Негізгі бөлім
Жалпы, өткен жылы және осы жылдың бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет министрлікке тікелей бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының тоғыз лауазымды адамына қылмыстық іс қозғады, оның ішінде жеті адам сотталды.
Биыл денсаулық сақтау министрлігі жүйесіне енген санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бұл көрсеткіш бойынша өз нәтижелерімен қуантпайды. 2016 жылдан бастап Санитариялық-Эпидемиологиялық қызметінің мамандарына он бір қылмыстық іс, оның ішінде төрт басшылары сотталды. Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Біріншісі - бұл қаржы-шаруашылық қызметтегі, атап айтқанда дәрілік нәрселерді, медициналық жабдықтарды, тамақ өнімдерін сатып алу және басқа да сатып алу кезіндегі бұзушылықтар.
Бұзушылықтардың екінші тобы бақылау-қадағалау және рұқсат беру функцияларын жүзеге асырумен байланысты .Үшінші топ біліктілік санатын, мамандарды аттестаттау кезінде сертификаттарды алумен байланысты. Бұзушылықтардың төртінші тобы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін жеткізушілерді таңдаумен және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды, тамақ өнімдерін сатып алуды жүзеге асыру кезінде байланысты.Біз біріншіден, денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық орын алып отырғанын және ол, өкінішке орай, осындай қауіпті мөлшерге ие екендігін және өсіп келе жатқанын мойындаймыз. Бұл ретте екі бағыт, екі фактор, екі сала бар. Бұл-денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік шенеуніктер,мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар арасындағы жемқорлық.
Медицинадағы жемқорлыққа байланысты кейбір мамандар дұрыс білім алмай болашақта Қазақстанның дамуына әсерін тигізуі мүмкін.Сондықтан 2019-шы жылдан бастап сырттай оқу түрін жою деген бұйрықты дұрыс деп санаймын. Әсіресе медицина саласын оқып жатқан студенттерге сырттай оқу түрін ұмыту қажет.
Бұл эссені зерттеу үшін Мен "Google Forms" қызметін қолдандым, медицина саласындағы ең маңызды мәселелерді өзім үшін бөліп, сауалнама үшін сұрақтар дайындадым. Қарапайым азаматтар арасында сауалнама өткіземін. Мен қазіргі заманғы денсаулық сақтауға адамдардың қаншалықты қарайтынын білу қызықты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |