34-параграф. Фитопатолог
196. Лауазымдық міндеттері.
карантинге жатқызылған өнімдерге зертханалық зерттеу, ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды ауруларға тұрақтылығына мемлекеттік сорттық сынау, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын және гибридтерін шаруашылық пайдалылығына сараптамалық бағалау, ауыл шаруашылығы өсімдіктері ауруларының дамуына және таралуына фитосанитариялық мониторинг жүргізеді;
ауыл шаруашылығы дақылдары егістеріне фитопатологиялық зерттеулер жүргізеді;
зерттеуге келіп түскен материалды қабылдайды, зерттеу аяқталғанға дейін оның сақталуын қамтамасыз етеді;
зертханалық жабдықтарды жұмысқа дайындайды;
карантинге жатқызылған өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынаулар, карантиндік талдау және карантиндік сараптама жүргізеді;
жұмыс процесінде халықаралық және отандық стандарттарды қолданады;
ағымдағы жұмыс нәтижелері бойынша қажетті құжаттаманы ресімдейді;
жүргізілген сараптама, зерттеу, тексеру және сынау нәтижелеріне талдау жүргізеді;
биологиялық материалды зарарсыздандыруды және жоюды қамтамасыз етеді;
коллекциялық материалдың есебін жүргізеді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;
жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын негіздейді, ғылыми-өндірістік жұмыстардың жоспарларына қосуға ұсыныс енгізеді;
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы өсімдіктердің қорғалатын сорттарының мемлекеттік тізілімін қалыптастыруға қатысады;
зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, карантиндік объектілердің таралуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлейді;
ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларын айқындаудың бар әдістерін, селекциялық жетістіктердің өсімдіктер ауруларына тұрақтылығын, ерекшелігін, біртектілігін және тұрақтылығын сынау әдістемесін, өсімдіктер зиянкестерінің дамуына және таралуына мониторинг жүргізу әдістерін әзірлеуге, жаңаларын игеруге және қолданыстағыларын жетілдіруге қатысады.
197. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,
«Тұқым шаруашылығы туралы»,
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы»,
«Өсімдіктерді қорғау туралы»,
«Өсімдіктер карантині туралы» заңдарын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, фитопатологияны; мемлекеттік сорт сынау әдістемесін, жаңа селекциялық жетістіктерге құжаттамаларды ресімдеу және куәліктерді, патенттерді беру тәртібін, селекциялық жетістіктерді қорғау қабілеттілігіне және шаруашылық пайдалылығына бағалау әдістемелерін, карантинге жатқызылған объектілерге карантиндік-фитосанитарлық сараптамалар жүргізу әдістемелерін, ауыл шаруашылығы өсімдіктер ауруларының дамуына және таралуына фитосанитариялық мониторинг жүргізу әдістемелерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуі тиіс.
198. Біліктілікке қойылатын талаптар.
І санатты фитопатолог: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрохимия, агроэкология, өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы, орман шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және ІІ санатты энтомолог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
ІІ санатты фитопатолог: (Агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрохимия, агроэкология, өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы, орман шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ энтомолог лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Санаты жоқ фитопатолог: Еңбек өтіліне талап қоймастан (агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрохимия, агроэкология, өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы, орман шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, топырақтану және агрохимия, агроэкология, өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы, орман шаруашылығы, орман ресурсы және орман шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау агрономы, эколог, агроинженер, биотехнолог, фермер шаруашылығы, фермер-менеджер, агротехник) мамандықтары бойынша (орта арнаулы, орта кәсіби) еңбек өтілі талап етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |