Атырау қаласы
№ 24 орта мектептің
тарих және құқық пәнінің мұғалімі
Бисенгалиева Мария Кайржановна
Тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік – ел бақыты»
Жүргізуші 1
Құрметті ұстаздар қауымы, ата – аналар, оқушылар! Бүгін сіздермен біздер үшін еңсесі биік еліміздің атаулы мерекесі – Тәуелсіздік мерекесі. Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылған Тәуелсіздік егемендік күні – мерекесіне арналған 8в сынып оқушыларының «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты ашық тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
1-оқушы:
Отанды біз Атамекен деп аялап айтамыз,
Өйткені мекен еткен бабамыз бен атамыз!
Жүргізуші 2
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл Желтоқсан көтерісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рұсқұлбеков, Ербол Сапатаев, Ләззәт Асанова, Сәбира Мұхамбетжанова т.б. сынды боздақтары, апаларымыз бен ағаларымыз тәуелдік жолында жанын қыйды. Соларды еске алайық.
(1 минут үнсіздік жарияланады)
2-оқушы:
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге бұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззәт, Ерболдың
Тас көшеде тас – талқан боп өлгені.
3-оқушы:
Желтоқсанның құрбандарын мәңгілік
Жадымызда сақтаймыз жандырып.
Ләззәт Қайрат, Сәбира есімдерін ән қылып,
Елімізде қалдырамыз мәңгі қып!
Жүргізуші 1
Ән: «Қара бауыр қасқалдақ»
Орындайтындар: Сынып ұл – қыздары
4-оқушы:
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы
Нұрын жерге төгіп тұр
Жылдарымыз жайдары.
Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қыранда еркіндеп
Бала өседі талантты.
Жүргізуші 2
«Қыз өссе – елдің көркі» енді тамашалайтындарыңыз қыздар биі
«Сұлтан биі»
Орындайтындар: Қыздар тобы
Жүргізуші 1
Қос ішектің бірін қатты
Бірін сәл – пәл кем бұра
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра!
Күй: «Балбырауын»
Орындайтын: Сынып қызы
5-оқушы:
Қазақстан – өз Отаным, жыр – әнім,
Азаматтық пен бірлік – берік ұраным.
Жаса мәңгі, кең тамыр жай әлемге
Ту еткін де тыныштықтың тұрағын.
6-оқушы:
Зеңгір аспан көгінде,
Алтын күнім төрімде
Тамылжытып төгіп тұр
Шаттық сыйлап көңілге.
7-оқушы:
Арманға ақыр жеттік ел болдық та егемен,
Ойда жоқта түскен жоқ қой ел төбеден.
Тарихи сол күрестердің тартуы ол,
Аруақ қолдап, әділ шындық жебеген.
Жүргізуші 2
Біздер бүгін Отан жайлы жырлаймыз,
Мерекенің қарсаңында текке қарап тұрмаймыз.
Бәріңізді, бәріңізді құттықтап
«Туған жер» әнін сыйлаймыз
Орындайтындар: Сынып қыздары
8-оқушы:
Сен неткен, Отан Анам ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін
Жайнай бер, ұлы Отан, қазақ елім!
9-оқушы:
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің!
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің!
Жүргізуші 1
Ән: «Мен қазақ»
Орындайтындар: Сынып ұлдары
Жүргізуші 2
Ән: «Қазағым менің»
Орындайтындар: Сынып қыздары
10-оқушы:
Ата заңым
Тәуелсіз таң нұрлы үміт,
Ортақ бізге қоғамдағы игілік.
Ақиқаттың аппақ жолын аттамай,
Жүрер халқым Заңым сені ту қылып.
11-оқушы:
Ел бастаған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін, тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
Жүргізуші 1
Өнер деп соққан жүрегі,
Өнерлі өрге жүзеді.
Қазақытың биін билейтін
Өнерпаз ұлан біз едік.
Би: «Қара жорға»
Орындайтындар: Ұлдармен қыздар
12-оқушы:
Қазақстан – қасиетті гүл бағым,
Бақытыңды, шаттығыңды жырладым.
Тәуелсіздік таңы болсын баянды,
Саған ғана кеудемдегі нұр жалын!
13-оқушы:
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер тамған
Билігім өз қолымда
Еркіндігім – ЕЛТАҢБАМ!
Жүргізуші 2
Ән: «Оз елім»
Орындайтындар: Сынып қыздары
14-оқушы:
Таңдай қаққан шарттарап,
Көк тауымдай барма бақ?!
Қыран самғап барады
Күнді йыққа арқалап!
15-оқушы:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көгілдір,
Ортада аспан әлемі.
16-оқушы:
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек баладығы ең кіші.
Рәміздерім – Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген – жөн кісі.
Жүргізуші 1
Ән: «Ақ көгершін» (Хор)
17-оқушы:
Өзіндігі туын да,
От пен ауа суың да,
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буын да.
Жүргізуші 2
Ән: «Қазақ елі»
Орындайтындар: Сынып кыздары
Жүргізуші 1
Би: «Адай биі»
Орындайтындар: Сынып қыздары
18-оқушы:
Ақ ордам, менің Астанам,
Еңсесі биік басқадан
Көркейеді күн санап,
Арқа төсі жас қалам.
19-оқушы:
Атырау – өлке аршындай түскен қадамы,
Бауырын басқан алуан ұлттың адамы
Атырау бүгін – өрен де өрен істердің
Қанатын жая қарқындап жатқан алаңы.
Шұбар ту ұстап Исатай менен Махамбет,
Еңсесі биік ерлердің басын қосқан жер.
Жүргізуші 2
Ән: « Алтын бесік»
Орындайтындар: Сынып қыздары
20-оқушы:
Халқым менің, саған қарап жұбаным,
Тарих беті қатар – қатар бұралаң.
Талай зардан қайғы – мұнның соңынан
Егемендік алғаныңа қуанам.
21-оқушы:
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін.
Ақ түйенің қарны міне жарылды,
Бәрі бірге: «Тәуелсіз ел Қазақстан»
Жүргізуші 1
Ән: «Атамекен» (Хор)
22-оқушы:
Тәуелсіздік баянды болсын!
Жүргізуші 2
О, шіркін, менің тілім тұйық тұрса,
Күллі әлем мен сөйлесем ұғып тұрса.
Жер – жердің бәрі көшіп қазақшаға,
Картаны байырғы ұғым толы
Жүргізуші 1
«Тәуелсіздікке – 23 жыл» (Көркем сөз оқылады)
Жүргізуші 2
Ән: «Егемен елім»
Орындайтындар: Сынып қыздары
Жүргізуші 1
Ән: «Сәлем саған туған ел»
Орындайтындар: Сынып кыздары
Жүргізуші 2
Міне, Қазақстанның Тәуелсіздігіне 23 жыл мерейлі күніне торқалы тойына арналған 8в сыныбының «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |