Тақырып 9. Ғимараттармен имараттарды жылыту 10 дәріс 1. Жылыту қондырғыларына қойылатын талаптар.
2. Жылыту жүйесінің негізгі құрылымдық элементтері.
3. Жылумен қамту жүйелерінің түрлері
4. Ғимараттарды жылыту жүйелерінің жіктелуі.
5. Жылыту құралдар: қойлатын талаптар, түрлері және сипаттамасы
6. Жылумен қамтудың жүйелерін пайдалану негіздері
Адамдар тұрақты немесе ұзақ болатын үй-жайларда және өндіріс жағдайлары бойынша жылдың суық мезгілінде оң температураны ұстап тұру талап етілетін үй-жайларда жылыту жүйесі орнатылады. Жылыту жүйесі ғимараттың құрылыс-технологиялық қондырғыларының бірі болып табылады, ол келесі негізгі талаптарға сай болуы керек:
1) санитарлық-гигиеналық - ауа ортасының жай-күйін нашарлатпай, тиісті ҚНжЕ-мен регламенттелетін қажетті ішкі температураны қамтамасыз ету;
2) экономикалық - металл шығынын азайту кезінде ең аз келтірілген шығындарды қамтамасыз ету;
3) құрылыстық - жылыту жүйесін монтаждау және жөндеу кезінде негізгі конструкциялардың беріктігін бұзбай ғимараттың сәулет-жоспарлау және конструкциялық шешімдерімен байланыстыруда жылыту элементтерін орналастыруды көздеу;
4) монтаждық - зауытта дайындалған тораптарды барынша пайдалана отырып және жеке дайындалған тораптар мен бөлшектерді шектеулі қолдана отырып, Индустриялық әдістермен монтаждау мүмкіндігін көздеу;
5) пайдалану - басқару мен жөндеудің қарапайымдылығы мен ыңғайлылығымен, шуылсыздығымен және әрекет ету қауіпсіздігімен сипатталады;
6) эстетикалық - бөлменің ішкі безендірілуімен жақсы үйлеседі және артық орын алмайды.
Жылыту жүйесі деп жылуды өндіруге, тасымалдауға және ғимараттарды жылытуға арналған элементтердің жиынтығын айтады.
Жылыту жүйесі негізгі үш элеметтен турады: жылу көзі (генераторы); жылу құбырлары; жылыту құралдары.
1) Жылу генераторы - онда жылу тасымалдаушыға қажетті жылу мөлшері беріледі. Жылыту жүйелеріне арналған жылу генераторы отын жағылатын жылыту қазандығы бола алады, ал шығарылған жылу жылу тасымалдағышқа беріледі.
2) Жылу құбырлары жүйелері - жылутасымалдағышты жылжытуға арналған. Жылу жүйелеріндегі жылутасымалдағыш ретінде су, бу, ауа және түтін газдары қызмет етеді. Жылу тасымалдағыштың түріне байланысты жылу өткізгіштерді - құбырлар (жылутасымалдағыш - су), бу құбырлары (бу), ауа өткізгіштер (ауа) деп атайды.
3) Жылыту құралдары - жылу тасымалдаушыдан жылуды ауаға және үй-жайдың қоршауларына жібереді. Бөлмені тікелей жылыту функциясын жылыту құрылғылары орындайды.
3. Жылумен қамту жүйелері үш буыннан (инженерлік құрылымдардан) құрастырылады: жылу көзі, жылу желілері, ғимараттардың жылутұтынудың жергілікті жүйелері. Жылумен қамту жүйелері:
Тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету әдісіне байланысты топтастырады.
Жылумен қамту жүйелері жылу көзінің түріне және әсер ету радиусы бойынша жергілікті, орталық және орталықтандырылған болуы мүмкін.
Жергілікті – жылумен қамту жүйесінің үш негізгі буындары азаматтық ғимараттарда бірігіп бір орында немесе өндірістік ғимараттардың көмекші алаңдарында қарастырылады. Мұндай жүйе ретінде электр немесе газ пештері арқылы жылытатын жүйелері мысал бола алады.
Орталық – бір жылу көзінен кез келген көлемдегі ғимаратты жылумен қамту. Мысалы, ғимараттың жертөлесінде немесе жеке тұрған қазандықта орнатылған қазаннан жылу алатын жылыту жүйесі.
Орталықтандырылған – бір жылу көзінен жылуэлектрорталығынан (ЖЭО) немесе аудан қазандықтарынан (АҚ) бірнеше ғимараттарға жылу беріледі.
Жылу көзінен өндірілетін жылутасымалдағыш су немесе сулы бу түрлері болуы мүмкін, осыған байланысты жылумен қамту жүйелері сулы және булы болады. Жылумен қамтудың сулы жүйелері негізінде тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жылыту, желдету және ыстық сумен қамту жүйелері үшін қолданылады. Жылумен қамтудың булы жүйелері өндірістік кәсіпорындар үшін қолданылады.
Аудандық қазандықтарда булы немесе суысытқыш қазандары қолданылады, олар энергияның тек бір түрін – жылуды өндіреді. Тұтынушылар бұл жылу энергиясын бу немесе ыстық су түрінде алып ғимараттарды жылытуға қолданады.
Жылутасымалдағыштың қозғалуын ұйымдастыруына байланысты жылумен қамту жүйелері тұйық, жартылай тұйық және тұйықталмаған болуы мүмкін. Тұйық жүйелерде тұтынушы тасымалдағыштың жылуын жартылай ғана пайдаланады, ал тасымалдағыш өзі жылуының қалған мөлшерімен жылу көзіне кері қайтады, онда ол қайтадан жылумен толығады (екі құбырлы жабық жүйелер). Тұйық сулы жүйелер жабық жылумен қамтуға қарайды, ал тұйықталғандар ашық жүйелеріне жатады.