|
Қауіпсіздік ережелері қол инесімен жұмыс
|
Дата | 08.10.2024 | өлшемі | 77,5 Kb. | | #205892 |
| Байланысты: қауіпсіздік ережесі
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қол инесімен жұмыс:
Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек.
Инені киімге қыстыруға болмайды.
Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.
Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.
Инені тістеп отыруға болмайды.
Инемен ойнап отыруға болмайды
Инені пердеге көйлекке қыстырып кетуге болмайды.
Қайшымен жұмыс:
Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме.
Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды
Қайшының ұшын жоғары көтерме
Қайшылар өткір болуы керек және жабық сақталғаны жөн.
Үтікпен жұмыс:
Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген желінген жерлерін тексеру керек
Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек
Үтікті тек тұтқасынан ұстаған дұрыс.
Үтікті арнайы тіреуішке тіреу керек
Үтікті тек мұғалімдердің рұқсатымен токқа қосуға болады
Ылғал қолмен токқа қосылған үтікті ұстауға болмайды.
Тігін машинасы:
Машинаның айналатын бөлшектеріне шам ілініп кетпеуі үшін шашыңды жинақы ұстау немесе басты орамалмен байлап алу керек
Тігу кезінде матаны қолмен тартуға болмайды ине сынып кетуі мүмкін
Жұмыс кезінде машина табанының астында бөгде заттар қайшы, оймақ және т.б. болмауы керек
Тігін машинасында жұмыс істеу кезінде қозғалыстағы бөлшектерге жақын еңкеюге болмайды
Тігу барысында жарық алдыңнан немесе сол жағыңнан түсуі керек
Тігін тігушімен машинаның арақашықтығы 10-15 см болуы керек
Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек
Тетікті орнатқан кезде аяқты табанға басып тұруға болмайды
Машинаның инесіне жіпті өткізгенде аяғыңды табаннан алып тастау керек
Машина табанының астына матаны бекітпей оны оралған жібімен жүріске жіберуге болмайды
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|