Сақтық рыногі – сақтандыру бойынша қызметтер көрсету саласы, бұл қызметтерді сақтандыру компаниялары көрсетеді.
Секвестр – бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бір шектерде тиым салуды көздейтін арнайы тетік, ол бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нәтижесіндебекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда енгізіледі.
Трансферттер – бюджетке және ҚР-ның Ұлттық қорына, сондай –ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға ҚР Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер.
Ұлттық қор – ҚР Үкіметінің ҚР-ның Ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтер.
Ішкі қарыз – қарыз беруші ҚР ның резиденті, ал қарыз алушы ҚР-ның Үкіметі немесе ҚР-ның резиденті болатынқарыз қатынастары.
Ішкі сауда – ҚР-ның аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |