КіріспеЕңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік факторлар ол адамның денсаулық жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар төрт топқа бөлінеді: биологиялық , психофизиологиялық, физикалық, химиялық.
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, электр тоғы, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б 2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар. 3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б. 4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.