған жоқ па?.
1 «Анашым әні»орындайтын Марат Омаров. Әннің бірінші жолы орындалады.
2 «Қамажай биі»орындалады
3 «Арыс жағасында»әні композитор Шәмші Қалдаяқов
4 «Жаса, Қазақстан»әні орындалады
5 «Атамекен»әні Ескендір Хасанғалиев
6 «Қошақаным» әні
Асыл тастан, өнер - жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі,
Әрқашан да нанымды,- деп келесі бөлімді бастауға рұқсат етіңіздер
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, оқушылар және кеш қонақтары бүгін Сіздер өте жақсы өнер көрсеттіңіздер.«Өнер – ағып жатқан бұлақ» демекші өнерлі отбасы екендеріңізді тағы бір дәлелдей түстіңіздер, балаларыңызды да өнерге жақсы баулыпсыздар, осы кешке арнайы келгендеріңізге сіздерге көптен - көп рахмет! Қазылар алқасы Екі жұлдыз байқауынын женімпазын аңықтағанша ортамызда әнмен ортаға шақырайық.
Құттықтау сөз кезегін әділ қазылар алқасына беремін:
Жүргізуші:
Адалдықты ту еткен,
Бал жүзінен күн өткен.
Балдырғанбыз бақытты
Бақшамызға гүл еккен.
Болашаққа барамыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Бәсекеде әлемдік
Қазақ атын жазамыз.
Біз сіздермен қоштасамыз, келесі кездескенше күн жақсы болсын, сау болыңыздар!