Еңселі Елтаңба. Дамир:Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасыболмайды,
Түлігіне дейін салса ен - таңба.
Гауһар:Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам, Баяғыша төріме кеп ілінді.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Жүргізуші: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.