Қосымша ақпарат:
Мемлекет басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезінде сол елдердің Әнұрандары орындалады. Бұл – мемлекеттің екінші мемлекетке ресми түрде көрсеткен жоғары дәрежедегі құрметі. Шетелдегі әртүрлі ресми іс-шараларда, Парламентаралық мәжіліске қатысқан депутаттардың жанында Туымыз тұрады. Шетелдерде Ту екі жағдайда көтеріледі:
- Мемлекет басшысының басқа елге сапары кезінде;
- Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда.
Ойындар мен тапсырмалар:
1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұра
Таң қар Ұн
Аң ар нан
2.Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)
Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)
Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)
Қорытынды.
Расул: Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!
Жүргізуші: Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін.Терең тағлымға толы тәрбие сағатында белсенділік танытқандарың үшін рахмет! Елін сүйер, жерін қорғар, салт-дәстүрді қадірлер азамат болуларыңа тілектеспін .
Достарыңызбен бөлісу: |