АқТӚбе мемлекеттік педагогикалық институты физика –математика және жаратылыстану факультеті Химия кафедрасы «Бекітемін»



Pdf көрінісі
бет74/177
Дата24.07.2020
өлшемі1,62 Mb.
#75562
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   177
Байланысты:
him0902201613 (1)

Жоспар
1. Тест тапсырмаларына қойылатын талаптар 
2.  Химиялық  реакциялар  күкірт  қышқылын  ӛндіру  тақырыптарына  арналған  тест 
тапсырмалары. 
3.  «Периодтық  заң.  Менделеевтің  периодтық  жүйесі.  Атом  құрылысы»  тақырыбы 
бойынша тест тапсырмалары.   
Тест тапсырмаларына қойылатын талаптар. 
    Қайсы  бір  пән  болмасын  тестілеу  әдісі  оқушы  немесе  студенттік  білім  деңгейін 
тексеруде маңызды, тиімді және негізгі әдіс болып отыр. Соңғы кездері тестілеу арқылы 
білім тексеру әдісі және тест тапсырмаларының мазмұны кӛптеп сыналуда, дегенмен бұл 
әдіс  алдағы  ууақытта  да  кеңінен  қолданыла  беретіндігі,  жетілдіріле  беретіндігі  даусыз. 
Оның себебі: біріншіден, тест тапсырмаларын орындауға уақыт аз кетеді, мұғалімнің  де 
оқушының да уақыты үнемделеді. Екіншіден, әр оқушыға жеке  пән бойынша әз білімінің 
объективті  бағасын  алады.  Ҥшіншіден,  тест  тек  білім  тексеріп  қана  қоймай,  оқыту 
функциясын  атқаратындықтан  әрбір  тестілеуден  кеиін  оқушы  білімі  тереңдей  түседі. 
Себебі  оқушы  дұрыс  жауапты  таба  алмаған  жағдайда  оқулықтағы  сәикес  тақырыпты 
қайталап  оқиды,  пысықтайды.  Тӛртіншіден,  кейінгі  кездегі  тест  тапсырмалары 
деңгейленіп  берілуде:  I  деңгей  –  тану,  II  деңгей  –  жаңарту,  III  деңгей  –  білімді,  білікті 
және  дағдыны  ұғына  отырып  қолдану.  Сондай-ақ  IV  деңгей  –  шығармашылық  деңгей  – 
оқушы білімінің ең жоғары деңгейі, терең білім кӛрінісі болып табылады. 
    Инновациялық режимде жұмыс істейді мектептеріміз әр түрлі деңгейлі диогностикалық 
тестілеу  әдісін қолдануда. Оның басты мақсаты  – деңгейлеп  саралап оқыту жүйесіндегі 
оқушының  білім  және  білігінің  ӛсу  динамикасының,  сондай-ақ  оқыту  үрдісіндегі  жеке 
тұлғаның күйін және даму дәрежесін анықтау. 
    Тестінің  нағыз  жалпы  анықтамасын  былай  тұжырымдауға  болады:  тест  –  берілген 
деңгейдегі  әрекеттің  орындалуына  және  бағалау  (эталон  )  тәсіліне  берілетін  тапсырма, 
яғни    тест  =  тапсырма  +  эталон.  Оқушы  ӛз  жауабын  эталонмен  салыстыру  арқылы 
тапсырманың  орындалу  сапасын  қорытындылайды.  Эталонсыз  тест  кәдімгі  қарапайым 


бақылау  сұрағы  немесе  объективті  бағасы  жоқ  тапсырма  болып  қалады.  Атап  айтсақ, 
эталон бағаның объективтілігін қамтамасыз етеді.  
    Бір қарағанда тест құрастыру жеңіл кӛрінгенмен оған қойылатын бірқатар талаптар бар. 
Олардың  ең  маңыздыларының  біріне  тестінің  негізділігі  (адекваттылығы,  әрекеттілігі, 
сенімділігі)  –  тест  мазмұнының  оқытудың  мақсатына,  тексерілетін  білімге,  яғни  білім 
сапасына сәйкес келу талабы жатады. 
    Бұл  ӛте  жоғары  талап  –  білімнің  жан-жақты  және  толық  тексерілу  талабына  жақын. 
Тест  әсерін  сандық  бағалау  үшін  статистикалық  әдістер  қолданылады.  Ол  үшін  бір 
сыныпта бір тақырып бойынша білім тексеру әрі тестілеу арқылы тексеріліп, нәтижелері 
салыстырылады.  Тестінің  орындылық  (релеванттылық)  талабы  да  негізділік    талабына 
жақын. 
    Орындылық дегеніміз тест тапсырмаларының  мазмұнының ӛтілген оқу материалының 
мазмұнымен сәйкестігі.  
    Сенімділік  –  тестінің  тең  бағалы  нұсқалары  арқылы  бірнеше  рет  білім  тексергенде 
тәтижелерінің  тұрақты  болу  талабы.  Тестінің  деңгейлік    (жіктеу)  күшінің  болуы  -  әрбір 
оқушының  ӛз  білім  дәрежесіне  сәйкес  тапсырмаларды  орындауына  жағдай  туғызатын 
талап. 
    Егер  оқушылардың  басым  кӛпшілігі  тестіні  түгел  орындаған  немесе  орындай  алмаған 
болса,  тестінің  деңгейлеу  күші  тӛмен  болғаны  және  тест  тапсырмаларының  дұрыс 
құрастырылмағаны кӛрсетеді. Яғни тестінің деңгейлік күші тапсырманың қиындығы және 
оқушылардың  оны  орындауға  шамасы  келетіндігі  немесе  келмейтіндігі  тығыз 
байланысты. Негізінде тест қиын болуы тиіс, бірақ оның қиындығы жіктегіш қабілетінің 
аумағынан шығып кетпеуі керек. Тестінің қол жетерлік болуы ондағы сұрақтың түсінікті, 
дұрыс қойылуымен байланысты. 
    Тестінің қарапайым болу талабы, яғни нені сұрап тұрғанын, нені орындау керектігін дәл 
тұжырымдап  беру  –  білім  тексерудің  тиімділігінің  іс  жүзіндегі  ең  маңызды  шарты. 
Тестінің  бірмәнділігі  –  бір  оқушыны  кӛп  мұғалім  тексергенде  бірдей  бір  ғана  баға  қою 
талабы, яғни бақылаудың объективтілігі. 
    Кейінгі  кездегі  аталған  талаптарға  қоса  тестінің  диагносттикалығы  жайға  талапқа 
ерекше  мән  берілуге.  Бұл  талап  бойынша  бӛлек-бӛлек  тапсырма  бермей,  кӛп  сұрақты 
бойынша  жиған  бір  ғана  тапсырма  арқылы  үлкен  бір  тақырыпты  немесе  бүкіл  білім 
жүйесін тексеруге де болады.  
    Сұрақтың немесе тестінің диагностикалық салмағын мына формула бойынша анықтауға 
болады:  Д  =    А/Б,  мұндағы    А  –  берілген  тақырып,  бӛлім,  білім  жүйесі  бойынша  жауап 
берген  барлық  оқушылар  саны,  ал,  Б  –  берілген  сұраққа  немесе  сұрақтар  тобына  дұрыс 
жауап  берген  оқушылар  саны.  Мысалы,  егер  оқушы  аммони  дигтдрофосфатының,бар 
қышқылының  немесе  мыстың  гидроксокарбанатының  формулаларын  табу  сияқты  қиын 
тапсырманы  орындай  алса,  онда  ол  кальций  оксиды  немесе  кремний  қышқылының 
формуласын  жазып  беретіндігі  даусыз,  демек  ол  оқушыға  ондай  сұрақты  бермесе  де 
болады.  
    Тест  тапсырмаларын  құрастырғанда  сұрақты  беру  реттілігін  сақтаудың  маңызы  зор. 
Сұрақты  беру  реттілігін  логика  ғылымына  және  бақылаудың  мақсатына  қарай  отырып 
анықтау  керек.  Егер  тексерудің  мақсаты  оқу  материалын  толық,  терең  игерген 
оқушыларды  анықтау  болса,  бірінші  ретте  қиын  тапсырмалар  тұруы  тиіс.  Тексерудің 
сенімділігіне сұраққа берілген жауаптардың саны әсер етеді. Жауап саны аз  (2–3) болса, 
кездесоұ  дұрыс  жаууапты  таңдау  мүмкіндігі  артады.  Дұрысы  –  4-5  жауап  берілген  8-12 
сұрқтардан тұратын тапсырмалар.  
    Таңдауға  берілген    жауаптар  санының  ӛте  кӛп  болуы  дұрыс  жауапты  кездесоқ  табуды 
қиындатқанмен  тестілеуге  және  тексеруге  уақыт  кӛп  жұмсалады.  Оқушылардың  кӛп 
жауаптың  ішінен  таңдау  қиындығының  кесірінен  дұрыс  жаупты  таңдайтындығын  жиі 
кездестіреміз.  Осындай  кемшіліктерді  болдырмас  үшін  ешқандай  зияны  жоқ  : 
«білмеймін», «дұрыс жауабы жоқ» деген сияқты жауаптарды берген дұрыс.  


    Сұрақтардың  жауаптарының  дұрыс  емес  және  ӛтірік  болуы  –  тестілеп  тексерудің  ең 
үлкен  кемшілігі.  Білім  тексеру  кезінде  оқушының  зейіні  күшейеді,  жауаптарды  таңдап, 
таңдау  кезінде  дұрыс  емес  жауапты  таңдағанды  ол  жауап  оқушы  жадында  дұрыс  жауап 
ретінде ұзақ сақталып қалуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет