Ауылшаруашылық қаржысы ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені (контент) ДӘрістік кешен



бет59/140
Дата29.03.2022
өлшемі1,68 Mb.
#137219
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   140
Байланысты:
Ауылшаруашылы аржысы П ніні О У дістемелік кешені (контент)

8.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
8.2. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.
8.3. Бағалы қағаздардың шығарылымы және айналысы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары.


8.1. Қаржы рыногы туралы ұғым
Қаржы рыногы – бұл ең алдымен, дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қаматамасыз ететін рыноктық қатыныстардың жиынтығы.
Соданда болар, экономикалық әдебиеттерде және шарушылық практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақшалай және құндық категорияларға бара-бар категория ретiнде қарастыратын практикамен, негiзiнен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткенi экономикалық ресурстардың кез келген түpi меншiктiң титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиiстi бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.
Ақша рыногы дегенiмiз қолма-қол ақшалай ғaнa емес, қолма-қолсыз төлемдік қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.
Кредит рыногы –несиелер бойынша банктердiң кредиттік операцияларымен байланысты: бұған коммерциялық кредит те жатады.
Ақша мен кредит рыноктары, әдеттегiдей, айналым активтерiнiң қозғалысына қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет