Ақтөбе облысының білім басқармасына қарасты «Жиренқопа орта мектебі» кмм-нің «Мектеп Парламенті»


«Мектеп Парламенті» құрамында төмендегідей 8 фракция бар



бет2/6
Дата28.09.2024
өлшемі28,77 Kb.
#205287
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өзінөзі басқару 23-24 оқу жылы (1)

«Мектеп Парламенті» құрамында төмендегідей 8 фракция бар:
1.Құқық және тәртіп фракциясы
2. Ақпарат және баспасөз фракциясы
3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы
4. Қайырымдылық фракциясы
5. Экология және еңбек фракциясы
6. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы
7.Мәдениет және өнер фракциясы
8. Дебат қозғалысының фракциясы

Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзіреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын, жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу мақсатында құрылған «Мектеп Парламенті» ұйымының мүшелері оқу жылы барысында мектепте өткізілген барлық іс-шараларға белсене араласты.


«Мектеп Парламенті» мүшелері зияткерлік іс-шараларға, олимпиадаларға, байқауларға, спорттық жарыстарға, қолөнер байқауларына, пән апталықтарына, ақын-жазушылармен, ел ағаларымен өткізілген кездесулерге, аудандық, қалалық, республикалық маңызы бар олимпиадалар мен байқауларға, қаламыздағы мәдени іс-шараларға, турнирлерге белсене қатысып, жүлдегер атанды.
Ақтөбе облысының білім басқармасына қарасты Жиренқопа орта мектебінің «Мектеп Парламенті» Өзін-өзі басқару ұйымы 2023-2024 оқу жылының қыркүйек-маусым айлары аралығында мектеп ұжымымен бірлесе төмендегідей тізімдегі іс-шараларды атқарып, көшбасшы бола білді:


1.Құқық және тәртіп фракциясы
1.«Жасөспірімдер арасында әлімжеттіктің, құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын алу» тақырыбымен «Мектеп Парламенті» мүшелерінің қатысуымен ұлдар жиналысы өткізілді.
2. «Мейірім-жүректен» айлығы аясында «Қыз тәрбиесі-ұлт мәртебесі» тақырыбында 8-11 сынып қыздарының қатысуымен жиналыс өткізілді.

3. «Зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің, вейп тұтынудың алдын алу» тақырыбымен қыздар жиналысы өткізілді.


4. "Патриотизм дауысы" тақырыбымен мемлекеттік Əнұранды жаппай орындау челленджі ұйымдастырылды.


5.Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің "Өзін-өзі басқару" органдарын дамыту тұжырымдамасына сəйкес 2023 жылғы 21 қазан күні мектебімізде биылғы оқу жылындағы "Мектеп Парламенті" көшбасшысын анықтау мақсатында сайлау өткізілді.


6. 2023 жылғы 27 қазан күні "Мектеп Парламенті" Президентін ұлықтауға арналған салтанатты жиын өткізілді.


7. 5-ші сынып оқушылары Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылданды.


8. «Басталар әр қадамың аттауменен, жол жүру ережесін сақтауменен» тақырыбымен сынып сағаты өткізілді.


9.«Құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, буллингтің алдын алу» тақырыбымен жиналыс өткізілді.


10. 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мектеп және мектептен тыс ортада психологиялық және физиологиялық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбымен жиналыс өткізілді.


11. «Мектеп Парламенті» ұйымы мүшелерінің қатысуымен «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбымен сынып сағаты өткізілді.


12.«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді.


13.«Тәуелсіздік-Ұлы Дала ұрпақтарына аманат!» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді.


14. «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбымен адалдық сағаты ұйымдастырылды.


15. «Ұрпаққа аманат» жобасы аясында өткізілген Ауған соғысы ардагерімен кездесуге «Мектеп Парламенті» мүшелері белсене қатысты.
16.Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
17. «Ұрпаққа аманат» жобасы аясында өткізілген Ауған соғысы ардагерімен кездесуге «Мектеп Парламенті» мүшелері белсене қатысты.
18.«Мектеп Парламенті» мүшелері «Алтын жүрек» челленджіне қатысты.
19. «Жеткіншектің Жеті Жарғысы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбымен жиналыс өткізілді.
20. Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Жеткіншектің Жеті Жарғысы» жобасы аясында «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктері» тақырыбымен жиналыс өткізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет