Атырау қаласының Жамбыл атындағы №21 орта мектептің I санатты тарих пәнінің мұғалімі Исмуханова Нағима Сәлменқызы
Тақырып:20-30 жылдардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы. 11 сынып Қазақстан тарихы.
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік мақсаты:Оқушыларға кеңестік әдебиет, бейнелеу өнері, музыка өнері, киноматография туралы мағлұмат беру.. 2.Тәрбиелік мақсаты: Өнер қайраткерлердің қызметін айта отырып, оқушыларды саяси саналы,белсенді,еңбексүйгіш етіп тәрбиелеу. 3.Дамытушылық мақсаты.Мәдениетке талдау жасау арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ Сабақтың әдісі: жеке,топпен жұмыс Көрнекілік: Қайраткерлер портреттері,суреттер, сызбалар, интерактивтік тақтаны пайдалану.
Сабақтың жүрісі: I.Миға шабуыл. Немесе Ой түрткі
Мәдениет деген ұғымды қалай түсінесің?
II Мәтінді меңгеру
Жоспар:
1.Кеңестік әдебиет
2.Қазақстандағы бейнелеу өнері
3.Музыка өнері
4.Киноматография
1.1923 жылы 4 желтоқсан «Талап» қоғамы. Мақсаты 132 бет оқулық, талдау.
Мұғалім сабақты түсіндіреді.
2. Топ тапсырмалары
1.Қайраткерді тап:(Интерактивті тақтадан портреттерді көрсетеміз,оқушылар олардың есімдерін тауып, олар туралы қысқаша мағлұмат береді.)
2.Қайраткер мен шығарма (Сйкестендіру)
Сәбит Мұқанов «Қазақ вальсі» музыкалық шығарма
Дмитрий Снегин «Ботагөз» романы
Мұхтар Әуезов «Таңғы сәуле» өлең жинағы
Латиф Хамиди «Жетісу» жинағы
Латиф Ансари «Еңлік-Кебек» спектакілі
3.Әннің авторын тап
Азамат,жүнжіме,жүрме бос
Қол ұстас,бірігіп тізе қос!
Ту ұстап дұшпанға барайық
Теңдіктің ұранын салайық
Тізесін батырған залымнан,
Күн туды біз теңдік алайық!
Жауабы: «Жас қазақ марсельзасы» Сәкен Сейфуллин.
III Рефлексия.
4.Сөйлемді толықтыр
1.Бірінші қазақ балеті «Қалқаман- Мамыр»
2.Белгілі қазақ бишісі Шара Жиенқұлова.
3.Түркістан өлкесінде құрылған қоғам «Талап»
4.»Едіге», «Қобыланды батыр» реакцияшыл,ұлтшыл шығарма деп жарияланды.
5. 1927 жылы 3 наурызда Кеңес тақырыбына жазылған бірінші пьеса «Зарлық» қойылды.
6. 1937 жылы Қиыр Шығыстан Қызылордаға ауысқан театр- корей театры.
5. Бейне сұрақ
1. Құрметті 11 сынып оқушылары, менің сіздерге қоятын сұрағым:
1938 жылы түсірілген тұңғыш дыбысты фильмнің аты және режиссері кім?
Жауап: 1938 жылығы фильм «Амангелді» режиссері М.Левин.
2.Құрметті оқушылар, менің сұрағым:
Тұңғыш кәсіпқой қазақ театры қашан ұйымдастырылды, оның тұңғыш режиссері, тұңғыш спектаклін атаңыздар?
Жауап: 1926 жылы 13 қаңтарда қазақ театры ашылды. «Еңлік-Кебек» спектакілі, тұңғыш режиссер Жұмат Шанин.
6. Тарихи тұлғаны ашу. Жеке тапсырма.
Хабарламалар:
1.Әбілхан Қастеев
2.Әміре Қашаубаев
3.Александр Затаевич
4. АхметЖұбанов
5.Латиф Хамиди
6 .Жұмат Шанин
Үйге П.22-23
Мекен-жайым: Атырау қаласы. Муканова көшесі үй 10 пәтер3
Индекс 060005 телефон 87011340067
Достарыңызбен бөлісу: |