Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік келісімшартқа және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты қарыз алушының өтеуін айтады.
Қаржылық активтермен операциялар: 1) қаржылық активтерді сатып алуды;
2) мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.
Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржылық активтерді сатып алу және мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.