Ата-аналарға арналған сауалнама.
№
|
Сұрақтар
|
иә
+
|
кейде
0
|
жоқ
-
|
1
|
Сіз жанұяның барлық мүшелері толық құқықты болуы керек деп санайсыз ба?
|
|
|
|
2
|
Балаңыз сізбен бірге үй шаруашылық істеріне араласа ма?
|
|
|
|
3
|
Баланы физикалық жазалау-тәрбиелеу әдісіндегі ең қолайлы (эффективті) әдіс дегенге келісесіз бе?
|
|
|
|
4
|
Баланы жиі мадақтау пайдалы ма?
|
|
|
|
5
|
Сіз балаңызбен әлемдегі болып жатқан жаңалықтармен және жанұялық мәселелерді жиі талқылайсыз ба?
|
|
|
|
6
|
Кейбір тақырыптарды балаларға жария ету аса қажет емес деп санайсыз ба?
|
|
|
|
7
|
Сіздің ойыңызша педагогтар сіздің балаңызға әділетсіз қарай ма?
|
|
|
|
8
|
Сіз жетпеген нәрсеге балаңыздың жетуін қалайсыз ба?
|
|
|
|
9
|
Баланың ата-анасын сынауға құқығы бар ма?
|
|
|
|
10
|
Балаңыздың жанұялық кеңестің шешімін бұзуғы құқысы бар ма?
|
|
|
|
11
|
Жанұяның әрбір мүшесі өз көзқарасын білдіруге құқысы бар ма?
|
|
|
|
12
|
Балаларыңыз сізбен сырласа ма және жеке бас мәселесіне байланысты сізден кеңес сұрай ма?
|
|
|
|
13
|
Баланы дұрыс бағытта тәрбиелеу үшін принциптерге жүгінесіз бе?
|
|
|
|
14
|
Баланың өткен қателіктерін есіне түсіру беру пайдалы ма?
|
|
|
|
15
|
Жанұямда балаларыммен өзара түсінушілік бар деп ойлайсыз ба?
|
|
|
|
Ата-ананың аты-жөні: _______________________________________________
Ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу.
1. Бала сізді тыңдамаса, не істейсіз?
а) оған айғайлайсыз;
ә) әңгімелесесіз, көндіресіз;
б) оның ақталғанына мән бермейсіз, үндемейсіз;
в) оны ұрып тастауыңыз мүмкін;
г) желкесінен ұрасыз;
д) оның кінәсін түсіндіруге ұмтыласыз;
е) басқаша іс-әрекет жасаймын (қандай) _______________________________
2. Сіздің көңіл-күйіңіз болмаса, өшіңізді балаңыздан аласыз ба?
а) жиі;
ә) сирек;
б) ешқашан;
в) айту қиын;
г) басқаша (қандай) _______________________________________________
3. Сіздің балаға айғайлауыңызға, қорқытып-үркітуіңізге, ұрып-соғуыңызға әкелетін себептерді көрсетіңіз:
а) тәрбиелеуге ұмтылу;
ә) балаға қатысты емес ашу туғызатын жағдайдан құтылу үшін;
б) әйеліммен (күйеуіммен) ұрысып қалғаным себепті;
в) балам бір нәрсені талап етеді, сұрайды;
г) балам мені ренжіткенде;
д) ұрып-соғу үшін;
е) өзімнің көзқарасыма оны сендіру үшін;
ж) түсіндіре алмаймын;
з) басқа себептер (қандай) _________________________________________
4. Сіздің кейде баланы ұрып-соғып, үйден қуып, қараңғы бөлмеге қамап қойғыңыз келген сәттер бола ма?
а) иә;
ә) жоқ;
б) ешқашан;
в) айту қиын;
г) басқа (қандай) ________________________________________________
5. Баланың күнәсі ауыр болған жағдайда қандай жаза қолданасыз?
__________________________________________________________________
6. Жазып көрсетіңіз:
Жасыңыз қаншада? _______________________
Отбасыңызда неше бала бар? _________________________________
Олардың жасын көрсетіңіз? _____________________________
7. Сіз бала кезіңізде ата-анаңызды тыңдамаған сәттерде, олар:
а) көндіргісі, сендіргісі келетін еді;
ә) үндемейтін;
б) желкемнен соғып қалатын;
в) ұрып-соғатын;
г) күш қолданатынын айтып қорқытатын;
д) басқаша __________________________________________
Ата-аналарға арналған сауалнама.
Мақсаты: Баланың эмоционалдық ерік-жігерін бақылау және зерттеу.
Балаңыздың аты-жөні: ______________________________________________
Сыныбы: _________________________________________________________
1. Ұйқы.
а) баланың ұйқыға жатуы; баяу, ұйықтар алдында оның қасында отыру; жарықты сөндірмеуі және т.б. ________________________________________
ә) баланың ұйықтауы: қатты, тыныш немесе аунақшып; түнде ұйықтап жатып сөйлейді; ____________________________________________________
б) баланың оянуы: бірден әлде жоқ; қандай көңіл күйде тұрады; ___________
__________________________________________________________________
2. Тамақ ішу тәбеті: тамақты өз еркімен ішеді; таңдап ішеді, бірден ішеді.
__________________________________________________________________
3. Балада қандай жағдайда қорқыныш сезімі туындайды?
жазалау кезінде, үлкендер ұрысқанда, қорқыныштың пайда болуы
__________________________________________________________________
4. Балаңыз ренжігенде қандай жағдайда болады және оның ұзақтығы?
__________________________________________________________________
5. Баланың жақындарына жаны ашуы ______________________________
__________________________________________________________________
6. Үй тапсырмасын орындаудағы ұзақтығы __________________________
__________________________________________________________________
7. Өзінің пікірін қорғап шыға ала ма? Дәлелді табу ерекшелігі (сұрайды, талап етеді, жылайды. т.б.) ___________________________________________
__________________________________________________________________
8. Ойын сәтінде, оқу әрекетінде өз құрбыларына мейірімділігі __________
__________________________________________________________________
9. Жетістік немесе жолы болмаған жағдайда өзін ұстауы _______________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
10. Бала тәрбиелеуде ең басты мақсатыңыз ___________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Ата-ананың аты-жөні: ______________________________________________
Сіз қандай ата-анасыз?
Сауалнама
1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын,келісемін – 3 ұпай
2. Кейде ғана келісемін – 2 ұпай
3. Келіспеймін – 1 ұпай
0-16 – Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру
үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
17-30 – Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда
тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен
әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
31-39 – Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек
түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды.
Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғе үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әртүрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
Ата-аналар жиналысының өтілу жоспары
2020-2021 оқу жылы
№
|
Мазмұны
|
Мерзімі
|
Жауапты
|
1 мәжіліс
|
1
2
3
|
Өткен оқу жылы бойынша қорытынды
Баяндама
«Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»
Ата-аналар комитетін сайлау.
|
қыркүйек
|
сынып жетекші
|
2 мәжіліс
|
1
2
3
|
«Мектеп, ата- ана, оқушы арасындағы байланыс»
Психологиялық тренинг
І тоқсан қорытындысы
Әр түрлі мәселелер
|
қараша
|
Сынып жетекші
|
3 мәжіліс
|
1
2
3
|
Баяндама «Кітап — ұстаз, ақылшы дос»
ІІ тоқсан қорытындысы
Әр түрлі мәселелер
|
қаңтар
|
Сынып жетекші
|
4 мәжіліс
|
1
2
3
|
«Отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі» баяндама
ІІІ тоқсан қорытындысы
Әр түрлі мәселелер
|
сәуір
|
Сынып жетекші
|
5 мәжіліс
|
1
2
3
4
|
«Жазғы каникул кезіндегі еңбек пен демалыс»
Ата-аналар комитетінің жылдық есебі
ІV тоқсан қорытындысы
Әр түрлі мәселелер
|
мамыр
|
Сынып жетекші
|
|
|
|
|
|
Ата-аналар жиналысының өтілу жоспары
2019-2020 оқу жылы
№
|
Мазмұны
|
Мерзімі
|
Жауапты
|
1 мәжіліс
|
1
2
3
|
Өткен оқу жылы бойынша қорытынды
Баяндама
«Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері»
Ата-аналар комитетін сайлау.
|
қыркүйек
|
сынып жетекші
|
2 мәжіліс
|
1
2
|
І тоқсан қорытындысы
Әр түрлі мәселелер
|
қараша
|
Сынып жетекші
|
3 мәжіліс
|
1
2
3
|
І жартыжылдықтың қорытындысы
«Ата-ана және мектеп арасындағы байланыс» пікір алмасу
Ағымдағы жұмыстар
|
қаңтар
|
Сынып жетекші
|
4 мәжіліс
|
1
2
3
|
ІІІ тоқсан қорытындысы
«Әкем, шешем және мен» интенлектуалдық ойынын өткізу
Әр түрлі мәселелер
|
сәуір
|
Сынып жетекші
|
5 мәжіліс
|
1
2
3
4
|
ІV тоқсан қорытындысы
Ата-аналар комитетінің жылдық есебі
«Жазғы каникул кезіндегі еңбек пен демалыс»
Әр түрлі мәселелер
|
мамыр
|
Сынып жетекші
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |