Ү. Сергіту сәті. Әр опқа бір- бір математикалық жұмбақтарды беріп, есептік сан есімді тапқызу. Оларды құрамына қарай ажырату.
І топ. Мұз айдында жеті бала
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы баланың
Санын айтсаң жарадың / тоғыз/ ІІ топ. Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің.
Нешеу болды, қане, бол,
Санап шығар кім бұрын. / алты/
ІІІ топ. Тал басында тізіліп
Он жапырақ тұр еді
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? / төрт/
ҮІ. Дамытушылық кезең Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді жазып, қалай түрленіп тұрғанын
анықтаңдар.
Білекті ........ жығар, / бір – есіптік сан есім, -ді – табыс септігі/
Білімді ..... жығар / мың – есептік сан есім, -ды табыс септігі/
.........тістен шыққан сөз / отыз екі – атау септігі, күрделі/
....рулы елге тарайды /отыз –атау септігі, дара/
... бірі –қыдыр, /қырық – есептік сан есім, -тың –ілік септігі/
... атасын білген ер / жеті – есептік, атау септігі/
.. жұрттың қамын жер / жетпіс- есептік, атау септігі/
Ер жігіттің .. сөйлегені өлгені / екі- есептік, атау септігі/
.. кесірі ... тиеді / бір- есептік,-дің –ілік септігі/ , / мың – есептік, -ға- барыс септігі/