Аққулар ұйықтағанда Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби сазды кештің сценарийі Мақсаты



бет4/6
Дата23.01.2022
өлшемі32,81 Kb.
#129662
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-12055

2 жүргізуші: «Сен менің еліме бар» Баярыстанов Алишер

2 жүргізуші: Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді тамашалаңыздар

Көрініс «Аққулар ұйықтағанда»

О,құдірет, неткен шалқар күй ең сен 
Бүгін менің әулием сен , ием сен !
Алпыс екі тамырда қан орнына 
Тұрған сынды , киелі күй күмбірлеп! .
24- оқушы
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап ,асыр салып .
Ойнасыншы ,ойнасын ерке құстар ,
Тыныштығын олардың қашырмалық

«АҚҚУЛАР, ҚОШ БОЛЫНДАР» оқитын: 4 А сынып оқушысы Мухамеджанов Аслан



АҚҚУЛАР, ҚОШ БОЛЫНДАР
 Аттанып бара жатыр аққу - қаздар,
Қош енді, қош болындар, гәкку - наздар!  
Кеудемде күніренген дастан қалды,  
Киелі қанатымен аққу жазған.
 
Аққулар, кешіріндер, жазықтымын!
Қараймын керуеніне қажып бүгін.  
Адасып кетті - ау бірге сендерменен,  
Алапат күшім менен нәзіктігім!
 
Сыңқылдап соғылғанда қанаттарың,  
Таба алмай қалды менін тағат жаным.  
Үзілген жолдарыңа, қарақтарым,  
Үзілген жанарымды сабақтадым.
 
Ақ көлдің айдын төсін шимайлаған,  
Сұлулар, жатыр сені қимай далам.
Аққу боп неге ғана жаралмадым,
Адам боп өзіме - өзім сыймай барам.
 
Аққулар, алданыш па ең, арман ба едің?
Қош енді, қанатым жоқ самғар менің!  
Нуларым сыңси жылап қалды - ау менің,  
Суларым жетімсіреп қалды - ау менің!..
 
1 - жүргізуші:

Ендеше, ақын - жазушылардың ақынға берген баға - сөздеріне кезек берейік.

(Оқушылар кезекпен естеліктер оқиды)

- Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. (Ә. Кекілбаев)

- Мұқағали мұрасы – біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы (З. Серікқалиев)

- Әдебиет – ғаламат ғимарат, сұлулық сарайы. Мұқағали соның талантты тас қалаушыларының бірі. (Қадыр Мырза Әли)

- Біз тірілер, ол туралы білгенімізді айта береміз. Бірде асырып, бірде жасырып, бірде жеткізбей, бірде жеткізіп айтамыз. (Т. Молдағалиев)

- Қазақ әдебиетіндегі дара тұлғалы Мұқағали жұлдызы ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет