23-параграф. Машиналық-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі инженер
166. Лауазымдық міндеттері.
машиналық-тракторлық паркті пайдалануды және оған техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
техникалық күтіп-баптау, қызмет көрсету кестелерін және машиналарды пайдалануды жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
жаңа тракторлар, комбайндар, ауыл шаруашылығы машиналарын, қосалқы бөлшектер және құрал-саймандар сатып алуға шарттар жасасуға, жөндеудің және техникалық қызмет көрсетудің прогрессивті технологияларын әзірлеуге және енгізуге қатысады;
жанар-жағар май материалдарын үнемді жұмсау бойынша іс-шаралар енгізеді;
жаңа тракторларды, комбайндарды, ауыл шаруашылығы машиналарын қабылдап алуды, құрауды және жаттықтыруды және оларды пайдалануға беруді ұйымдастырады;
техниканы есептен шығару актілерін жасайды және оларды белгіленген тәртіпте бекітуге ұсынады;
техниканы сақтауға қоюды ұйымдастырады;
ұтымды ету ұсыныстары мен өнертабыстарды енгізуге ықпал етеді;
есеп, техникалық құжаттама жүргізеді және белгіленген тәртіпте есептілік ұсынады;
нұсқама жүргізеді және механизаторлардың еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.
167. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, машиналық-тракторлық парктің жұмысына қатысты басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, егіс шаруашылығында және мал шаруашылығында механикаландырылған жұмыстарды ұйымдастыруды, құрылғыны, машинаны пайдалану және оларға қызмет көрсету қағидаларын, жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясын, әдістерін, еңбек заңнамасы негіздерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.
155. Біліктілікке қойылатын талаптар.
Машиналық-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі І санатты инженер: (Аграрлық техника және технология) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және машиналық-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі ІІ санатты инженер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Машиналық-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі ІІ санатты инженер: (Аграрлық техника және технология) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және машиналық-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі санаты жоқ инженер лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Машиналық-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі санаты жоқ инженер: Еңбек өтіліне талап қоймастан (Аграрлық техника және технология) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (ауыл шаруашылығын механикаландыру, ауыл шаруашылығындағы техникалық қызмет көрсету және жөндеу) мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |