Аудандық мәслихаттың тоғызыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



бет1/3
Дата26.06.2018
өлшемі353 Kb.
#44893
  1   2   3
Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 9 - 1 26 қыркүйек 2012 жыл

(кезекті тоғызыншы сессия)


Аудандық мәслихаттың тоғызыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8, 10-баптарының талаптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

Қоса беріліп отырған бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясының күн тәртібі бекітілсін.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаты

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Т. Оразбаев ___________ Б. Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №9-1 шешіміне қосымша

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық

мәслихатының кезекті 9 - сессиясының


КҮН ТӘРТІБІ:


1.

Жаңатас қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.

Есеп беруші: Р.Қозбағаров – қала әкімінің міндетін атқарушы

2.

Аудандағы денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің 2012-2013 жылғы қысқы маусымға дайындығы туралы.

Хабарламашы: М.Тоқсанбаева – аудан әкімінің орынбасары

3.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша әлеуметтік көмекті төлеу мен тағайындау үшін мұқтаж азаматтардың санатын бекіту туралы.

Хабарламашы: Б.Үсембаев – аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы

4.

«Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдығы № 5-5 шешіміне толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: Б.Үсембаев – аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы

5.

Жаңатас қаласын 2013-2015 жылдары дамытудың кешенді жоспарын бекіту туралы

Хабарламашы: Ә.Тойшыбекова – аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы

6.

Консультативтік-кеңесші орган құрамын бекіту туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

7.

Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі жанынан Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия құрамын бекіту туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

8.

«Аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы №3-12 шешіміне толықтыру енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

9.

Ауданда мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

10.

«Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 ақпандағы №47-12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

11.

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 ақпандағы №47-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

12.

«Сарысу аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 8 маусымдағы №51-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

13.

Аудан әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

14.

«Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №57-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

15.

«Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 маусымдағы №22-15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

16.

«Сарысу ауданы әкімдігінің жанындағы жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Кеңестің құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 шілдедегі №24-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

17.

Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есепті мерзім ішінде атқарған жұмысы туралы есебі.

Енгізген: аудандық мәслихат

18.

Аудандық мәслихаттың денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының есепті мерзім ішінде атқарған жұмысы туралы есебі.

Енгізген: аудандық мәслихат

19.

Сарысу аудандық мәслихат аппаратының атауын өзгерту туралы

Енгізген: аудандық мәслихат

20.

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының оныншы сессиясының төрағасы туралы.

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының

кезекті тоғызыншы сессиясының
Регламенті мен тәртібі
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы 2012 жылдың 26 қыркүйек күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның регламенті
Сессияға мынадай жұмыс регламентi ұсынылады:

Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге – 5 минут, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша есеп берушіге 15 минут, жарыс сөзге 10 минут, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша хабарламашыға 10 минут, жарыс сөзге 10 минут, күн тәртібіндегі үшінші, төртінші мәселелер бойынша хабарламашыға 10 минутқа дейін, күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша хабарламашыға 5 минут, қалған мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін – 20 минутқа дейін, анықтама беру үшiн 3 минут.

Сессия жұмысы бір күн ішінде аяқталады.
Сессия жұмысының тәртібі


1.

Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге

11.00 - 11.05

2.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша есеп берушіге

11.05 - 11.20

3.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жарыс сөзге

11.20 - 11.30

4.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша хабарламашыға

11.30 - 11.40

5.

Күн тәртібіндегі үшінші, төртінші мәселелер бойынша хабарламашыға

11.40 – 11.50

6.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша хабарламашыға

11.50 – 11.55

7.

Күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін

11.55-12.15

8.

Анықтамалар беру үшін

12.15-12.18

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 9 - 2 26 қыркүйек 2012 жыл

(кезекті тоғызыншы сессия)

Кезекті тоғызыншы сессияның редакциялық комиссиясының құрамы туралы

Сарысу аудандық мәслихаты регламентінің 20-тармағына сәйкес кезекті тоғызыншы сессияның қарауына ұсынылған мәселелерді талқылау барысында, депутаттардың айтылған ұсыныс-пікірлерін есепке алу мақсатында және шешімдердің нақты мәтінін жасау үшін, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

Редакциялық комиссия мына құрамда сайлансын:

Асанова

Лаура Қырықбайқызы



-

№13 Қамқалы сайлау округінің депутаты, комиссия төрайымы

Бегеев

Сағынбек Арыстанұлы



-

№3 Әуезов сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі

Тайжанов

Қуаныш Өмірбекұлы



-

№10 Өндіріс сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі.



Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаты

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Т. Оразбаев ___________ Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 9 - 3 26 қыркүйек 2012 жыл

(кезекті тоғызыншы сессия)


Жаңатас қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі

«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының талабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Жаңатас қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы қала әкімінің міндеті атқарушы Қозбағаров Руслан Тұрсынбайұлының есебі назарға алынсын және осы бағытта атқарған жұмысы жетілдіруді қажет ететіні атап көрсетілсін.

2. Жаңатас қаласының әкіміне ұсынылсын:

1) қаланы абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жалғастыру;

2) көше атауларын (аншлагтарды) және үй нөмірлерін жаңа ұлттық нақыштағы үлгіге сай біріздендіру және ретке келтіру жұмыстарын жүргізу;

3) кәсіпкерлік қызметті дамыту жұмыстарына жәрдемдесу;

4) жол белгілерін, оның ішінде жаяу жүргіншілерге арналған жолақтарды қалпына келтіру;

5) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi уақытылы жинауға жәрдемдесу;

6) аудандық мәслихаттан түскен шешімдердің орындалуына баса назар аударып, бақылауды күшейту.

3. Жаңатас қаласы әкімінің аппараты осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына, келесі жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша 15 шілдесіне аудандық мәслихат аппаратына уақытылы жолдап отыру ұсынылсын.

4. Төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 8 маусымдағы «Жаңатас қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» №51-4 шешімі жойылсын.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихат аппаратының басшысы Төлебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаты

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Т. Оразбаев ___________ Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 9 - 4 26 қыркүйек 2012 жыл

(кезекті тоғызыншы сессия)

Аудандағы денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің 2012-2013 жылғы қысқы маусымға дайындығы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат Шешім етТі:

1. Аудандағы денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің 2012-2013 жылғы қысқы маусымға дайындығы туралы аудан әкімінің орынбасары Мағия Тоқсанбаеваның хабарламасы назарға алынсын.

2. Жалпы ауданда осы бағытта атқаратын жұмыстар әлі де жетілдіруді қажет ететіні атап көрсетілсін.

3. Аудан әкімдігінің білім бөліміне (І.Баймағамбетов) ұсынылсын:

1) аудандағы күрделі жөндеуді қажет ететін білім беру мекемелеріне қаражат көздерін қарастыру жөнінде тиісті органдарға ұсыныс беру;

2) «Ақбота» балабақшасының және Байқадам орта мектебінің маңындағы мектеп интернатының шайынды су (канализация) мәселесін шешу;

3) электр генераторымен қамтамасыз етілмеген білім нысандарына генератор алу жолдарын қарастыру;

4) Байқадам орта мектебінің маңындағы мектеп интернатының материалдық базасын жаңарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныс беру.

4. Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (Д.Ақділда) ұсынылсын:

1) аудандағы күрделі жөндеуді қажет ететін клуб үйлеріне жобалық - сметалық құжаттарын әзірлеу бағытында жұмыс жүргізу;

2) мәдениет ұйымдарының материалдық базасын нығайту, жұмысшы-қызметкерлермен толық қамтамасыз ету үшін тиісті органдарға ұсыныс беру.

5. Аудандағы денсаулық сақтау нысандарын қысқа дайындау жұмыстарына бақылауды күшейту аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Мұханов Рәт Қырғызбайұлына ұсынылсын.

6. Аудан әкімдігінің білім бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына және жартыжылдықтың қорытындысы бойынша келесі жылдың 15 шілдесіне аудандық мәслихатқа жолдау ұсынылсын.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың білім, мәдениет, жастар ісі, отбасы мен әйелдер, ұлттық және азаматтық келісім, тілдерді дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Асанова Лаура Қырықбайқызына жүктелсiн.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаты

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Т. Оразбаев ___________ Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 9 - 5 26 қыркүйек 2012 жыл

(кезекті тоғызыншы сессия)


Жаңатас қаласын 2013-2015 жылдары дамытудың кешенді жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

Қосымшаға сәйкес Жаңатас қаласын 2013-2015 жылдары дамытудың кешенді жоспары бекітілсін.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаты

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Т. Оразбаев ___________ Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 9 - 8 26 қыркүйек 2012 жыл

(кезекті тоғызыншы сессия)

Консультативтік-кеңесші орган құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

1. Қосымшаға сәйкес Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші орган құрамы бекітілсін.

2. Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 34-15 «Консультативтік – кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешімі жойылсын.



Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаты

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Т. Оразбаев ___________ Б. Дондаұлы

Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №9-8 шешіміне қосымша

Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның құрамы

Тоқсанбаева Мағия


-


аудан әкімінің орынбасары, консультациялық-кеңесші органның төрайымы




Шалбаев

Бейсен Қалиханұлы



-


аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, консультациялық-кеңесші орган хатшысы




Консультациялық-кеңесші органның мүшелері:

Мұханов

Рәт Қырғызбайұлы



-


аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша)




Нүркенов

Берік Сұлтанұлы



-

аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)




Раймов

Жұмаділда Балтабайұлы



-

аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы (келісім бойынша)




Тәжікеев

Ғани Қалдыбайұлы



-

аудан прокурорының көмекшісі (келісім бойынша)




Сұлтанбеков Нұраш

-

аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша)




Ақділда

Диханбай Жұмабайұлы



-

аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы




Баймағамбетов

Ілияс Алшынбайұлы



-


аудан әкімдігінің білім бөлімінің бастығы




Бердібаев

Айбол Әбжаппарұлы



-


аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы




Тоқаев

Серік Елемесұлы



-

аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы




Уәлиев

Сейітмағанбет Жамбылұлы



-

аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бастығы




Үсембаев

Болат Базарбайұлы



-

аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.




Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 9 - 9 26 қыркүйек 2012 жыл

(кезекті тоғызыншы сессия)

Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі жанынан Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

Қосымшаға сәйкес Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі жанынан Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия құрамы бекітілсін.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаты

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Т. Оразбаев ___________ Б. Дондаұлы

Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №9-9 шешіміне қосымша

Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі жанынан Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия құрамы


Баймағамбетов

Ілияс Алшынбайұлы



-


«Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы

Абдиров

Маулен Сарсенбекович



-


«Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталықтандырылған бухгалтерия құрылымдық бөлімшесінің заңгері, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Маңғытаев

Бағдат Мекемқұлұлы



-

«Жамбыл облысының ішкі істер департаменті Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)

Өтеулиева

Ләззат Көрпешқызы



-

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының әділет департаменті Сарысу ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (келісім бойынша)

Ташенова

Салтанат Ғабитқызы



-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Сарысу аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының акушер-гинекологы (келісім бойынша)

Өмірбекова

Гүлайым Кеңесбайқызы



-

«Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі.

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының



Каталог: userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Есжан ержан әуелханұлы м. Е. Массонның Орта Азия мен Қазақстан археологиясына қосқан үлесі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> Программа учебной дисциплины опд. Ф "Онтология и теория познания"i специальность (направление) – 030101


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет