Ауыспалы аттестацияның сұрақтар тізімі Пәні: «Хирургиялық аурулардың негіздері»



бет5/7
Дата21.11.2022
өлшемі130,37 Kb.
#159150
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
сұрақтар тізімі

Ситуациялық есеп № 16
Жер сілкінісі нәтижесінде 36жастағы ер адамның оң аяғын құлаған шкаф басып қалды. Құтқарушылар екі жарым сағаттан кейін келді. Науқастың есі анық емес, сұраққа жауапты қайтаруға зауығы соқпайды, оң аяғының ауырсынуына шағымданады. Жағдайы бір қалыпты, тамыр соғысы 90 рет минутына, ҚҚ 110/80 мм.сын.бағ.
1.Зақымданудың түрін атаңыз.
2. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз.
3.Жәбірленушіде қандай асқыну болуы мүмкін?
Ситуациялық есеп № 17
22 жастағы ер адам жаттығудан кейін оң жақ балтырында сіңірлер мен байламдар сүйекке бекітілетін жерде ауырсынуды сезді. Қарағанда:оң жақ балтырдың терісінің бүтіндігі бұзылмаған, ісіну және тері асты гемотома байқалады. Қимылы шектелген.
1.Сіздің диагнозыңыз?
2.Бұл жағдайда не істеу керек?
3.Бұл жағдайдың себебі?
Ситуациялық есеп № 18
40 жастағы науқас емхананың хирургиялық бөлімшесіне екі қол аймағындағы ауру сезіміне, аяқ-қолдарының ұюына шағымдарымен түсті. Анамнезінен науқастың 2 сағат бойы қолғапсыз суықта болғаны анықталды. Қарап тексергенде: қол терісі бозарған, сезімталдығы бұзылған. Пульс – 80 рет минутына, АҚ – 130/80 мм сын.бағ., тыныс алу жиілігі – 18 минутына, температурасы – 36,9°С.
1. Сіздің диагнозыңыз қандай?
2. Бұл жағдайда қандай тактика қолданылады?


Ситуациялық есеп № 19
Көшедегі төбелесте 23 жастағы ер адам мұрыннан жұдырықпен соққы алды.Қарағанда: мұрыннан қатты қан ағып, мұрынның сыртқы пішіні өзгерген.
1.Сіздің диагнозыңыз?
2.Осы қан кетудің уақытша тоқтату әдісін атаңыз.
3.Қандай қан тоқтататын препараттарды қолдану керек?


Ситуациялық есеп № 20
Сіз баланың білегін әйнекпен кескеніне куә болдыңыз. Қарап тексергенде терең кесілген қан ағып жатқан жара бар. Ал-қызыл қан шапшып ағып жатыр.
1. Бұл қан кетудің қандай түрі?
2. Оны тоқтату үшін қандай іс-әрекет орындау керек?
3. Әрі қарай баламен не істеу керек?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет