Ауылшаруашылық малдарын азықтандыру азық қоректілігін бағалау және құнарлы азықтандырудың ғылыми негіздері



бет1/3
Дата12.10.2022
өлшемі71 Kb.
#152785
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
3334869083var 1543


АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРЫН АЗЫҚТАНДЫРУ
1. Азық қоректілігін бағалау және құнарлы азықтандырудың ғылыми негіздері.
Мал азықтандыру ғылымының маңызды бөлімі болып қазіргі уақытта тетіктелген мөлшер көрсеткіштеріне сәйкестендірілген зоотехникалық талдау болып табылады. Азық қоректілігі туралы, ұғым, яғни мал мұқтажын энергиямен, протеинмен, көмірсулармен, минералды заттармен және витаминдермен өтеу.
Азық қоректілігн оның химиялық құрамы арқылы бағалау. Азықтың химиялық құрамы – азық қоректілігінің алғашқы көрсеткіші
Көпжылдық шөп, жүгері, арпа, картоп, асбұршақ, азықтық қызылша сияқты негізгі азықтық дақылдардың әр гектарынан алынған түсімді бағалау, сол түсім құрамындағы құрғақ зат, протеин, клетчатка, май және азотсыз экстрактивті заттардың жалпы мөлшері.
Азық қоректілігін қорытылатын қоректік заттар арқылы бағалау. Азықтың қорытылуы- мал қоректенуінің алғашқы сатысы. Азық құрамындағы қорытылатын қоректік заттарды анықтау тәсілдері. Қорыту коэффициенттері туралы ұғым. Қоректік заттар қорытылуын ұлғайту жолдары. Азықтың қорытылу дәрежесіне әсер ететін факторлар.
Қорытылатын қоректік заттар қосындысы мен қорытылатын энергия мөлшері – азықтың энергиялық қоректілігінің көрсеткіші.
Протеиндік қатынас. Мал денесінде зат, энергия алмасу деңгейін аңықтау тәсілдері.
Зат және энергия алмасуы- мал денесіндегі тіршілік үрдістері және малдан мол өнім алу негізі. Азықтандыру арқылы мал денесіндегі материалдық өзгерістерді зерттеу, осы мақсатта қолданылатын тәсілдер.
Мал азықтандыру арқылы ғылыми-шаруашылық және теңгермелік тәжірибелер жасау. Денедегі азот пен көміртегі тепе-теңдігін анықтау. Респираторлық тәжірибе (тыныс алдыру) арқылы денедегі энергия тепе-теңдігін анықтау. Таңбаланған атом тәсілі.
Азықтың жалпы энергиялық қоректілігін бағалау. Азықтың энергиялық қоректілігі туралы түсінік. Азықтың жалпы қоректілігін бағалау тарихы және оның дамуы. Энергиялық қоректілікті бағалау бірлігі (өлшем), қорытылатын қоректік заттар қосындысы (ҚҚЗҚ), скандинавиялық азық бірлігі (өлшемі), крахмал эквиваленті, сұлы азық өлшемі.
Азықтың энергиялық қоректілігін бағалау тәсілдері. Мал шаруашылығын азық энергиясымен қамтамасыз ету негізі-азықтық дақылдар өнімділігін арттыру және табиғи азық өнім түсімділігін арттыру.Сұлылылқ азық өлшемі боынша азыққоректілігін бағалау әдістері, Азық қоректілігін алмасу энергиясы бойынша бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет