Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы хабарлама



Дата23.05.2017
өлшемі91,2 Kb.
#16623
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың І - жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы хабарлама

Аудан бойынша мәдениет саласында 25 кітапхана, 20 мәдениет және клуб үйлері халыққа мәдени-ақпараттыққызмет көрсетіп отыр. Аудан бюджетінен мемлекетік тіл саясатын жүзеге асыруға 393,0 мың теңге, мәдени-көпшілік шараларға 4 млн 972,0 мың теңге бөлініп, мақсатты жұмсалуда.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында2012 жылға «Ақсуат» мәдениет үйі КМҚК-на бөлінген 3 млн теңгеге сахналық киім тіккізіліп, 1 млн 737 мың теңгеге ұлттық аспаптар алынса, 500 мың теңгеге газет, журналға жазылып, 240 мың теңгеге «Ақжар» мәдениет үйі КМҚК-на әжелер киімі тіккізілсе, 480 мың теңгеге кітап алынды.

Жыл басынан аудан бойынша мәдениет және клуб үйлерінде 790 мәдени-көпшілік шара өтіп, оған 92250 адам қамтылса, кітапханаларға 11205 оқырман 94590 рет қатысып, оларға 185662 кітап беріліп, ақпараттық-танымдық жұмыстар көрсетілді.

Аудандағы шығармашылық ұжымдар мен «халықтық» ұжымдардың шығармашылығын дамытуға, жеке шығармашылық иелерін қолдауға үнемі көңіл бөлініп отырады. Жаңа жыл, 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні, Ұлттық Наурыз мерекесі, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекелері іс-шаралар жоспары негізінде бұқаралық сипатта әр ауылдықокругтерде аталып өтті.



Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, әуесқой сазгер Қ.Сафаровтың саздарына арналған «Тарбағатай – тәңір тау» атты ән кеші, жерлесіміз, ақын-сазгер С.Қалиевтың «Туған жерге тағзым етемін» атты шығармашылық кеш, жерлесіміз, әнші-сазгер М.Сарыбасовтың «Ауылым – алтын бесігім» атты ән кеші жеке шығармашылық иелеріне қолдау көрсету мақсатында өтті.

8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне, Ұлттық Наурыз мерекесіне арналған мерекелік гала-концерт, Ақжар мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлері мен ауылөнерпаздарының қатысуымен өткен «Ән қанатында» атты концерт, аудандық«Сағындырған әндер-ай» ретро әндер байқауы, 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне арналған «Шаңырақ ажары» атты келіндер сайысы, «Лайым, күлкіден айырмасын» атты «Маусымашар-2012» КТК командаларының кездесу, Қазақстан Қарулы күштерінің 20 жылдығына арналған «Сарбаздар» атты патриоттық әндер байқауы, «Айгөлек» өнер байқауы, аймақтық «Би жұлдызы-2012» сайысы көрермендер тарапынан жоғары баға алды. Аудандық деңгейде өткен байқау-конкурстардың І-белесі барлық ауылдық округтерде өткізілді.



Сондай-ақ, Ұлттық Наурыз мерекесі аудан орталығында кең көлемде аталып өтті. Орталық алаңға аудан орталығындағы мекеме-ұжымдар ұлттық салт-дәстүрімізді айшықтайтын киіз үйлер тігіп сайысқа түссе, арнайы ереже бойынша өткен театрландырылған көрініске қатысқан мекемелер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Наурыз мерекесіне арналып Көкжыра, Құмкөл, Қарасу, Тұғыл ауылдарында «Наурыз-думан», Жаңа талап, Ойшілік клуб үйінде «Армысың, Әз - Наурыз!», Жетіарал мәдениет үйінде «Әз Наурыз, жарылқа!» атты театрландырылған қойылымдар, Жаңа тілеу клуб үйінде «Әжем берекем – немере мерекем» атты сайысұйымдастырылды.

27 наурыз – Халықаралық Театр күні қарсаңында Ақсуат халық театрының әртістері А.Исаевтың «Батыл достар» ертегісін аудан орталығындағы театр көрермендеріне ұсынып, ауылдық округтерде гастрольдік сапармен болып қайтты.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні орталық алаңда мерекелік шеру, «Бірлік.Ынтымақ.Достық» тақырыбында мекемелер арасында әр ұлттың салт-дәстүрін көрсетуден театрландырылған көріністер байқауы өткізілсе, Қазақстан Қарулы күштерінің 20 жылдығына орай шекаралық аймақтарға гастольдік сапарлар ұйымдастырылды.

9 мамыр – Ұлы Жеңістің 67 жылдығына орай аудан орталығында мерекелік гала-концерт қойылды. Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар 17 ауылдық округтің барлығында ұйымдастырылды.
4 маусым күні – Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 20 жылдығына орай аудан орталығында автокеруен ұйымдастырылып, соңынан аудан халқы мерекелік концертті тамашалады.

Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығы аясында 2012 жылдың 11 маусымы күні облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Шығыс әуендері - 2012» атты вокалдық-аспаптар ансамбльдері байқауының іріктеу кезеңіне ауданнан «Көктем» вокалдық-аспаптар ансамблі қатысып, республикалық байқауға жолдама алды.



Аудан кітапханаларында 251388-дің үстінде кітап қоры жинақталған. Оның 120896 данасы мемлекеттік тілде. Кітап қоры жыл басынан бері 3022 жаңа кітаппен толықты, оның ішінде 686 дана кітап 480000 теңгеге жергілікті бюджет есебінен алынды. 292 дана мерзімді басылымдармен толықты. Жаңа түскен әдебиеттер кітапханалық өңдеуден өткізіліп, барлық кітапханаларға таратылды.

Барлық кітапханаларда «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланып, іс-шаралар жоспары жасалып, жұмыстар атқарылуда. Жолдауды насихаттау мақсатында Ақсуат, Ақжар, Жәнтікей, Құйған, Маңырақ, Жаңа ауыл, Жетіарал, Қарасу, Көкжыра, Қызыл кесік, Құмкөл, Ойшілік, Екпін, Сәтпаев ауылдарында «Жолдау жайлы ойыңыз...» атты дөңгелек үстел, «Ертеңіміз бүгінгіден де жарқын..» атты кездесу кеші,әңгіме өткізілді.

Аудандық кітапханада көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым Д.Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналып «Дәуірінің дара тұлғасы» атты портрет кеш, «Халқын сүйген ұлы жүрек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылса, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Семейдің Абай атындағы драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі А.Тлеуханның «Тана мырза» кітабының кітап беташары, М.Мақатаевтың туған күніне орай аудандық «Жылдарым, менің жылдарым, жазылар ма екен жырларым!» атты жазба ақындар мүшәйрасы, кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 23 жыл толуына арналған «Ауғанстан – тарих қойнауының бір парағы» деген атпен ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші, қазақстандық әдебиетші, ақын, ғалым, тарихшы, педагог Т.Айбергеновтың 75 жылдығына арналған поэзия кеші, «Тәрбиеші, Сіз үшін: үйрен, қолдан!» тақырыбымен «Балдырған» бала бақшасы қызметкерлерімен «Мамандар күні», жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «СПИД – ХХІ ғасыр дерті» атты сыр-сұхбат, «Дін және бейбітшілік» тақырыбында дөңгелек үстел өттті. 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Ана өмірдің шырағы» атты кітап көрмесі жабдықталып, «Ана – бақыт, Ана деген ақ арман» ертеңгілігі өткізілсе, «Қазақ қыздарының ұлттық келбетін қалай қалыптастырамыз?» деген тақырыптағы дөңгелек үстел өз нәтижесін берді. Сондай-ақ, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі аясында барлық кітапханаларда іс-шаралар жоспары жасалып, сол негізде бірқатар мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Аудандық кітапханада «Жаңа күнге – жаңа жыр» әдеби ән-жыр кеші өткізіліп, «Наурыз нақыштары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Ақжар ауылдық кітапханасында жастарымызды Отанын, ұлтын сүйетін ұлтжанды, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу, сондай-ақ төл мерекеміз наурыздың қасиеттерін ұтымды пайдаланып, қайта жаңғырту мақсатында жастар арасында «Парасатты арулар мен Жігерлі жігіттер» байқауы өтті.

7 сәуір - Дүнижүзілік денсаулық күніне байланысты аудандық кітапханада «Салауатты өмір – мықты денсаулық» атты дөңгелек үстел, Балаларды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында квиллинг түрінде «Нұрлы нақыштар - сырлы сызықтар» атты балалардың сурет көрмесі өтті. Қазақ әдебиетініңбарлық жанрларын дамытуға көп еңбек сіңірген көркем сөздің шеберіҒ.Мүсіреповтың туғанына 110 жыл толуына байланысты «Кемеңгер қаламның құдіреті» атты кітап көрмесінің ашылуы, М.Әуезовтың 115 жыл толуына байланысты «Ұлт тағылымы және Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш Құмгөл кітапханасында өткізілді. Халықаралық балалардың кітап күніне байланысты оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ең үздік оқырман» бенефисі өткізіліп, Қ.Тұрсынова «Ең үздік оқырман» атанды. Осындай оқырман бенефисі барлық ауылдық кітапханаларда өткізілді. Сонымен қатар, жерлес ақындарымыз А.Ғафуровтың «Толағай», Р.Қайыртайұлының «Біздің ауыл» атты кітаптарының кітап беташары өткізілді. «Мәдени мұра» бағдарламасы және «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясынан ашық көрсетілім ұйымдастырылды.

Чернобыль апатының себеп-салдары, оған қатысқан адамдардың ерлігі жайлы, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ғасыр апаты» атты кездесу кеші, Қазақстанда бейбітшілікті сақтау мақсатында «Қазақстан - достық мекені» атты кітап көрмесі жасалды. Сондай-ақ, «Біз ынтымағы жарасқан елміз» /Жәнтікей/, «Ортақ мекен жер шары» әңгіме сағаты /Жаңа-ауыл/, «Ақпыз, қара, сарымыз - ағайынбыз бәріміз» әдеби-сазды кеш /Қарасу/, «Қазақстан өз үйім» кітап көрмесі /Жетіарал/, «Ұлт рухын оятқан татулық» әңгіме-сұхбат /Тұғыл/, «Ынтымағы жарасқан елміз» дөңгелек үстел /Кіндікті/ кітапханаларында өткізілді.
9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне арналып «Ұрпақтар ұмытпайтын Жеңіс» атты кітап көрмесі жабдықталап, «Ерлікке тағзым» атты тақырыптық кешаудандық кітапханада өткізіліп, «Ұрпақтар ұмытпайтын, Ұлы Жеңіс» кездесу кеші /Құмгөл, Ақжайлау, Қызыл-кесік, Сәтбаев/, «Отан үшін от кешкендер» әдеби сазды кеш /Жәнтікей/, «Отты жылдар шежіресі» тарихи дәріс /Қарасу/, «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» ертеңгіліктер /Ақжар/ өткізілді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының 75 жылдығы, аштық оқиғасының 80 жылдығына арналған «Ашаршылық ақиқатына жаңаша көзқарас» атты дөңгелек үстел өткізілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алукүніне арналған бұл кездесуге 84-98 жастағы осы оқиғаның күәгерлері мен ұрпақтары қатысты. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жазықсыз шарасыздан отқа күйген» атты дөңгелек үстел / Құмкөл/, «Зобалаң жылдар қасіреті» дөңгелек үстел /Жаңа-ауыл/, «Қазақстандағы зобалаң жылдар шежіресі» кітап көрмесі /Маңырақ/, «Ұрпақтармен мәңгі жасайтын есімдер», «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» тақырыптық кеш /Тұғыл, Қызыл-кесік/кітапханаларында өткізілді.

Халықаралық балаларды қорғау күні «Астана айшықтары» атты 5-8 жас аралығындағы балалар арасында сурет байқауы өткізілді. «Біз бақытты баламыз», « Балдай тәтті балалық»ертеңгілік /Көкжыра, Ойшілік/, «Біз бақытты балдырған» тапқыр достар викториналық ойыны /Құмкөл/,«Ертегілер елінде» кітап көрмесі /Жаңаауыл/ кітапханаларында өткізілді.
Мемлекеттік рәміздер күні «Мемлекеттік нышандарға құрмет» танымдылық сағаты ұйымдастырылды. «Рәміздер – елдігімнің тірегі» атты кеш /Ақжар, Тұғыл, Манырақ/, «Рәміздерім – егемендік нышаны» әдеби сазды кеш /Көкжыра, Жәнтікей, Қарасу, Сәтбаев/ кітапханаларында өткізілді.

Жаз айында балаларды кітап оқуға тарту мақсатында мектеп жанынан құрылған «Лагерь-2012», «Балдаурен», «Лучик» лагерь балалары кітапханаға саяхатқа әкелінді. Балаларға арналып «Жазда оқы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Жаhандағы барлық оқиғалар туралы сен газет-журналдан оқып шығасың» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Интернет сайттарынан мультимедиялық көрсетілімдер көрсетілді.
Осы іс – шаралар нәтижесінде аудан кітапханаларына 11205 оқырман қамтылып, 185662 кітап берілді. «Интернет–зал» жұмысы кеңейтіліпжаңадан 4 орындық, стол қойылды, 5 компьютер жұмыс істеп тұр. Интернет пайдаланушылар саны 2000. «ИРБИС» бағдарламасына 820 жазба енгізілді. Кітапханалар ұжымдары ауданымыздың игілігі үшін инновациялардың енуіне, кітапханалардың сапалы қызмет етуін қамтамасыз етуге барлық күштерін салып жұмыс атқаруда.
Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда аудан көлемінде арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.

Үстіміздегі жылдың 13 ақпан – 13 наурыз күндері аралығында«Тіл мәртебесі – ұлт мерейі» айлығы өтіп, аудан көлемінде 6 семинар, 6 дөңгелек үстел, 15 түрлі кеңестер өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығын насихаттау жұмыстары жүргізілді.

22 наурыз – 22 сәуір аралығында аудан көлемінде «Көркем тіл – көрікті жарнама» айлығы өтті. Айлықтың негізгі мақсаты: мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайтуда маңызды роль атқаратын көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру, үйлестіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту, бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру.

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет