Тақырып 8. Газбен жабдықтау
9 дәріс
1. Газдардың сипаттамалары
2. Газ тарататын тораптар, олардың жіктелуі және схемалары
3. Газ тарату станциялары мен газ реттеуші пункттер
4. Ішкі газ құбыры
1 Елді мекендерді газбен жабдықтау өнеркәсіптік өнімдерін арттыруға және тұрғындарының коммунальды-тұрмыстық және мәдени-әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған аса қажетті техниканың саласы болып саналады. Табиғи газды көбінесе отын ретінде пайдаланады. Табиғи газ басқа отындарға қарағанда өте арзан. Мысалы, газдың өзіндік құны мазут пен торфтың өзіндік құнынан 3 есе арзан, ал жер астынан қазып алатын таскөмірдің өзіндік құнынан 15-20 есе арзан.
Елді мекендерді газбен жабдықтау үшін табиғи, жасанды және аралас газдарды пайдаланады. Газ күйіндегі отын жанатын және жанбайтын қоспалардан турады. Жанатын газдарға көмірсутегі, сутегі, көміртек тотығы жатады, ал жанбайтын газдарға азот, оттегі, көмірқышқыл газ, күкіртсутегі, аммиак, нафталин т.б. жатады. Жасанды газдың өткір исі болады, ал табиғи газдардың түк исі болмайды, сондықтан оның ағып шыққанын білу үшін оған одарант қосады. Табиғи газға одарантты қосқан кезде оның исі болады.
Табиғи газдардың құрамында метан, пропан және бутан болады. Құрғақ табиғи газдар ауадан жеңіл, олардың жану жылулығы 7500-10000 ккал/м3 құрайды, ал жасанды және аралас газдардың жану жылулығы 3700-4400 ккал/м3аралығында болып келеді. Табиғи газдарды газ немесе мұнай кен орындарынан алатын болса, ал жасанды газдарды сұйық немесе қатты отындарды ауаның қатысуынсыз термиялық әдіспен алады. Табиғи газ болмаған жағдайда отын ретінде сұйытылған көмірсутекті газдарды қолданады. Сұйытылған газдарға қалыпты жағдайда газ түрінде болатын, ал қысыммен қысқан кезде сұйық күйге айналатын газдар жатады. Сұйытылған газдардың жану жылулығы табиғи газдарға қарағанда 2-3 есе үлкен. Сұйытылған газдарды баллондарда және темір резервурларда сақтайды.
2. Газ және мұнай кен орындарынан қазып шығарған табиғи газдарды жер астында немесе жер бетінде салынған құбырлармен мыңдаған километр ара қашықтыққа тасымалдайды. Кен орнынан елді мекендерге дейін газ тасымалдайтын магистраль құбыры мынадай құрылымдар кешенінен турады: тармақты газ құбыры, газды айдайтын компрессор станциясы (КС) және газ тарартатын станция (ГТС). Өзара 120-150 км ара қашықтықта орналасқан және де елді мекенге газ кіргізетін жерде бас құрылым болып саналатын компрессор станциялары газ тарататын станцияға (ГТС) 5 МПа-ға дейін қысыммен газ беруді қамтамасыз етеді. Газ тарататын станцияда газ сүзгіден және қысымды реттеуіштен өтеді және газға одарант қосылады. Газ тарататын станциядан газ тарататын тораптарға берілетін газдың қысымы көбінесе 1,2 МПа-дан аспайды. Елді мекендерде газ тұтыну жыл бойы бірқалыпты болмайды. Газды қысқы мерзімге қарағанда жазғы мерзімде аздау пайдаланады. Кен орнынан беріліп жатқан артық газды қысқы мерзімде пайдалану үшін оны сақтау керек болады. Маусымның бірқалыпсыздығын теңестіру үшін газды жер астындағы қоймаларда жинайды.
Елді мекеннің территориясы арқылы слынған газ тарататын құбырлар арқылы газ тұтынушыларға беріледі. Жұмысшы қысымға байланысты газ тарататын торабтар «Газбен жабдықтау» деген құрылыс нормаларына сәйкес мына түрлерге бөлінеді:
-1 категориялы жоғары қысымды- 0,6-1,2 МПа;
-2 категориялы жоғары қысымды- 0,3- 0,6 МПа;
- орташа қысымды- 0,005- 0,3 МПа;
-төменгі қысымды- 0,005 МПа-ға дейін.
Төменгі қысымды газ құбырларын тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттарды және коммуналбды тұрмыстық өнеркәсіптерді қосады. Газ тораптарындағы қысым сатыларына байланысты газбен жабдықтау жүйесі екі сатылы, үш сатылы және көп сатылы болып бөлінеді. Кішігірім елді мекендерде екі сатылы, алүлкен елді мекендерде үш сатылы газбен жабдықтау жүйелерін қолданаады. Елді мекеннің үш сатылы схемасы жоғары, орташа және төменгі қысымды газ құбырларынан турады. Елді мекеннің үш сатылы газбен жабдықтау схемасы мына негізгі элементтерден турады:
-магистраль газ құбыры;
-газ тарататын станция;
-жоғары қысымды газ құбыры;
-орташа қысымды реттеуіш пункт;
-орташа қысымды газ құбыры;
-төменгі қысымды газ реттеуіш пункт;
-төменгі қысымды газ құбыры.
Бұл схема бойынша газбен жабдықтау көзінен транзитпен жоғары қысымды құбырлардан ГТС-ға және газгольдер станциясына беріледі,онан қысымды төмендеткеннен кейін орташа қысымды тарататын тораптарға түседі, онан кейін газ реттеуіш пункт (ГРП) арқылы төменгі қысымды тораптарға беріледі. Елді мекеннің көшелік газ таратататын тораптарынан аулалық газ құбыры арқылы газ тұтынушыларға беріледі. Сыртқы газ тарататын құбырларды болат құбырлардан салады, оларды өзара дәнекерлеп жалғастырады.
3. Елді мекеннің газбен жабдықтау жүйесіне газ тарататын тораптардан басқа да элементтері кіреді: магистраль тораптарда - газ тарататын станциялар, газ реттеуіш пункттер және қондырғылар, байланыс жүйесі, автоматика және телемеханика. Газ реттеуіш пункттер мен қондырғылар газдың қысымын төмендетуге және оны белгілі деңгейде устап туруға қызмет етеді. Газ реттеуіш пункттерді газдың қысымын төмендетіп газ тарататын тораптарға газ беруге, ал газ реттеуіш қондырғыларды жеке тұтынушыларға газ беруге орнатады. Газ реттеуіш пункте мынадай арматуралар мен жабдықтар орнатылады (сурет 9.1):
- ысырма;
- сүзгі;
- сақтық клапаны;
- қысымды реттеуіш;
- айналма құбыр.
1,5,7 – ысырма; 2 – сүзгі; 3 – сақтық клапаны;
4 – қысымды реттеуіш; 5 – задвижка; 6 – айналма құбыр (байпас)
Рисунок 9.1 – Газораспределительный пункт (ГРП)
Жоғары немесе орташа қысымды газ жабатын ысырмадан кейін сүзгіден өтеді. Бұнда шаңнан және механикалық қоспалардан тазартылады. Сүзгіден өткеннен кейін газ сақтық клапаны арқылы қысымды реттеуішке түседі. Қысымды реттеуіште шаз керекті қысымға дейін төмендетіледі. Ремонт кезінде тұтынушыларға үздіксіз газ беру үшін технологиялық сызықта айналма газ құбыры қарастырылады. Айналма құбырды байпас деп атайды. Ысымаларды жапқаннан кейін газ айналма құбыр арқылы газ тарататын торапқа беріледі. Бұндай жағдайда ысырманы жабыңқырай отырып газдың қысымын төмендетеді.
4. Газ тарататын құбырдан ашып-жабатын құрылғыға дейінгі участокты газ кіргізетін құбыр деп атайды. Тұтынушыларға газ беру үшін ғимараттардың ішінде ішкі газ құбыры орнатылады. Ішкі газ құбыры мына элементтерден турады:
- газ кіргізетін құбыр;
- тік құбыр;
- ішкі газ тарататын құбырлар;
- этаждағы газ тарататын құбырлар;
- тығынды кран;
- газ құралдары;
- газ есептегіш.
Газ кіргізетін құбырды баспалдақта, асханада немесе коридорда орнатады. Газ кіргізетін құбырға тығынды кран немесе ысырма қойылады.
Газ құбырларын үйдің ішінде ашық етіп салады және оларды болат құбырлардан дәнекерлеп құрастырады. Тек қана арматурамен, газ құралдарымен және реттеуішпен қосылған жерлерінде резбамен немесе фланецпен жалғастырады. Әрбір газ құралының алдына кран қойылады. Газ құбырларын адам жүретін жерлерде еденнен құбырдың астына дейін 2,2 м кем емес биіктікте салады.
Газдың қауіпті және токсикалық қасиеттеріне ьайланысты газ құралдары қойылған бөлмелерге айрықша талаптар қойылады. Тұрғын үйлерде газ плиталарын форточкалы терезесі және желдеткіш каналы бар биіктігі 2,2 м кем емес асханада орнатады. ҚНжЕ сәйкес 4 комфорлы газ плитасы үшін асхананың минималь көлемі 15 м3, ал 2 комфорлы плита үшін 8 м3 болуыкерек. Газ су жылытқыштарын және басқа газ құралдарын желдеткіш каналға каңылтырдан жасалынған құбырмен немесе созылмалы гофрамен жалғастырады. Жалғастыратын құбырдың горизонталь бөлігінің жалпы ұзындығы жаңадан салынған үйлерде 3 м аспауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |