Атыс дайындығы тарауынан әскери жетекшілерге



бет4/11
Дата31.01.2018
өлшемі3,51 Mb.
#36452
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
КАЛАШНИКОВ АВТОМАТЫ
Бұл автоматты жасап шығарушы Михаил Тимофеевич Калашников 1919 жылы туылған. Он тоғыз жасында армияға шақырылады, осы кезден бастап, оның атыс қаруына деген қызығушылығы басталады. Алғашында «ТТ» тапаншасына өзгерістер ендірмекші де болды. Осы жоспарларын Ұлы Отан соғысы бұзды.

Танкілердің Брянск түбіндегі шайқасында М.Т. Калашников ауыр жараланып, госпиталдағы емделуден кейін 6 айға демалыс алып, армияға алынған жері Алматыға келеді. Осы жерде 1942 жылы ол алғашқы автоматын (тапанша – пулеметті) жасап шығарады, оны сынақтан Дзержинский атындағы академияда өткізеді. Атыс қарулары жөніндегі белгілі маман академик А.К.Благонров бұл қаруды сынақта өткізеді. Академик А.К.Благонров өз қорытындысында бұл жас қару жасаушының табиғы дарын иесі екендігін мойындап оған техникалық білім беру керектігін ескертті.

М.Т. Калашников алғашқы сәтсіздіктерден мойымай өз жұмысын жалғастыра берді. Көп қиындықтардан кейін 1947 жылы автомат жасап шықты оны «АК-47» деп атады. Бұл автомат сынақтан сүрінбей өтті. М.Т. Калашниковті 1949 жылы Мемлекеттік сыйлықпен марапаттады.

АК-47 автоматы құрылысы қарапайым, қолдану қасиеті өте жоғары бағаланды, бұған айғақ Вьетнам патриоттарының американ агрессиясына жүргізген ұрыстарында толық дәлелденді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет