Аудандық “Қобыланды батыр” жырын жатқа айтушылар байқауы



Дата26.06.2018
өлшемі4,82 Kb.

Аудандық “Қобыланды батыр” жырын жатқа айтушылар байқауы

Байқаудың мақсаты: Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы Мәлік Габдуллиннің шығармашылығы мен ғылыми еңбектерін жас ұрпаққа насихаттау. Жасынан батырлар жырын жаттап өсіп, кемел шағында жан - жақты зерттеп, ғылыми еңбек жазып, сол арқылы рухтанып небір ерліктер жасаған Мәлік Габдуллин атамыз өзі де қазақ халқының ұлттық қаһарманына айналған тарихи тұлға.

Мәлік Габдуллин : “Батырлық салт бүгін ғана пайда болған жоқ. Ол ертеден келе жатыр. Кешегі батыр бабаларымыз батырлықтың тамаша үлгісін көрсетті ғой. Ал, бүгінгі қазақ жігіттері сол бабаларының дәстүрін ілгері дамытуда”- деп ерлік дәстүрінің жалғастығы туралы айтқан еді. Сондықтан, ұрпақтар арасында рухани жалғастықты сақтап, дамыту үшін жыршылар арасында бұл байқауды өткізудің маңызы зор. Бүгінгі ұрпақ Қобыланды батыр арқылы Мәлік батырды, Мәлік батыр арқылы Қобыланды батыр әлемін тани түсетін болады.

Аудандық “Қобыланды батыр” жырын жатқа айтушылар байқауы жылда ұйымдастырылып өткізіліп келеді. Байқауға аудандық мектептер арасында көптеген талантты, дарынды оқушылар қатысып жүргенін атап кетсек:Балуан Шолақ атындағы мектеп – лицейі оқушылары: Мухамет Нұржанат, Ибрагимова Саяна , Тлешова Мадина, мектеп- гимназия оқушысы Қозыев Шыңғыс, Макинск № 5ОМ –нің оқушылары: Азатбек Бергенбек пен Шынуар Назерке , Шешхан Өмірзақ, Елтай орта мектебінің оқушысы Құдайбергенова Медея, Шұбарағаш ОМ -нің оқушысы Есмуханов Ибрагим сынды оқушыларымыз байқаудың жүлделі орын иегерлері. Облыстық байқауда 2014-2015 оқу жылы Алтынды ОМ- нің 6- оқушысы Жанғабыл Ердаулет, 2016-2017 оқу жылы Балуан Шолақ атындағы мектеп – лицейі 9- сынып оқушысы Тлешова Мадиналар 3- орынды иеленген.

  • Елтай орта мектебінің оқушысы
  • Құдайбергенова Медея

  • 2014-2015 оқу жылы Алтынды ОМ- нің 6- оқушысы Жанғабыл Ердаулет,
  • Облыстық байқау көріністері

  • Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет