Спонгиоз – (кеуектену)- тікенек тәріздес қабат клеткаларының құрылымы бұзулуы.
Баллонді дегенерация- тікенек тәріздес клеткалар арасында байланыстың жойылуы: жалқық жиналу әсерінен. Бөлініп шыққан клеткалар тобы жиналған жалқықты баллон немесе шар тәрізді жүзіп жүреді.
Акантолиз- тікенек тәріздес қабаттағы клеткалар өсінділері арасындағы байланыстың ыдырауынан болатын дегенерациялық өзгерістер.
Ауызға және ерінге шығатын бөртпелер.
Бұлар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік бөотпелер ертеректе өзгермеген кілегейлі қабық бетіне немесе ерін жиегіне шығады. Екіншілік бөртпелер- ертеректе өзгерген жерге шығады немесе біріншілік бөртпелердің ары қарай дамуынан пайда болады.
Біріншілік бөртпелер.
Дақ- ауыздың кілегейлі қабығының, еріннің түсін өзгертетін бөртпелер.Олар үш түрге бөлінеді: қабыну, пигменттік, геморрагиялық. Қабыну дақтар қан тамырларының кеңеюінен пайда болады. Түсі қызыл немесе өте қызыл болады. Диаметрі 1 см дақтар –розеолалар, одан үлкені-эритемалар.