Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары



бет1/34
Дата20.06.2018
өлшемі5,93 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ
АУЛА

ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР

Әрқилы ойлар

АТЛАНТА... ЖОҚ, АМЕРИКА САПАРЫ

Белгілі жазушы, драматург Әлдихан Қалдыбаевтың бұл кітабына оның драмалық шығармалары, әрқилы ойлары, жолжазбасы топтастырылған.

Драмалық шығармалардың «Ауладан» басқасы сахналанған, «әрқилы ойлар» мен «Америка, жоқ... Атланта сапары» мерзімдік баспасөзде жарияланған.

Өмірде көпті көріп, жеткілікті ой зерделеген қаламгердің әр шығармасында бүгінгі өмір тынысы көркем де шебер бедерленген. Оларға зер салған адамның бей-жай қалмасы анық.

Кітапты үлкеннің де, кішінің де қызыға оқып, мол тәлім алатыны еш күмән туғызбайды.

ШЕРТПЕКТЕН ШЕКЕ ЗАРДАП ШЕКПЕЙДІ



(екі бөлімді, алты көріністі драма)
Қатысатындар:
Шаншар атай – жетпіс бестегі қария

Әлипа – Шаншар атайдың кемпірі

Әшірбек

Бекен үшеуі де сегізінші класты бітірген балалар

Санатбай

Мұсатай – колхоз бригадирі, Санатбайдың әкесі, жасы қырықта

Күләнда – Санатбайдың шешесі

Сәбит – колхоз председателі, отыздың үстіндегі жігіт



П Р О Л О Г

Бүкіл сахнаның өн бойына алып қарбыз бейнеленген. Жарық сол қарбызға құйылып тұр.

Авансценаға ішінде Әшірбек, Бекен, Санатбай бар бір топ бала шығады. Бұл – олардың балық аулауға кетіп бара жатқан беті.
Бекен (қолтығында ораулы қағазы бар). Атайға тым қатты кетіп қалған жоқпыз ба өзі? Ілмей-ақ қойсақ қайтеді?

Әшірбек. Сөйттік-ау, деймін. Ойланып көру керек екен әлі.

Санатбай. Қара-а! Аяп тұрсыңдар ғой өздерің. Қақпасына емес, қақ басына жазса да аз ол шалдың.

Бекен. Тантыма, сен өйтіп. Біздікі қорлау емес – ойнау, біле білсең.

Әшірбек (Санатбайды ала көзімен ата). Ұялмай-қызармай шындап барады ғой, өзі-ей.

Санатбай (дереу мүләйімси қалып). Мен де ойнап айтамын.

(Балалар сахнадан шығып кете барады да, ізінше дүркірей қайта қашып келе жатады. Санатбай сүрініп кетіп, бір аяғындағы туфлиі ұшып кетеді. Оған қарауға шамасы келмей, зытып барады. Шаншар атай шығады).

Шаншар атай. Сендерді ме? Сендерді... Қап, ай дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ, өстіп текке көше таптағаннан басқаны білмейді бұлар енді. Кешкісін үйді-үйлеріңе барып, шекелеріңді біраз тырсылдатып қоймаса болмайды екен, бұл...
Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М
Бірінші көрініс
Жаз. Қазіргі колхозды ауыл. Ұзын кең көше. Шаншар атай үйінің алды. Қақпаға үлкен қағаз жапсырылған. Онда мынадай жазу бар.


Шертпек шарты
1. Білгірсігенге – бір шертпек.

2. Елпеңдегенге – екі шертпек.

3. Үрпигенге – үш шертпек.

4. Төбелескенге – төрт шертпек.

5. Бедірейгенге – бес шертпек.

6. Аяншаққа – алты шертпек.

7. Желпілдекке – жеті шертпек.

8. Селкілдекке – сегіз шертпек.

9. Тоңқылдаққа – тоғыз шертпек.

10. Ойымпазға – он шертпек.

Осы шартты жасап, бармағын басушы Шынқожаұлы Шаншар.

(Соңында бармағы басылған).
Қақпа түбіндегі есіктен Шаншар атай шығады. Саялы қара ағаш түбіндегі орындыққа отырып жатып атайдың көзі қақпадағы қағазға түсіп кетеді.

3

Шаншар атай. Бұ несі? Е-е, ауылға әртіс келген екен ғой. Жер таппағандай ілген жерін. (Орнынан тұрмақ болып). Қане көрелікші, бас терісі келіскен әртіс пе екен, жо... (Қайта жайғасып). Әй, қайдан?! Бұл күнде жұрт бір көрсем дейтін әртіс Алматыдан шыққанды қойып, селкілдеген бала-шаға келетін болды ғой ауылға...



(Есік көзінен Әлипа көрінеді).

Әлипа. Қасыңда біреу бар екен десем, жалғыз ба өзі? Не болды, байғұс-ау, жападан жалғыз отырып, сөйлеп.

Шаншар атай. Әртіс келіпті ауылға.

Әлипа. Әртісі қане?

Шаншар атай. Әне?.

Әлипа. Қане?

Шаншар атай. Ана көлдей қағазды көрмей тұрсың ба?

Әлипа. Мен де бір шынымен келіп қалған екен десем, құр қағазы екен ғой... Мейлі көрейікші сонда да, Бибігүл, Розалар бар шығар ішінде.

Шаншар атай. Көр, көр. Мен не деймін, қобызым не дейді. Табарсың Бибігүл мен Розаны, жаман қатты...

Әлипа. Мейлі, көрейікші әуелі. (Әлипа қақапаға тақап барып, қағазға үңіліп сәл тұрады). Жазған-ау, әртіс болса, суреті болмайтын ба еді мұның?

Шаншар атай. Суреті неге керек? Құлақтандыру да.

Әлипа. Әртіс те емес, құлақтандыру да емес, барып тұрған шимай-шатпақтың дәл өзі ғой мынау.

Шаншар атай. Не деп тұр өзі?! Әкелші бері.

Әлипа (қағазды әкеліп беріп жатып). Көз әйнегіңді әкелейін бе?

Шаншар атай (қағазға төне түсіп). Қажеті жоқ. Әріптері бақандай-бақандай екен, көз әйнексіз де бірдеңе қылармыз... (Шаншар атай қағазды тізесіне қойып алып асықпай оқи бастайды). «Шертпек шарты. Білгірсігенге – бір шертпек. Елпеңдегенге – екі»...

Әлипа. Бұл несі, әкем-ау?

Шаншар атай (қағазға үңіле түсіп). Тұра тұршы сәл. Бұл бір қызық екен. (Атай енді бір қызарып, бір сұрланып оқып шығады). Жар-райсыңдар, аз-за-мат-тар! Әлипа-ау, мына балалар қатырыпты мені әбден.

Әлипа. Не ғыпты байғұс-ау?

Шаншар атай. Атама тегі. «Шертпек шарты» деген бір пәлені тауып, соны маған теліп жазып кетіпті. Міне, менікі қылып біреуі бармағын да басып қойыпты.

Әлипа. Жасың болса келді, бұл балалардан аулақ жүргін деп айтпап па едім басында, Көндің бе? Міне, енді ақыры қақпаға қағаз жапсырып кетіп, елге әшкере етіп тынды.

Шаншар атай. Сен де айтады екенсің. Әшкере ететін мен бір ұрлық жасаппын ба? Көрсін керек болса ел.

Әлипа. Қой әрі. Сен қырсыққан екен деп қайта жапсырып қоймақпыз ба мұны? Бері әпкел бері, құртайын көзін.

Шаншар атай. Жо-оқ. Керек болады бұл әлі.

Әлипа. Қойшы құрысын. Бұл неге керек?

Шаншар атай. Жаның тірі болса көресің, қазір-ақ келеді балалар осында.

Әлипа. Шынында да, келе жатыр, әне.

Шаншар атай. Келсін, келсін. Айтпадым ба, менің күйіп-піскенімді көрмек қой. Жо, Шандардың шалымы таусыла қойған жоқ әлі. Мә, сен мынаны алып үйге бара тұр, бұлармен мен жалғыз өзім қалып сөйлесейін.

Әлипа (шартты алып). Сөйлесетін не бар? Сазайын беру керек! (Кетеді).
Балалар шығады. Бәрі атайға жамырай сәлем береді.

Балалар. – Ассалаумағалейкум, ата.

– Салаумала-ейке-е-ем...
Шаншар атай. Уағалейкмуссалам. Бәрекелде. Қане, қолды әкеліңдер. Сәлемдесу серті – қол алысу. Құры «Ассалау» деген аз адамға. Ауыз айта береді, алақан антқа жүреді. Қол алысып, амандасқанда ғана білемін мен сендердің қайсыңның қандай жігіт екеніңді.

Әшірбек. Сәлеметсіз бе, ата.

Шаншар атай (Санатбайдың қуланып тұрғанын түсіне қояды). Қарай көріңдер-ей! Байқаймын, қу тілді бала болатын түрің бар-ау өзі. Қу тілдінің әркез көңілі тоқ, көп қақсағанмен, қайырымы жоқ. Сен мұны әлі күнге дейін білмейді екенсің ғой, соның үшін сенен екі шертпек аламыз. Әпкел бері басты. (Санатбай басын тосады. Шаншар атай Санатбайдың басын екі тізесінің арасына қысып алады). Бисмилла. Бір. Бұл безілдеген тілің үшін. Екі. Ендігәрі мұны біліп жүруің үшін.

Санатбай. Ата, ана шартыңызда безілдеген тілің үшін деген де бар ма еді?

Әшірбек (Санатбайды бүйірінен түртіп қалып). Қысқарт тіліңді!

Санатбай. Неге? Сұрауға болмай ма?

Шаншар атай. Сұрасын, сұрасын. Білгісі келгенді сұрағанның айыбы жоқ.

Бекен. Еркіне жіберсеңіз, қай-қайдағы жоқты сұрайды бұл.

Санатбай. Несі қай-қайдағы оның? Өздерің емес пе едіңдер: «Атайдың шертпегінің шартын қағазға жазып, қақпасына іліп қояйық», – деген. Енді кеп менің аузыма қақпақ боласыңдар...

Шаншар атай. Жарайсыңдар! Тым әдемі өлеңдетіп жазыпсыңдар. Одан да қатырып жазу керек еді, аяғансыңдар ғой аталарыңды...
(Есіктен Әлипа шыға келеді. Бір қолында шарт, бір қолында таяқ).
Әлипа. Бүйтіп аяғандары құрысын бұлардың. Алдымен ел жұртқа күлкі қылып алып, артынан аямақ екен ғой. (Таяғын көтеріп балаларға тап береді. Балалар тым-тырақай болып қашып кетеді). Көрсетейін, мен, түге, сендерге. (Таяғын балалардың артынан жіберіп қалып). Мә, шарт!

Шаншар атай. Жә. Шаптықпай, сөзге қонақ бер былай кішкене. Балалар дұрыс істеген. Титтей қымс етсе, шекелерінен шертпек алып, әбден мезі еткен екенмін мен бұларды.

Әлипа. Әдет болмай кетсін, бұл құрғыр. Қойшы осыны, иманды болғыр.

Шаншар атай. Қоймаймын. Қоя алмаймын! Шаншардың шертпегінен ешкімнің шекесі зардап шеккен емес. Адам бола түседі қайта. Бұл балалар әлі білмей жүр екен мұны. Осыны түгел біліп алғандарынша мен олардың шекесінен шертпек алуды доғармаймын. Ығыр болар, қисаңдар. Мейлі. Ал мыналарына ренжудің еш жөні жоқ, қуану керек қайта.

Әлипа. Қой әрі. Иіріп қойып шертпек алудың орнына, қуанғаны несі тағы!?

Шаншар атай. Әй, кемпірім-ай, кемпірім! Құр үлкен екенмін деп балаға әлім жеттілік ету адамды түбі ұятқа душар етеді. Қылығына қарай жазалау керек, бұл бала деген шіркінді. Мұншама ақылды сөзді қисынын келтіріп жазған балаға қайтіп қол көтермексің? Айналу керек олардан. Көріне ме, шақыршы өздерін, бері.

Әлипа. Иә, тапқызар, жаман қатты...

Шаншар атай. Тапқызады. Табамын мен., Сөзім бар айтатын.
(Әшірбек шығады).
Әшірбек Міне, біз мұндамыз, ата.

Шаншар атай. Ұзай қоятын жөндерің жоқ еді ғой, бәсе. Шақыр бәрін бері.

Әшірбек (дауыстап). Бекен, Санатбай, шығыңдар бері! Атай шақырып жатыр. (Балалар шығады).

Шаншар атай (орындықты нұсқап). Қане, отырыңдар мынаған. (Балалар жайғасады). Ал, әңгіменің ашығына көшейікші енді. Қайсың ойлап таптыңдар мына шартты?

Әшірбек Біз.

Бекен. Әшірбек екеуміз.

Санатбай. Бұл екеуінен шықпайтын пәле жоқ.

Әлипа. Мазақ етпек болғансыңдар ғой.

Әшірбек Кешіріңіз, ата. Олай ойлаған жоқ едік.

Бекен. Біздікі бір білместік болыпты, кешіріңіз, ата.

Шаншар атай. Тоқтаңдар. Доғарыңдар бәрің сөзді. Кешіретін не бар мұнда? Мен сендерге қайта: «Міне, азамат» – дегелі отырмын. Тіптен ғажап етіп тізіп жазыпсыңдар. Мен ендігі жерде сендерден шертпекті осы шартқа қарап отырып алсам ба екен деген ойға келіп отырмын.

Әшірбек Сөйтіңіз, ата.

Бекен. Осы қазір алыңыз.

Шаншар атай. Не деп алам? Тапқыр балалар екен деп алам ба? Мен алсам шертпекті кінәларың үшін алам. Ойнап жазсаңдар да, ойлап жазсаңдар да менің көкейімдегінің бәрін тауып жазыпсыңдар. Өздерің ауытқып жүрмесеңдер мен ауытқымадым енді бұдан.

Әшірбек. Ауытқымаймыз.

Санатбай. Біз әрқашанда дайынбыз!

Шаншар атай. Жарайсың, Санатбай! Келістік, ендеше. (Әлипаға). Әлипа, сен қолыңдағы шартты үйге апарып, жоғарырақ бір көрнекті жерге іліп қой.

Әлипа. Қойшы, құрысын! Құран ба еді бұл сонша қастерлейтін. Отқа салып жіберемін мен мұны қазір.

Шаншар атай. Әй, кемпірім-ай, білмейсің сен. Білсең, құлаққа кірмейтін құранның мың сөзінен өзім мәмілелескен бір сөз артық маған. Апарып қой.

Әлипа. Апармаймын! Мә, ұста да отыр өзің! (Шартты атайдың алдына тастай салып, бұлқан-талқан болып шығып кетеді).

Шаншар атай (Әлипаға). Е-е, кемпірім, бұртаңдап қайда бармақсың? Қазір-ақ келерсің: «Шалым-ау, шайға жүр», – деп. (Бір-екі бала мырс етіп күледі). «Күлсең кәріге күл». Күліңдер, күлмеңдер біз бір-бірімізді өстіп ептеп қажақтап отыратынымыз бар. Бізді қойыңдаршы. Ал сендердікі не жүріс, бұл көшеде бостан босқа саусылдап?

Әшірбек. Ойнап жүрміз.

Шаншар атай. Осы сендер биыл қай кләсты бітірдіңдер?

Бекен. Сегізінші.

Шаншар атай. Он бестемін деңдер. Өз жорамалым да дұрыс екен ғой, бәсе. Бұлай бос жүру жарамайды.

Санатбай. Енді не істейміз? Каникулды өкімет бізге ойнасын деп берген. Ойнаймыз.

Шаншар атай. Айналайын өкіметім бәрін біледі. Ойнаңдар, ойнаңдар. Ойын да бір, балалардың үстіне киетін киімі де бір білгенге. Жарасымды киім бой көтереді, оңды ойын ой көтереді. Өйтпейді екенсіңдер, аздырып-тоздырып жібереді бұл құрғыр. Бір мезгіл шаруаға айналған жөн.

Санатбай. Біз ойнауын ойнаймыз ғой. Шертпекті қайтеміз бірақ?

Шаншар атай. Қайткені қалай? Шартқа отырдық емес пе енді? Шартты бұзсаңдар, шекелеріңді тоса беріңдер. Біліп қойыңдар, сендер қашан өсіп, жігіт болғанда шертпекті алғаным алған, өстіп.

(Мұсатай шығады).
Мұсатай. Ассалаумағалейкум, ақсақал.

Шаншар атай. Уағалейкумассалам. Мұсатаймысың? (Екеуі қол алысады). Иә, қайдан?

Мұсатай. Колхозгершілік те баяғы. Жай жүрген майдалап. Өзіңіз ше?

Шаншар атай. Бұл қай сөзің, батыр? Колхозгершілігің не, майдалағаның не? Түсінбедік қой бірін де.

Мұсатай (орынсыз ыржақтап күліп). Әй, жарықтық-ай. Түсінбейтін не бар? Колхоздың бір шетінде жұмыс қызып жатса, екінші шетінде жүрмейтін бе еді ел деген өз бетімен... Жүрміз біз де сөйтіп...

Шаншар атай. Біргедір емеспісің сен?

Мұсатай. Бригадирмін.

Шаншар атай. Біргәдір деген өйтіп ауа жайылғанды жөнге салмай ма екен? Сөйтіп, өзі де жұмыстың қайнаған ортасында жүрмей ме қайта? Майдалаған деген не пәле, тағы?! Майдалаған адам – тайғанаған адам.

Мұсатай (кергіп). Колхоздың жұмысы бір жаққа қашар деп пе едіңіз, сонша? Жұрт істейді өзі еңбеккүн керек болса. Басында біз қылқылдап тұрсақ, бір-ақ күнде біте қалар деп пе едіңіз? Қайда, біз өле-өлгенше бітпейді колхоз жұмысы.

Шаншар атай (ашуланып). Бұл қай айтқаның, жолың болғыр? Сені біз соңынан ел ерткен азамат деп жүрсек, осындай кертартпа ма едің? Қап...

Мұсатай (алғашқы екпінінен айырылып, жалтарып). Оу-оу, ақсақал. О, не дегеніңіз? Жүрміз ғой осы колхоз жұмысы деп ес біліп, етек жапқалы жанымызда жалау қылып. Қиналған соң жай бір айтылған сөзге бола, бастырмалатқаныңыз сонша?!

Шаншар атай. Енді қалай деп едің? Ел аузына қарап отырған азамат дейді сендерді. Сендер сөзді ардың-күрдің етіп емес, іс жайына қандым, білдім деп айтуларың керек.

Мұсатай. Қойдық, қойдық, ал. Бұл үлкендерге титтей бір әзілдейін десең де пәлеге қаласың.

Шаншар атай. «Әзілің жарасса – атаңмен ойна», – деген. Әзілің болса – жақсы, тек, тауаның болып жүрмесін тағы.

Мұсатай. Әзіл дедік қой енді, әзіл. Ал, өзіңіз, не, балалардың шекесінің сазайын беріп жатырсыз ба?

Шаншар атай. Дұрыс айтасың. Менің шертпегім бір күн үзілсе, шекелері тусырап қалады ғой бұл шіркіндердің. Оқтын-оқтын май шекеден ептеп тырсылдатып-тырсылдатып қойғанның еш артықтығы жоқ бұларға.

Мұсатай. Бәсе деген. Әбден дұрыс. Тырсылдақтан да сөз бе, тарсылдату керек. Өстіп орындықта тізіліп отырып алып сізге шекесін тосқаннан басқа не бітірмек бұлар енді ала жазға? Әрі кетсе, бір мезгіл судың басына барып жатар. Басқа не келедібұлардың қолынан.

Шаншар атай. Тайдың мінгені білінбес, баланың істегені білінбес. Сендер осыны білмейсіңдер. Әйтпесе, жаз бойы, колхоздың жарты шаруасын бітірер еді осы балалар!

Мұсатай. Солай деңіз. Жөн екен. (Балаларға). Әй, шертпекбайлар, Иман қарт ауырып қалыпты. Қане, соның орнына қайсың біраз күн су таси тұрасыңдар. Күніне бір мезгіл шөпшілерге су жеткізіп беріп тұрсаңдар болғаны. Қайсың барсаң да, еңбек күнді аямай жазамын. Қарық боласыңдар.

Шаншар атай. (Мұсатайға). Е-е, мұның енді дұрыс. Сөйт, сөйтіңдер... (Балаларға). Айтыңдаршы, қане, қайсың барасың су тасуға? Ал, мына Бекеңді өзім енді бірер күннен кейін қауынға алып кетемін. Бұл менімен бірге қауынға қарауыл болады. Қалай, барасың ба, Бекен?

Бекен (жұлып алғандай, қуанып). Барамын.

Әшірбек. Су тасуға мен барайын.

Шаншар атай (қуанып). Міне, жігіт дегендерің осындай болуы керек қой, бәсе. Ал, басқа балалар не істемек? Мұсатай, сен енді осы жағын ойлағын. Бұл балаларға бостан босқа кінә артқанша тауып бер бір-бір лайықты жұмыс. Істейді бәрі. Қалай, балалар, дұрыс па мұным?

Әшірбек. Дұрыс.

Санатбай. Несі бар? Істейміз.

Шаншар атай (Мұсатайға қарап). Міне, көрдің ғой. (Сәл ойланып барып). Сен енді мынаны айтшы, Мұсатай. Өз балаң неге тасымайды сол суды Иман жазылғанша? Қасыңда зіңгіттей жігіт Санатбай тұрғанда, сен неге басқа адам іздейсің осы?

Мұсатай. Тасыса болар еді, бірақ бұғанасы қата қойған жоқ қой әлі Санатбайдың. Жұмыс қайда қашар дейсіз, істер амандық болса әлі-ақ. Жүрміз ғой осы колхозды қайтсек көгертеміз деп арқа етіміз арша, борбай етіміз борша болып күн-түн демей безектеп. Колхозға бір үйден бір адам есек болса да жететін шығар...

Шаншар атай. Оу, мұның қай айтқаның? Сонда қалай, еңбек ету есек болу ма екен? (Қатты тарынып). Шекең шертпектен кенде болған жоқ сияқты еді. Бала күніңде талай шеруен аттырып-ақ едім, сонда да ештеңе кірмеген екен де миыңа. Асқынып бара жатыр екенсің, сен азамат. Әпкел бері бес шертпек. (Шаншар атай шертпек алуға оңтайланады).

Мұсатай. Қойыңыз. Абайламай аузымнан шығып кетіпті. Сөзді де жөндеп сөйлей алмайтын халге жеттік қой бұл күнде жұмыс-жұмыс деп жүріп. Санатбай биыл техникумға барады. Әйтпесе, осы балалардан әулие дейсіз бе ол? Осылар ойнаса ойнап, осылар күлсе күліп жүрген бала ғой Санатбай да. Өзіңіз айтыңызшы, қария, біздің тұқымда еңбектен қашқан адам бар ма еді? (Күлген болады).

Шаншар атай (жүзі жылып). Ә-ә, солай ма екен, батырым? Бала күніңде бір нәрсені бүлдіріп қойып, мен шертек алғым келгенде дәл осылайша безектеуші ең, әлі сол қалпың екен ғой. (Санатбайға қарап). Ал, мына Санатбай қалай еді өзі? Оқуы дегенім ғой баяғы... Бүгінде оқуға біліміне қарай таңдап алатын шығар?

Мұсатай (аяқ астынан арындап). Ойбай-ау, бұл қай айтқаныңыз? Елдің баласынан менің баламның бір жері кем болып па сондай-ақ? О, несі-ей? Түседі оқуға Санатбай. Түсіремін. Бригадир болып бекерге істеп жүрген жоқ шығармыз неше жылдан бері осы колхозда. Біраз дәулет бар бізде де. Оқуға қазір бала түспейді – пара түседі. Вот, солай! Пара-а-а, пара түседі! (Көкірегін қағады). Ол жағын мына Мұсатай жақсы біледі.

Шаншар атай. Тәйт әрі, тантымай! Оқып еді ғой біздің баламыз да. Пара түгілі пәлені де білген жоқ болатынбыз. Пойыз пұлдық бірдеңені жан қалтасына салып, шешесіне бір дорба талқан тарттырып алып кеткен. Сонымен-ақ барып түсіп, оқып шықты ғой Балабек.

Мұсатай (кекетіп). Балабек, Балабек. Ол заман қалғалы қашан! Бүгінде соқа басы барған бала омақаса құлап кері қайтып жатыр. Қалталы озды бәрінен. Заманың түлкі болса – тазы болып шал! Сөйтеміз біз де!

Шаншар атай қатты кейіп). Сөйт-сөйт. Шешеңнен де пара беріп туған шығарсың сен, сірә. Мұнымен көпке бармассың сен, Мұсатай, мен бірдеңе білсем.

Мұсатай. Осы бригадирлік пе, сонда қимайтындарың? Онда барып жамандаңдар бастыққа. Шауып алса, көрерміз. Ара түспей-ақ қой, ағайын. (Кетіп бара жатып). Әй, Әшірбек, ұмытып барады екем, ертең таңертең кел, Иман шалдың арбасына отырғызам.

Шаншар атай. Тоқта, тоқта. Сәл аял қылшы бері. Сен өзі өсек таситын кім деп жүрсің мұндағы елді? Жасымда үйір болмаған қылықты қартайғанда істейді деп пе едің?

Мұсатай (қолын сермеп, кетіп бара жатып). Тоқтайтын түк те жоқ. Еріккен шалмен ерігіп еще.

Шаншар атай. Солай де. Жөн-жөн. Жігіттің бүйтіп болғаны – жуадай жайрап солғаны. Бар, бар.

Әлипа (есік көзінен көрініп). Шалым-ау, шайға жүр. Жетер енді. (Кетеді).

Шаншар атай (балаларға). Айтпадым ба, жаңа? Әне шайға шақырып жатыр. (Балалар да, атай да қыран күлік болады. Атай орнынан тұрып). Ал, шайға жүріңдер, балалар.

Бекен. Рахмет, ата.

Әшірбек. Күн қызып, су жылыды. Біз енді шомылуға кетеміз. Рақмет...

Шаншар атай. Ал, балалар, бара қойыңдар. Бекен, сен дайындала бергін, керек күні алып кетем өзім. (Кетеді).

Санатбай (Бекенге). Ал, бақыр бас, қарның бұрын да қара қазандай еді, енді оған қауынды кептеп тыққан соң қайтер екенсің? Әбдір қамбашы құсап шермиіп жүре алмай қаларсың, тегі? Жегенің тәтті қауын, жатқаның салқын күрке туғалы көрмеген жақсылығыңды көретін болдың-ау, бақыр басым.

Бекен. Күндеп тұрсың ба? Өзің бар онда. Атайға кім көмекші болса да бәрібір. Сенікі құры тіл мен жағыңа сүйену ғой. Айтпақшы, сені әкең жетектеп оқуға апарды екен-ау. Тәй-тәй, Санат, тәй-тәй. Абайлап бас, алысқа барасың, Санатжан...

Санатбай. Барамын. Ал, қайтпексің? Сен ертелі-кеш арса-арсаң шығып арық жағалап жүргенде, Санекең салқын паркте сайран құрады. Көргенім – кино, барғаным – театр болады. Шалқимын сөйтіп.

Әшірбек. Жаса, Санат, жаса, аяқ-қолың шидей, сен шынында да қалада тұратын адамсың. Сенің қолың кетпен-күрек емес, қалам ұстауға жаралған, ал, аяғың қаланың тротуарын көсеп басуға лайық. (Балалар қыран күлкі болады).

Бекен. Баста бірдеңе болмаса, қалам ұстап қол не жарытады? Мұның басы белгілі ғой бізге. Ал көше таптауға бұл таптырмайды. Ақымақ бас-аяқтың соры.

Әшірбек. Бекен, сен оны олай деп күндеме. Математикті қайдам, Санатбайдан жазушы, әйтпеген күнде журналист шығады.

Бекен. Оны қайдан білесің?

Әшірбек. Білетін не бар? Көрмейсің бе, сөзге ағып тұр! Жазушы болғанда да бұл кәдімгі қаламынан ешқандай сөз атаулы қақас қалмайтын, кітапты том-том қылып үйіп тастайтын ғұлама жазушы болады.

Бекен. Әй, қайдам, жазушы кітапты құры сөзден құрамайтын шығар. Сылдыр сөзден түк те шықпас...

Әшірбек. Ой, данышпаным-ай. Дұрыс-ей, айтып тұрғаның. Қазірден өстіп адамның ақылы жетпейтінді білесің, кейін қайтер екенсің?

Санатбай. Қайтуші еді? Бұл данышпаныңның әлі ақылы толады, сөйтіп кемеңгер болады, сонан соң бәрімізден бұрын жуадай солады. Мұндай жасына жетпей, ақылы тым ерте жетілгендер ерте өледі, бірақ есесіне бұларды жұрт жылай-жылай кемеді.

Әшірбек. Әй, сылдыр, олай деме! Бүйтіп ешкімге өлім тілеме. Мұныңды Шаншар атай естісе, кем дегенде он шертпек алар еді шекеңнен.

Санатбай. Әй, қойшы сол еріккен шалды.

Әшірбек. Мынау қайтеді-ей, шамасына қарамай Шаншар атайға сөз тигізді-ау өзі. Осынысы үшін бұдан атайдың орнына өзіміз шертпек алып, ептеп жөнге салып жіберсек қайтеді? Қарсы емес шығарсыңдар бұған.

Бекен. Дұрыс айтасың. Атайға тіл тигізгені қай сасқаны? Алу керек. (Балалар шертпек алмақ болып Санатбайға тұра ұмтылды).


Шаншар атай. шөп кімдікі? сәбит
Шаншар атай. иә, бұл ненің ақысы? өзің емес пе ең жаңа ғана жалынған? әшірбек
Ерлан. ресторанды бүгін қояйықшы, көке. берік
Сәлім. ондай қызметінің, жақсылығының не керегі бар? сәлима
Фатима. менің күйеуім бар ғой. сәлима
Сәлім. маған ештеңе керегі жоқ. тергеуші
Е к і н ш і б ө л і м
Генерал. әбиірбек рахымович, болды-болды... мен де сыйлаймын әкімді. прокурор.
Мұсылманқұлов.
Генерал. бәріміз – ерік көбеновичтің баласымыз. әкім
Көбен. «сонша асығып, өліп бара жатырсыңдар ма?»-деп ұрады. тантай.
Ақбөпе. сауыт, бар енді, бара ғой. айырылысудан басқа амал жоқ екен бізге. сауытбек
Атланта... жоқ, америка сапары

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу