Аты-жөні : Тулепова Гүлмира Набидоллақызы Туған күні: 1978 ж 16-наурыз



Дата11.07.2017
өлшемі272,59 Kb.
#21129
түріДиплом

Аты-жөні : Тулепова Гүлмира Набидоллақызы

Туған күні: 1978 ж 16-наурыз

Мекен-жәйі: Жаңақала ауданы

Жұмыс орны қызметі: Жаңақала жалпы орта білім

беретін мектебі оқу-тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары.

Мұғалімдік: 19 жыл

Лауазымдық еңбек өтілі: 13 жыл

Білімі,бітірген оқу орны,жылы:

Пед.колледж 1993-1997жж үздік диплом

БҚМУ 1999-2002 жж үздік диплом

Диплом бойынша мамандығы: “Жоғары кәсіби білімді бастауыш

сынып мұғалімі”

Санаты: жоғары

Білімін көтеруі: Республикалық РБКБЖИ желтоқсан 2004 Алматы

Оқу –ісі орынбасары”



Облыстық :2004ж маусым “Оқу-ісі орынбасары”

2008 ж маусым “12 жылдық білім беру”

2010 ж қыркүйек “Өзін-өзі тану”

2013 ж тамыз «Бастауыш сынып»

2016 жыл сәуір «Жаңартылған білім мазмұны»

Марапаттаулар: Алғыс хат АББ 2002 жыл

Аудан әкімінің құрмет грамотасы 2007 жыл

Құрмет грамотасы “Нұр Отан” 2011 жыл

«Алғыс хат» Аудандық білім беру бөлімі 2016 жыл

Кәсіптік байқаулар: Аудандық “Жыл -мұғалімі” 2002 жыл жүлделі ІІ-орын

Аудандық “Ең үздік ауыл мұғалімі- 2003 жыл” әдіскер ұстаз бағамы. Облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпидасына қатысушы 2009 жыл

Республикалық “12 жылдық білім беру жағдайындағы менеджмент ”

атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда

12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім” баяндамасын оқып, жинаққа енді.



Аудандық «Өз ісінің шебері-2013» байқауында І орын

Интернет олимпиада-2015 үздік нәтиже

Орыс сыныбындағы қазақ тілі 3-сынып

Сабақтық тақырыбы:

Сөздің түбірі,жалғауы туралы жалпы түсінік. Дүниетану пәні



Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі:. Сөздің түбірі, жалғауы туралы қарапайым түсінік беру; Дүниетану пәні туралы білгендерін арттыру;

Ә) Тәрбиелілігі: Бірлесіп жұмыс жасауға, құрбыларының пікірімен санасуға үйрету; Кішпейіл болуға, бір-біріне көмектесуге баулу;

Б) Дамытушылығы: Орыс сыныбындағы оқушылардың қазақша сөздік қорын дамыту; тапқырлыққа, білімпаздыққа, ізденімпаздыққа баулу;құстар туралы біліктерін арттыру;

Сабақтың әдісі: Көрнекі, сұрақ-жауап, рефлексивті

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, ертегі сабақ

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика, музыка

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, глобус, т.б.

Күтілетін нәтиже: Түбір, жалғау туралы түсініктер қалыптасады. Сөздік қорлары молаяды. Табиғат туралы, құстар туралы ой түйеді. Жаңа ертегі үйренеді.

Сабақтың барысы:



І Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып, көңі-күйлерін сабаққа аудару


Психологиялық дайындық

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты бүгін күн.

Бәріміз дос болайық,

Бәріміз тату болайық!

ІІ Өткенді қайталау


  • Қазақ тілінде қанша әріп бар?

  • Жалпы дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстардың қандай түрлері бар?

  • Жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды атап беріңіздерші.

  • Қазақ тілінің төл дыбыстары қандай?

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

4-жаттығу Сөзжұмбақты шешу (Жауабы: Жиырма. Тәуелсіздікке 20 жыл туралы білгендерін сұрау. Тақпақтарын тыңдау )



ІV Жаңа сабақ

Проблемалық сұрақ: Мектепке не үшін келесіздер?

Қандай пәндерді оқисыздар?

Қай пән ұнайды?

Мектеп өмірі туралы, мектептегі пәндер туралы айтып өту.

1 жаттығуға назар аударайық. Суретте не берілген?

1 Бұл қай сабақ?

2. Балалар не оқып отыр?

3. Дүниетану сабағында оқушылар немен танысады?

(Суретке қарап, шағын әңгіме құрастыру)

Дүниетану пәнінің ерекшелігі туралы айту.


V Қызығушылықты ояту

Бүгін бізде экологиялық ертегі сабақ. Сендер қандай ертегілерді білесіздер?

Ертегіде жануарларда, құстар да ағаштар да айналамыздағы қоршаған табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді.

Ерте-ерте ертеде, жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті. 20 жыл өтіп ер жетіпті. 30-да бұғанасы бекіпті. 40-та кемеліне келіпті де 50-ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт түскен соң терек ауыра бастайды.



  • Ух, жаным-ай? Енді не қыламын. Құрт ауруына шалдықтым. Бұтақтарым сырқырайды. Жапырақтарым сыздайды. Жәрдем ете көріңдер- деп терек күні түні зарлай береді. Оның дауысын естіп Ақ көгершін ұшып келеді.

  • - Терек ата ауруыңыз жаман екен, мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін- деп ұша жөнелді.

  • Балалар , көгершінмен бірге біз де терекке дәрігер іздейік. Ол үшін мына тапсырманы орындайық.

Жаңа тақырып: Түбір және қосымша туралы оқушыларға түсіндіремін.


Түбір

Жұрнақ

Жалғау

2-жаттығу

Мәнерлеп оқып, жаттау. Қарамен жазылған сөздерге талдау жасау.

(Қарлығаштың, маңға, орманға)

Біз теректі емдейтін дәрігер іздеп келеміз. Енді көгершінмен бірге әрі аттанайық. Көгершін ұшып келе жатып, құйқылжыта ән салған бұлбұлға кездеседі. Бұлбұлға келіп, теректі емде дегенді айтады.


  • Кешір, көгершін! Маған ренжіме, менің өз кәсібім бар ғой.Менің әнімді ормандағы аң-құстар түгіл адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра -дейді бұлбұл.

Бұлбұлдың тілегін орындап, сөздікпен жұмыс жасайық.

VІ Сөздікпен жұмыс

Дүниетану-познание Өсімдік-растение

Жануар- животные Қоршаған орта- окружающий мир

Қарағаш-карагач Ысырап-расточительность

Қамқор-заботливый

(Әр сөзге түсінік беріп, ауызша сөйлем құрату)

Көгершін ұшып келе жатып, айдын көлде сыланып жүзген аққуға келеді. Оған теректі емдей көр деп өтініш айтады. Сонда аққу :

- Мен қасиеттіде киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді. Ақыл-кеңес сұрайды. Мен саған ақыл айтайын. Әуелі менің тапсырмамды орындаңдар.

3-жаттығу Жақша ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді оқы
Аққудың ақылы: Сен орманда үйсіз, күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар. Солардың бірін тап та, өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі теректі емдеуге көмектесіп қалар-деді.

Көгершін аққудың ақылын тыңдап, ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс келіп, теректі емдеп жазған екен



Проблемалық сұрақ: Ол қандай құс деп ойлайсыздар.

- Олай болса бүгінгі ертегіге қандай ат қоюға болады? (Оқушылар өз ойын айтады)

-«Тоқылдақ-орман дәрігері»

- Содан бері әлгі терек жайқалып өсіп тұр екен. Тоқылдақтар ағаштарды құрт-құмырсқадан , шіруден сақтайды екен. Ал жасыл өсімдіктерді, ағаштарды, құстарды күтсек, олар біздің денсаулығымызға пайдасын тигізеді.

4-жаттығу Суреттегі құстардың атын жазу.

Өзіндік жұмыс 5-жаттығу
VІІ Шығармашылық тапсырма: Сөз құра

Т Ң



Ж А

Ш С
У



VІІІ Грамматикалық тапсырма

Төмендегі сөздерді дұрыс құрастырып, альфавит бойынша жаз:

Йесме, орла, разта, атасна, атымла т.б. (қандай сөздер пайда болды?)
ІХ Қорытынды

  • Бүгінгі сабақта не туралы айттық? Қандай ертегінің желісімен өтті? Мағынасын ашу.

Х Үйге тапсырма

6-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін табу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет