Ақтөбе облысының білім басқармасына қарасты «Жиренқопа орта мектебі» кмм-нің «Мектеп Парламенті»



бет4/6
Дата28.09.2024
өлшемі28,77 Kb.
#205287
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өзінөзі басқару 23-24 оқу жылы (1)

4. Қамқорлық фракциясы
1.Жақсылық жасау-парызымыз! "Жақсылық жаса!" ұранымен Республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өткізілді.

2. Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» тақырыбымен балалар бастамасы ұйымдастырылды.


3.«Ұрпаққа аманат» жобасы аясында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбымен мерекелік іс-шаралар легі ұйымдастырылып, «Мектеп Парламенті» мүшелері белсене қатысты.


3.«1қазан-Қарттар күні» мерекесіне орай қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.Жас жеткіншектеріміз шаңырағына арнайы ат басын бұрып, қазыналы қарттарымыздың тыныс-тіршілігімен танысып, үй шаруасына қолғабыс жасап, батагөй қарияларымыздың ақ батасын алып қайтты.


4. 5 қазан- Ұстаздар күніне орай «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем» тақырыбымен ардагер ұстаздарға, мұғалімдерге арналған мерекелік іс-шара өткізілді.


5.«Тілек шыршасы» акциясы аясында іс-шара өткізілді.


6.«Досболlike: Достық қолын соз» акциясының «Еріктілер» бағыты аясында жас жеткіншектеріміз жақсылық жасап жарысты.


7.«Ұрпаққа аманат» жобасы аясында Алғыс айту күніне орай шәкірттеріміз ардагер ұстаздарға алғыс айтты.
8.«Өр талапты, озық ойлы Жас Ұлан» жобасы аясында шәкірттеріміз барша жандарға алғыс айтты.

9. «Қазақстан-құқықтық мемлекет» онкүндігі аясында ардагер ұстазбен кездесу ұйымдастырылды.


10. «Таза Қазақстан» Республикалық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
5. Экология және еңбек фракциясы
1.Жас жеткіншектерге еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну, еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарау, оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру мақсатында «Еліне елеулі тұлға» тақырыбымен адал еңбегімен шыңға өрлеген Габдрахман Ажыгалиевич шаңырағына «Мектеп Парламенті» мүшелері қонаққа барды.


2. Еңбек күніне орай «Әлемнің әміршісі-еңбек» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді. «Мектеп Парламенті» мүшелері сынып сағатына белсене қатысып, үздік нәтиже көрсетті.

3. Жас жеткіншектерге еңбекті дәріптеп, жастарды мамандық таңдауға дайындау мақсатында «Адал азамат-Адал еңбек» ұранымен жалпыұлттық жастар флэшмобы өткізілді.


4. 6-7 сынып оқушылары арасында "Күз ханзадасы мен ханшайымы" байқауы ұйымдастырылды.

5. Күзгі көрмеге 5-6 сынып оқушылары өздері жасаған қолөнер бұйымдарын, күзгі икебаналарды, көкөністен жасалынған заттарды ұсынды.


6.«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбымен балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды.


7.«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбымен сурет салу акциясы өткізілді.


8.«Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбымен балалар суреттерінің көрмесі өткізілді.


9.«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Менің ата-анамның (әкемнің немесе анамның) жұмысының пайдасы неде?» тақырыбымен 5-11 сынып оқушылары таныстырылым жасады.


10. «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Оян, ар мен адалдық», «Адал ұрпақ - мәңгілік елдің кепілі» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.


11. «Мектеп Парламенті» мүшелері «Еңбегіне қарай сый құрмет» тақырыбымен өткізілген кездесуге қатысты.


12.«Досболlike: Достық қолын соз» акциясының «Еріктілер» бағыты аясында жас жеткіншектеріміз жақсылық жасап жарысты.


13.Кәсіптік бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
14.Психологиялық онкүндік аясында «Менің Қазақстаным» арт-визажы ұйымдастырылды.
15. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Мектеп Парламенті» ұйымы, «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерінің қатысуымен сахналық қойылымдар көрсетіліп, балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды.
16.Жас жеткіншектеріміз «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының «Туған өлкем» фестивалі аясында «Эко-болашақ» бағыты бойынша мектептің көгалдандыру-абаттандыру жұмыстарына үлесін қосты.

17.Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының «Туған өлкем» фестивалі аясында «Туған жердің бояулары» тақырыбымен сурет көрмесі ұйымдастырылды.


18. Жас жеткіншектеріміз Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының «Туған өлкем» фестивалі аясында «Жас өлкетанушы» бағыты бойынша тарихи өлкетану мұражайына арнайы барып қайтты.


19.Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында шеберлік сағаты өткізіліп, «Жас Ұлан» балалар мен жасөпірімдер ұйымы, «Мектеп Парламенті» ұйымы, «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы мүшелері белсене қатысты.


20. Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында шеберлік сағаты өткізіліп, «Жас Ұлан» балалар мен жасөпірімдер ұйымы, «Мектеп Парламенті» ұйымы, «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы мүшелері белсене қатысты.


21. Мектеп бітіруші түлектер «Менің ағашым» ағаш отырғызу акциясына қатысты.


22. 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан-мейірімділік мекені» тақырыбымен бірінші сынып оқушыларының қатысуымен сурет салу акциясы ұйымдастырылды.


23. «Таза Қазақстан» Республикалық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
24.Мектеп бітіруші түлектер «Менің мектебім» іс-шарасына белсене атсалысып, мектеп ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет