Аубакирова ф. Х. 5В072900 (6В07320, 6В07321, 6В07322) – «Құрылыс»


Модуль. Ғимараттарды жылугазбен жабдықтау және желдету



бет11/22
Дата28.12.2022
өлшемі9,34 Mb.
#164759
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
2 Модуль. Ғимараттарды жылугазбен жабдықтау және желдету


Тақырып 7. Жылу көздері және жылыту жүйелері
8 дәріс

  1. Ғимаратты энергиямен қамтудың негізгі алатын орны. Жылу тұтынушылардың түрлері және жылыту мерзімі

  2. Отын туралы жалпы мәліметтер

  3. Жылу көздері. Ауа алабы мен қоршаған ортаны қорғауды ескере ортырып жылу көздері орналасатын жерді таңдау

  4. Кіші және орташа құатты қазандық қондырғылары

  5. Жылу желілері: жүйелер мен төсемдердің түрлері

6. Ыстық сумен қамту жүйелерінің сипаттамалары мен топтастырылуы


1. Жылдың салқын мезгілінде ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын пайдаланады. Адам өзінің 80%-ға жуық өмірін үйдің ішінде өткізеді. Адамның денсаулығы және жұмыс істеу қабілеті бөлменің микроклиматына байланысты. Бөлменің микроклиматы деп өз ара байланысты жылудың, ауаның және ылғалдың режимдерінің жиынтығын айтады. Микроклиматқа қойылатын негізгі талап, ол бөлмедегі адамдарға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ең бастысы бөлмеде адамдарға қолайлы температуралық жағдай жасау керек. Бөлмедегі керекті миктроклимат ғимараттардың келесі инженерлік жабдықтар жүйелерімен жүзеге асырылады: 1) жылыту; 2)желдету; 3) ауаны баптау. Жылыту жүйесі жылдың суық мезгілінде бөлмелерде ауаның керекті температурасын жасауға және керекті деңгейде ұстап туруға қызмет етеді. Ал желдету жүйесі бөлмелерден былғанған ауаны шығаруға және оларға таза ауа беруге арналады. Ауаны баптау жүйесі өте жетілген жабдықтармен бөлмелерде өте жақсартылған микроклиматты жасау және қамтамасыз ету болып табылады. Адам организмінде өтетін зат алмасу процесінің нәтижесінде жылу түрінде энергия бөлініп шығады. Бұл жылу қоршаған ортаға беріледі, себебі адамның организмі турақты температураны 36,60 С сақтауға ұмтылады. Адамның қалыпты өмір сүруі және жақсы көңіл күйі болу үшін организмнен шығатын жылу мен қоршаған ортаға беретін жылудың арасында жылу балансы болуы керек. Қалыпты жағдайда организмнен шығатын жылудың 90%-ден артық жылу қоршаған ортаға беріледі. Адамның жылу беру үдемелі қарқындылығы ішкі ауаның температурасымен, бөлменің радиациялық температурасымен, ауаның қозғалу жылдамдығы және салыстырмалы ылғалдығымен сипатталатын бөлменің микроклиматына байланысты. Адам организмінде жылу тепе-теңдігін сақтайтын микроклимат параметрлерінің үйлесуін комфортты жағдай деп атайды. Ең бастысы бөлмеде қолайлы температуралық жағдай жасау керек, себебі ауаның қозғалы және салыстырмалы ылғалдығы айрықша өзгермейді. Адам тыныш болған жағдайда бөлменің температурасы 21-230 ,жеңіл жұмыста 19-210 және ауыр жұмыста 14-160 С болуы керек. Бөлменің қолайлы салыстырмалы ылғалдығы 40-60% аралықта нормаланады, бөлмедегі ауаның жылдамдығы жылдың суық мезгілінде 0,2-0,3 м/ сек, ал жылы уақытта 0,2-0,5 м/сек деп қабылданады. Жылу энергиясын жылдың суық мезгілінде ғимараттарды жылытуға, ауқатты дайындауға және суды жылытуға, желдету жүйесінде ауаны жылытуға және технологиялық процестерде пайдаланады. Жылумен қамтудың және желдетудің негізгі мақсаты бөлмелерде адамның өміріне және еңбек етуіне өте қолайлы жағдайлар жасау және де құрылыс конструкцияларын ұзақ уақыт пайдалану мүмкіндігін жасау болып табылады. Жылуды ғимараттарды жылытуға, желдетуге, ыстық сумен қамтамасыз етуге және технологияға пайдалануды жылу тұтыну деп атайды. Жылуды жыл бойы пайдалану мерзіміне байланысты жылу тұтынуды екі тобқа бөлуге болады: 1) маусымдық жылу тұтыну; 2) жылдық жылу тұтыну. Маусымдық жылу тұтынушыларға жылыту, желдету және ауаны баптау жүйелері жатады, ал жылдық жылу тұтыушыларға ыстық сумен жабдықтау жүйелері және технологиялық аппараттар жатады. Жылытуға, желдетуге және ауаны баптауға пайдаланатын жылу мөлшері негізінен климаттық жағдайларға байланысты. Климаттық жағдайларға сыртқы ауаның температурасы, желдің бағыты мен жылдамдығы, ауаның ылғалдығы және т.б. жатады. Осы айтылған факторлардың ішінен сыртқы ауа температурасының негізгі мағнасы бар. Маусымдық жылу тұтынудың салыстырмалы турақты тәуліктік графигі бар. Технологиялық жүктеменің шамасы өндіріліп шығарылатын өнімнің санына және сипаттамасына, технологиялық процестің өтуіне байланысты. «Жылу тораптары»-ның ҚНжЕ сәйкес тұрғын үйлер мен қоғамдық және өндірістік ғимараттаға берілетін максималды жылу ағыны сол ғимараттардың жобасынан алады. Егерде олардың жобалары болмаған жағдайда қалалардың тұрғын аудандарының жүктемелерін елді мекендегі халықтың санына және жалпы ауданның өлшеміне байланысты іріленген көрсеткіштер бойынша қабылдайды.
Ауаның есептік параметрлері жыл мезгіліне байланысты нормаланады . Жыл мезгілін үш мезгілге бөледі: 1) жылы, 2) салқын және 3) өтпелі мезгілдерге бөледі. Жылдың суық мезгілі +80С төмен сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурамен сипатталынады, жылы мезгілі +80С жоғары , ал өтпелі мезгілі t =80С – температурамен сипаттлынады.
Жылыту жүйесінің бір жыл ішінде жұмыс істеу уақытын жылыту маусымы деп атайды. ҚНжЕ сәйкес әрбір елді мекенде жылыту маусымының ұзақтығын сыртқы ауаның тұрақты тәуліктік орташа температурасы +80 С және онан төмен болған күндердің санына байланысты тағайындайды. Бұл сыртқы температура 80 С жылыту маусымының басталуы және аяқталуы деп қабылданған.
2. Жылу энергиясын алу үшін жанатын заттарды, яғни отындарды пайдаланады. Отындардың негізгі түріне ауасыз және жоғары қысымды жағдайда өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан пайда болған органикалық отындар жатады. Отындар агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ түрінде болып бөлінеді, ал оларды алу әдісі бойынша жер кендерінен алатын табиғи және табиғи отындарды химиялық немесе механикалық өңдеу арқылы алатын жасанды отындарға бөлінеді.
Қатты отындарға- ағаш, тас көмір, антрацит және сланец жатады, ал жасанды қатты отындарға-ағаш көмірі, кокс, брикет, термоантрацит жатады.
Сұйық отындарға-мұнай жатады, ал жасанды сұйық отындарға мұнай өнімдері-бензин, керосин,лигроин солярка, мазут жатады.
Газ түріндегі отындарға-табиғи газ, мұнай кендерінде қосымша жолай шығатын газ жатады, ал жасанды газдарға-домналық, генераторлық, кокстық, қатты отындарды жер астында газификациялау,пиролиз газы, крекинг газы жатады. Жағуға пайдаланатын отындарды жұмысшы отындар дейді. Жұмысшы отынның құрамына мына компоненттер: көміртегі С, сутегі Н, оттегі О, азот N, күкірт S, күл, және ылғалдық кіреді.
Газдың құрамына метан, этан, пропан, бутан,көмірқышқыл газ, және азот кіреді. Отынның негізгі жылутехникалық сипаттамасына жану жылылығы жатады. Жану жылылығы 1 кг қатты отынды немесе 1 нм3 газды жаққан кезде қанша килоджоул жылу мөлшері бөлініп шығатынын көрсетеді. Жалпы көмір үш түрге бөлінеді: қоңыр көмір, тас көмір және антрацит. Қоңыр көмір төменгі сортты көмірге жатады. Оның құрамында көптеген минералды қоспалар болады және ұшпа заттар болады. Қоңыр көмір өзінен-өзі жануға бейім. Қоңыр көмірдің жану жылылығы 10500-16000 кДж/кг.
Тас көмір бағалы қатты отын болып саналады. Оның жану жылылығы 25000-28000 кДж/кг. Антрациттің жану жылылығы 25500-29700 кДж/кг. Жылу қондырғыларында сұйық отын ретінде мазутты жағады. Мазуттың жану жылылығы 38500-39000 кДж/кг. Газбен қамтылған елді мекендерде отын ретінде газды қолданады. Табиғи газдың жану жылылығы 34000-36000 кДж/кг, ал мұнай кендерінен жолай шығатын газдың жану жылылығы 53000-63000 кДж/кг.
3. Қалалар мен өндіріс орындарында жылу тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылу көздері орнатылады. Жылу көздерін жылу генараторы деп атайды. Жылу генараторына жылуэлектр орталығы және қазандықтар жатады. Мысалы, Шымкент қаласын бір ғана ТЭЦ-3 жылумен қамтамасыз етуде. Жылу көздерінің орналасатын жерін ауа алабы мен қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып таңдайды. Жылу көзінің орналасатын жерін таңдау үшін, ең алдымен елді мекеннің бас жоспарын қарастырады. Елді мекеннің бас жоспарында желдің бағыты (роза ветров) және оның жылдамдығы анықталады. Мысалы, егерде желдің басымдық бағыты солтүстік бағыттан болса, онда жылу көзін қарама-қарсы жаққа, яғни қала территориясының оңтүстік жағындағы бос жерге орналастырады. Егерде елді мекенде бірнеше жылу тұтынушылар болса, мысалы,қала және бірнеше өндіріс орындары болса, онда жылу көзін мүмкіндігінше жылу тұтыушылардың ортасына орналастырған жөн. Және де жобалау кезінде жылуды жылу көзінен жылу түтынушыларға қысқа жолмен жеткізу жағы да қарастырылады. Жылу көзінде, мысалы қазандықтарда отынды жағу кезінде пайда болатын түтінді, газды және шаңды тазартып, оларды түтін құбырымен атмосфераның жоғарға қабатына шығарып, ауамен жан-жаққа таратып сейілтеді. Елді мекеннің ауа алабын, яғни экологиясын қорғау үшін түтін құбырының биіктігі 30 м-ден кем болмауы керек. Егерде қазандықтан 200-м радиустың ішкі жағында 15-ден биік ғимараттар орналасқан болса, онда түтін құбырының биіктігін 45 м деп қабылдайды. Қатты отындармен жұмыс істейтін қазандықтар түтін газдарын күлден тазалауға арналған қондырғылармен жабдықталуы керек.
4. Кіші және орташа құатты қазандық қондырғыларын қарастырайық. Қазандық қондырғысы деп ыстық су және бу түрінде жылу энергиясын өндіруге арналған құрылымдар кешенін айтады. Қазандықтар жылу энергиясын пайдалану түріне байланысты энергетикалық, жылыту-өндірістік және жылыту болып бөлінеді.
Энергетикалық қазандықтар электрстанциядағы электрэнергия өндіретін турбиналарды бумен қамтамасыз етеді. Жылыту-өндірістік қазандықтар өнеркәсіп орындарындағы ғимараттарды жылумен, ыстық сумен және өндірістің технологиялық процестерін жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Жылыту қазандықтар тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Орташа құатты қазандық негізгі мынадай элементтерден турады: 1) Универсал-6 деген қазан; 2) үрлейтін желдеткіштер; 3) жылыту жүйесінің сорғыштары; 4) салқын су беретін сорғыштар; 5) катионитті сүзгілер; 6) су жылытқыш; 7) күл ұстағыш циклондар; 8) түтін сорғыш; 9) түтін құбыры.
Универсал-6 деген шойын қазан өзара ниппелдер арқылы жалғастырылған жеке секциялардан турады. Ниппелдің екі жағында резбасы болады. Ниппелді арнайы тесікке қойып, жеке секцияларын болтпен тартып жинайды. Жинап болғаннан кейін қазан шатыр түрінде болады. Қазанның бұндай констукциясы керекті жылыту бетін жинауға және де жеке секциясы бұзылған жағдайда оны ауыстыруға мүмкіндік береді. Шатырдың астына керегелі (решеткалы) оттық орнатылады. Отынды оттықта жаққан кезде, оның жанған жалыны шатырдың жоғарғы жағына көтеріледі, онан кейін 1800 бұрылып секциялардың арасындағы каналдармен төмен түседі. От жалыны каналдармен өткен кезде, секциялардың ішкі қуыстары арқылы жоғары көтерілетін жылытылатын суға жылуын береді. Төмен түскен жанған газдар мен түтіндерді газ құбыры арқылы түтін құбырына береді, онда газ жоғары көтеріліп жан-жаққа тарайды.
Шойын казандардың болат қазандарға қарағанда тотығуы аздау болады. Кіші және орташа құатты жылыту қазандықтарда әртүрлі типті және конструкциялы су жылытатын және булы қазандар қолданады. Су жылытатын қазандардың негізгі көрсеткішіне жылу құаты яғни жылу өнімділігі және судың температурасы жатады, ал булы қазандардың негізгі көрсеткішіне бу өнімділігі, қысым және температура жатады. Қазанның экономдығы оның пайдалы әсер коэффициентімен бағаланады. Қатты отындармен жұмыс істейтін қазандардың ПЭК 0,6-0,7 ге тең, ал газбен жұмыс істейтін қазандардың П.Э,К 0,8-0,85 ке тең.
5. Жылу көзінен жылу тұтынушыларға ыстық су немесе бу түріндегі жылу энергиясын тасымалдауға арналған құбырларды жылу тораптары деп атайды.
Өзара параллель салынған жылу құбырлардың саны бойынша жылу тораптары бір құбырлы, екі құбырлы және көп құбырлы болуы мүмкін. Бір құбырлы торапта ыстық суды жылытуға және желдетуге қолданғаннан кейін толығымен ыстық сумен жабдықтауға пайдаланады. Сумен жылытатын екі құбырлы жылу тораптары жылу беретін және қайтып келетін 2 құбырдан турады, ал бумен жылытатын жылу тораптары бу құбыры мен конденсат құбырынан турады.
Жылумен қамту жүйелері негізгі буынының бірі болып дылу желілері саналады. Жылу желілері жылу көзінде өндірілген жылутасымалдағышты ғимараттардың жергілікті тұтынушыларына тасымалдайды. Тұтынушылардың жалпы жылу жүктемесіне байланысты жылу көзінің түрі (ЖЭО немесе АҚ) таңдалады және қаланың жел раушанына қатысты ауа бассейнін қорғау шартымен жылу көзінің орны қабылданады.
Жылу желілерін жобалау үшін:

  • Қала аудандарының бас жобасы және құрылымының сипаты;

  • Жергілікті топографиялық шарттары;

  • Жерасты және жер бетіндегі басқа инженерлік желілер мен құрылымдарының орналасуы;

  • Жер қасиетінің сипаттамасы және олардың тереңдігі;

  • Жер суының тұру биіктігін және т.б. анықтайтын мәліметтер қажет.

Осы мәліметтер дайындалғаннан кейін жылумен қамтуды жобалау кезінде бірінші кезекте жылу көзінен тұтынушыларға дейін жылу желілерінің өтетін жолы (трассасы) қарастырылады. Жылу желілерінің трассасы инженерлік жүйелеріне берілген техникалық кешенінің қызыл сызығына параллельді, жасыл алаң мен жол жүрісі аймағынан бөлек қарастыру керек. Құбырларды трамвай сызықтарынан, электрлік темір жолдарынан, тұрақты тоқтан, сорғыш кабельдерден және шатасқан тоқ құбырларымен хақтығыспас үшін аулақ салу керек.
Жылу желілерінің трассасын таңдауда: жылумен қамту жүйесінің сенімділігі; мүмкін болатын бұзылулар мен апаттарды жедел жою; қызмет көрсетуші жұмысшылардың қауіпсіздігі; жылу желісінің ең аз ұзындығы мен оны құрастыру жұмысының минималды көлемі сияқты негізгі шарттарға көңіл аудару керек.
Сулы жылу жүйелері құбырлар диаметрлері және тағайындалуы бойынша: магистральді және ажыратылатын болып бөлінеді. Магистральді жүйеге жылу көзінен жылу қабылдайтын аудандарды байланыстыратын құбырлар қарайды. Магистральді жылу желілері конфигурациясы бойынша және есептік негізгі мекеме пайдалануына байланысты радиалды және шеңберлі болады.
Жылу құбырларын жылу көзінен тұтынушыларға қарай мүмкіндігінше тура жолмен салады. Олардың трассасын белгілегенде жер бетіндегі және жер астындағы ғимраттар мен құрылымдарды, топырақтың құрамы туралы мәліметтерді және жер асты суларының тереңдігін ескеру керек.
Жылу тораптарының схемасы радиальды және айналымды (сақиналы) болып келеді (сурет 8.1). Радиальды схемада жылу көзінен тұтынушыларға дейінгі бағытта жылу құбырларының диаметрін біртіндеп кемітіп салады. Бұндай тораптар өте қарапайым және бастапқы шығындары аздау және экономды болып келеді. Радиалды схеманың кемшілігі, оның резервтілігінің жоқтығы. Бір жерде авария болып қалса, онда авария болған жерден кейінгі тұтынушылар жылусыз қалады. Норма бойынша сумен жылыту тораптарының қимыл жасау радиусы 15-20 км.
Үлкен қалаларда және үзіліспен жылу беру рұқсат етілмеген өнеркәсіп орындарындарында айналмалы (сақиналы) жылу тораптарының схемасын қолданады. Сақиналы тораптардың құрылысы біршама қымбат болғанымен, оның жылу беру сенімділігі артады.
а) б)

а) радиальды; б) айналымды (сақиналы)
Сурет 8.1 - Жылу желісінің схемалары

Жылу тораптарын елді мекеннің сыртында, өнеркәсіп орындарының территориясында, жер асты сулары жер бетіне жақын болғанда және сайлы жерлерде жер бетіндегі эстакадада және тіректерде салады, ал қаланың ішінде жер астында өтетін, жартылай өтетін және өтпейтін темір бетоннан жасалынған каналдарда салады. Осы каналдардың ішінде құбырларды өтетін каналдарда салу әдісі қымбат болсада, өте жетілген түрі болып келеді. Жетілген каналдарды жылу торабы үлкен диаметрлі бірнеше құбырлардан туратын болған жағдайда қолданады. Жетілген каналдардағы ауаның температурасы 500 С артық болса, онда табиғи немесе механикалық желдету орнатылады. Жылу торабын жөндеу және бақылау кезінде каналдағы температура 400 С артық болмауы керек. Жетілген каналда әрбір 300 м-ден кейін люк және төменгі вольтты электр жарығы болуы керек.


Жартылай өтетін каналдарды автомобил және темір жолдардың астына және жөндеу кезінде жылу құбырларын ашу қыйындау болатын ғимараттармен қыйылысқан жерлерде салады. Олардың биіктігі 1600 мм-ден артық болмайды, ал құбырлардың арасындағы өтпелдің ені 400-500 мм етіп қабылдайды. Практикада көбінесе өтпейтін каналдарды қолданады. Көптеген қалаларда үсті темір-бетон плитамен жабылатын КЛ және КЛс типті науалы элементтерден туратын каналдарды қолданады
Жылу тораптарын өзара дәнекерлеп қосылған болат құбырлардан құрастырады. Болат құбырларды құрастырып болғаннан кейін, оның сыртқы бетін изоляция материалдарымен орайды. Болат құбырлар жоғары температура кезінде ұзарады, ұзарудың әсерінен құбыр жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан бүл ұзару 50 мм-ден артық болса, онда ұзаруды болдырмау үшін П тәрізді компенсаторлар қойылады. Құбырлардың астына есептелген қашықтықта жылжымайтын және жылжымалы тіректер орнатылады.
Жылу торабында құбырларды ашып-жабатын және реттеуші арматуралар орнатады.
6. Заманның талабы – адамның күнделікті өміріне жайлы жағдай жасау. Соның бір бағыты тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарында ыстық сумен қамту жүйелерін қарастыру, сондықтан бұл мәселе игерілуіне көп көңіл бөлінуде. Осыған байланысты қалалар мен қоныстанған елді мекендердің жылумен қамту жүйелерінің жылу жүктемелері көбейеді. Қазіргі уақытта тұрғын, мәдени және өнеркәсіптік ғимараттарды ыстық сумен қамтудың үлемсіне жылу энергиясының жалпы шығынының 40 – 60 %-ы тиеді, ал жаңа құрылыс аудандарында 60 %-дан жоғары.
Қазақстан Республикасының тұрғын – коммуналдық шаруашылығының даму жоспары бойынша ЖЭО мен аудандық қазандықтардағы орталықтандырылған ыстық су дайындауды оның барлық қажеттілігінің 90%-ына дейін жеткізу көзделуде.
Ыстық судың температурасы санитарлы – гигиеналық талаптармен негізделеді. Төменгі шек ретінде көптеген ауру тасығыш бактериялар жоятын «пастеризация температурасы» деп аталатын мән қабылданады, ол 600С – қа тең; ал жоғарғы шек ретінде тұтынушыларды күйіп қалудан сақтау мақсатында 750С температура алынады. Бірақ норма бойынша қыздырғыштан кейінгі температура емес, су тарату нүктелеріндегі судың температурасы қабылданады;
500С-тан төмен емес – жабық жылумен қамту жүйелеріне қосылатын орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері үшін;
600С-тан төмен емес – ашық жылумен қамту жүйелеріне қосылатын орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері мен жергілікті ыстық сумен қамту жүйелері үшін;
750С-тан аспайтын – жоғарыда қарастырылған барлық жағдайлар үшін.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ыстық судың температурасы норма бойынша 370С-тан аспауы керек.
Тұтынушыларға жоғары температурадағы ыстық су қажет болатын қоғамдық тамақтану мекемелерінде жергілікті суқыздырғыштарды қарастырған жөн. Суқыздырғыш қондырғыларынан немесе суараластырғыштан шығатын ыстық су температурасының төменгі көрсеткіштерін бақылау керек:

  • Жабық орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері үшін: th = 50+(10-15) 0C

  • Ашық орталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері үшін: th = 60+(5-10) 0C

Ыстық сумен қамту жүйелері ыстық суды дайындайтын көзінен, суды тұтынушылардың су тарату аспаптарына жеткізетін құбырөткізгіштерден және жылутасымалдағыш параметрлерін реттейтін және бақылайтын құрылғылардан тұрады.
Қазіргі кезде тұрғын үйлерде, әкімшілік – қоғамдық және өндірістік ғимараттарда санитарлы – гигиеналық жағдайды қамтамасыз ету үшін ыстық сумен қамту жүйелерінің аспаптарын орнатуды қарастырады. Тұрғын үйлер құрылысында санитарлы – техникалық бөлмелерінің шешімі стандартты емес, сондықтан оларда қолданатын сутарату аспаптары мен орнату сұлбалары әртүрлі болады. Жуынатын ванна немесе душ бөлмелерінде болат, пластикалық немесе шойын эмальді ванналар немесе душтық тұғырықтар және қол жуғыштар орнатылады. Ас бөлмелері болат ыдыс жуғыштар, ал дәретханалар қол жуғыштармен жабдықталады.
Қонақ үйлерінде, емханалар және басқа да мекемелерде су тарату аспаптары әртүрлі қабаттарда орналастырылады, ал коммуналды, спорттық, өндірістік кәсіпорындарында ыстық су қолданыс пунктері көп жағдайда бірінші қабатта немесе жертөледе орналасады.
Ыстық сумен қамту – жыл бойылық жылу жүктемелерінің бір түрі. Тұрғын үйлердің ыстық сумен қамтуының тәуліктік біркелкі еместігі ыстық судың қоғамдық – өндірістік тұрғыда тұтынуының біркелкі еместігінен айырмашылығы зор. Бұл тұтынушылар ыстық суды тәуліктің белгілі бір уақыттарында мерзімді түрде пайдаланумен ерекшеленеді, яғни бір жағдайда, ыстық судың қорын жасауды талап етсе, екіншібір жағдайда, уақытша суқыздырғышты пайдаланады. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда жылумен қамту жүйелері автономды қазандықтардан болса, ыстық сумен қамтуға күнделікті жұмысын атқаратын арнайы қосымша қазандар орнатады.
Көптеген қоғамдық, әкімшілік және өндірістік ғимараттарда ыстық судың жалпы қолданыс пунктері (санитарлы түйіндер, жалпы және жекеленген душтар мен ванналық кабиналар, жуғыштар) бірнеше бөлмелерде жинақталған. Ыстық судың тұрақты қоры қажет болған барлық кезде, мысалы, моншада, тұрғын үйлерде шатырдың арнайы жылытылатын бөлмелерінде немесе жертөледе жоғары арынды бактарды орналастыру қарастырылады.
Ғимараттарда орнатылған санитарлы – техникалық аспаптарың өлшемдері мен конструктивтік шешімдері әртүрлі болып келеді. Санитарлық аспаптары еденнен орнату биіктігі: қол жуғыш үшін 0,85 м бортқа дейін; ыдыс жуғыш үшін 0,85 м борттың жоғары бөлігіне дейін; душтық тор үшін 2,2:2,3 м; ванна үшін 1 м.
Қол жуғыш пен ыдыс жуғыш сутарату аспаптарында беткі қабаты хром жалатылған түсті металдардан жасалған суараластырғыштар қолданады. Ванна үшін арналған суараластырғыштарда корпустың жоғарғы бөлігіне түтікше немесе иілгіш шланг арқылы жалғанған қосымша душтық тор және ваннаға су ағызу үшін қажетті бұрылатын немесе бұрылмайтын төменгі ағыстық ауыстыру қосқыш қарастырылады.
Жуынатын және душ бөлмелерінде орамал кептіргіштер орнатылады, ол өзінің тікелей аталған қызметімен қатар бөлмедегі ауаның жоғары температурасын қамтамасыз ететін жылыту аспабы да болып табылады. Орамал кептіргіштер айналымды немесе беретін тік құбырларға жалғанады, орнату биіктігі еденнен төменгі бетіне дейін 0,6 м-ден кем емес, ал жоғарғы бөлігіне дейін 1,7 м-ден аспауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет