«ауыл шаруашылық ЖӘне экология» кафедрасы


Жол жүру барысында жануарлар ауырған немесе өлген кезде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі



бет10/18
Дата29.12.2021
өлшемі0,54 Mb.
#106478
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Автөкөліктерге қойылатын ветеринариялық -санитариялық талапта,жүргізілетін қадағалау мен бақылаулар

1.2. Жол жүру барысында жануарлар ауырған немесе өлген кезде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
Жолда ауру жануарлар табылған немесе олардың өлген жағдайда қозғалысты тоқтата тұрады және одан кейін аумақтық ветеринарлық қызмет өкілдерінің нұсқауына сәйкес түседі.

Сібір жарасы. Жолда сібір жарасы анықталған жағдайда малдың барлық партиясын ұстайды және түсіреді. Ауру және ауруға күдікті жануарларды изоляторға жібереді және емдейді. Қалған жануарларды пассивті иммунизациялайды және карантинге жібереді.

Эмфизематозды карбункул. Тиеу, түсіру кезеңінде және транзитте эмфизематозды карбункулмен ауыратын жануарлар анықталған кезде күйдіргіге ұқсас ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіледі.

Аусыл, шошқа обасы. Ауру белгілері айқын Ауру жануарларды тасымалдауға жіберілмейді. Транзитпен ауру анықталған жағдайда малдарды түсіреді және ветеринариялық мамандардың бақылауымен автокөлікте тез арада сою үшін жақын маңдағы ет комбинатына жібереді. Ауру жануарлар анықталған жағдайда түсіру кезінде барлық партияны дереу сою үшін жібереді. Жем, қи, төсем өртейді.

Шошқа тілімі. Транзитте ауру анықталған кезде барлық ауру және ауруға күдікті шошқаларды түсіреді,сарысуын, антибиотиктерді енгізеді және дереу сою үшін жақын маңдағы ет комбинатына (қасапханасына) жібереді. Қалған шошқаларға сарысуды инъекциялайды және сол жерде сою мүмкін болмаған жағдайда дереу сою үшін ет комбинатына тасымалданады, жол бойында көліктік ветеринариялық-санитариялық учаскелерді ескертілді.

Құтыру. Құтыру ауруымен ауыратын жануарларды жояды, жұқтырған күдікті жануарларды дереу сою үшін жақын маңдағы ет комбинатына (қасапханаға) жібереді.[2]






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет