Қатемен жұмыс. Қазақ киносының атасы Шәкен Айманов 100 жаста



Дата17.04.2017
өлшемі48,72 Kb.
#14159
Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Қазақ киносының атасы – Шәкен Айманов 100 жаста

Сабақтың  мақсаты:



Білімділік: Оқушылардың бұрын алған білімдерін қайта жаңғырту, толықтыру. Кино өнерінің тарихы туралы мәлімет беру,  Шәкен  Аймановтың өмірі мен қазақ өнерінде жасаған еңбектерін насихаттау.

Дамытушылық:  сөздік қорларын байыту, тіл байлығын кеңейту. Ес қабілетін (еске түсіру, қайта жаңғырту процестері) дамыту, бойындағы табиғи таланттарын ұштау.

Тәрбиелік:. Ұжымшылдыққа,кішіпейілділікке, сөз саптауға тәрбиелеу.  киноның тәлім – тәрбиесін, маңызын түсіндіру, ой-өрістерін дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, отандық киноға деген көзқарастарын байқап, оған деген сүйіспеншілікке баулу. 

Сабақтың негізгі әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, іздену, талдау, пікірталас  сұрақ –жауап, карточка, сөздік жұмысы, мазмұндау. 

Сабақтың түрі: танымдық сабақ, сайыс сабақ 

Сабақтың типі: Бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша білімдерін тексеру және бекіту.

Көрнекілігі: тірек-сызба, карточкалар,слайдтан актер, режиссердің портреттері, қазақ киносынан үзінді көрсетіледі. 

                                             Қорға біздің азат күнді,

                                             Ал жауынгер қаруыңды балдырған.

                                             Ол- қаруым қазақ тілі,

                                             Байлық та сол ата-бабам қалдырған.

                                                                                         (Ж. Молдағалиев)
І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 

1.Тапсырмалар орындау


ІІІ. Жаңа тақырып.

ІҮ. Үйге тапсырма беру 

Ү. Сабақты қорыту, бағалау 

Ұйымдастыру кезеңі 

- Сәлеметсіздер ме ! Отырыңыздар. Бүгін сабақта біз  бұрынғы өтілген тақырыптар бойынша білімдеріңді тексеріп, бекітеміз де, қазақ  кино өнерінің тарихы туралы айтып, Ш. Аймановтың өмірі туралы танысамыз.

 Бүгін біздің сабақта 2 топ отыр. Қазір топ басшылары өз топтарын таныстырады.Әр топ бірнеше сұрақтарға жауап береді.

Достар тобына :Қазір қандай жыл мезгілі? Қыс мезгілінің айларын кім атайды? Желтоқсан айында қандай мерекелерді атап өтеміз? Тәуелсіздік күні қай жылы қабылданды? Тәуелсідік күніне қандай сыйлықтарың бар? (өлең « Үш бақытым»)

Тұлпар тобына:Сендердің Отандарың  қандай ел? Қ.Р. неше облыс бар? Қ.Р. неше аудан бар? Елордамыз қандай қала? Қ.Р. Мемлекеттік тілі қандай тіл? Біздің ел тәуелсіздік алғалы неше жыл болды? Тәуелсідік күніне қандай сыйлықтарың бар? (өлең М. Шаханов «Төрт ана»)

 Сабаққа жақсы қатысып отыратын студенттер,  бағалау парағына бағаларын қойып отырсын,  сол арқылы бағалаймын, ендеше іске сәт! 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 

1.тапсырма мақал – мәтелдерге керекті сын есімдерді қою.

1 топ


  1. Жаман достан жақсы дұшпан артық.

  2. Ақымақ күлкіге тоймайды, жалқау ұйқыға тоймайды.

  3. Қайғысыз  адам қара суға семіреді..

  4. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

2 топ

  1. Ащы еңбектен тәтті нан.

  2. Ақылды арын қорғайды, Сараң малын қорғайды.

  3. Ауыр істің салмағы білекке түсер, Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер.

  4. Әдепті бала – арлы бала.Әдепсіз бала – сорлы бала.

 ІІІ. Жаңа тақырып.

28 слайд Кино өнері.

6.тапсырма Мәтінді түсініп оқу. Сұрақтар құрастыру

Қазақ халқының ең жас өнері – кино. Ол өзінің тарихын 1938 жылы шыққан «Аманкелді» фильмінен бастайды. Кино – өнер ғана емес, ол – күрделі өндіріс. Киностудия –  әуелі түрлі фильмдер жасайтын  фабрика деп аталған.Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда біріккен  Орталық киностудиясы жұмыс істеді.

Сұрапыл соғыс жылдары «Жауынгер ұлы», «Алып тұрған ән», «Абай әні», «Домбыра үнін естігенде қазақ фильмдері шыққан. Қазақ кинематографиясы карышты қадам жасап, елеулі еңбектер туындатты.

Белгілі суретші, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» және «Ақсақ құлан» фильмдерінің авторы – Ә. Хайдаров. КСРО халық әртісі, режиссер Шәкен Аймановтың басшылығымен  қазақтың  ұлттық өнерінде комедия жанры қалыптасты. «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе» ән мен  музыка, әзіл мен қалжың толы фильмдері өмірге келді.

29 слайд

Енді, тақырыбымызға сай берілген сөздерді дұрыс айтып, сөздік дәптерімізге көшіріп алайық. Менен кейін қайталап отырыңдар: 

Сөздікпен жұмыс 

Шакен Айманов туралы фильм.

Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964). Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.

Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. 1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.

Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты.1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.

Бір тумасы киелі жер Баянның

Өнерге де  құлаш ұрған дананың,

100- жасқа келді міне халайық,

Шәкен  - дархан дарыны бір даланың.

Керілгенде кинода бір кереге,

Сұсындатқан қазағымды өнерге,

Шәкен – мәңгі сөнбейтұғын бір жұлдыз.

Өнердегі өмірі бір өнеге.

7.тапсырма «Шәкен Айманов кім?» кластер құру

8. тапсырма Капитандар сайысы

І тобына сұрақтар



  • .Үйге тапсырма беру Мәтінді мазмұндау, сөздерді жаттау.
    Ү. Сабақты қорыту, бағалау.

Каталог: uploads -> doc -> 06f3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06f3 -> Сабақ: 2 бөлім. Тірі табиғат Тақырып:Өсімдік. Күні
06f3 -> Әдебиеттік оқу. 4-сынып. Тақырыбы: Бата. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет