Аққулар ұйықтағанда Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби сазды кештің сценарийі Мақсаты



бет6/6
Дата23.01.2022
өлшемі32,81 Kb.
#129662
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-12055

Табиғат,
Жанымды алсаң,
Алшы менің.
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім,
Қалсын елім
, - деген Мұқағали барлық өлеңіне бойындағы сезімнің бүкіл ағынымен барып таусыла жазды.

Оқушылар: «Азамматтың ұрпағы» оқитын: Мандыбекқызы Мөлдір

1 - жүргізуші: Өміршең өлеңдерді әнмен әрлей отырайық.
ән «Қуанышыңмен» орындайтындар: 2 «А» сынып оқушылары:

  1. Дайырхан Есмұхан

  2. Аңсаған Қаразымова

  3. Нұрай Жания

  4. Ақберген Ақат

  5. Нүркеш Жаннұр

2 - жүргізуші: Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кеткен ақын жоқ десек артық айтқандық емес. Өйткені, махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып, бірақ әр ақын, өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әрқалай шығарады.

«Лашынға» Тұрғанбайұлы Жанболат

«Атамекен» өлеңін оқитын: Амангельдиева Айсұлу

Ән «Сенің көзің» орындайтын


1 - жүргізуші:

Махамбет пен Абайдан бірдей қуат алып өскен Мұқағали ағамыз мерейтойы Юнеско бойынша аталып өткен әрі ақын, әрі батыр Махамбетті пір тұтқан, ұлы Абайдың мақсатын өз мақсатым деп білген екен.



«Мен деген ырза, мәз бала» өлеңі. Оқитын: Хайратбек Ақбота

2 - жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей кейде ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді, ақынды ақын жұбатады.
Ақынды ақын оятпаса, ол қайғы,
Ақынды ақын таяқтаса, ол қайғы,
Ақынды ақын күйелесе, ол қайғы.


1 - жүргізуші:

Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты. Енді біз де Мұқағали болып Фаризаға мұң шағайықшы.

Видео көрініс «Фаризаға»

2 - жүргізуші:
1 - жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін сезді ме?...


1 - жүргізуші:

Қалықтаған биік шың асқарынан,

Күн шұғыл қарсы алып аспанынан

Талантты, тартымды ақындардай,

Жазушының көрінер дастанынан, -

Кезекті ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен танылып жүрген жас ақындарға берсек.


(Оқушылар өз өлеңдерін оқиды)
1 - жүргізуші:

«Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен» өлеңі оқылады. Оқитын: Такерова Насихат

«Әттең шіркін» өлеңін 9 Ә сынып оқушысы Өтеген Балнұр

2 - жүргізуші:

Ақ қырау тұрған ақпанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың – деп толғанады.
Ендеше оқушысы Береке Құдакелдінің орындауында «Есіңе мені алғайсың» әнін қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:

«Менің қымбатты достарым!»
Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. (14 ақпан. 1976 жыл. Күнделігінен)

2 - жүргізуші: «Үш бақытым» орындайтын: 3 «А» сынып оқушысы

2 - жүргізуші:

Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

... Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім

Иә, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса М. Мақатаев та көз жұмған жоқ.


«Сәлемдеме» өлеңі оқылады. Оқитын: Қарымсақов Санжар

1 - жүргізуші:

Мына күн де, мына аспан да, дала анау,

Бәрі бізден, бәрі бізден қалды – ау!

Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,

Өмір дейтін өлемін деп қарамау.

Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. Сол шындықты шын жүректен түсінсек қана тарлан талант, жыр жампозы М. Мақатаевтың ұлттық мақтанышымыз екенін мойындаймыз.

Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің,

Бір түйір жерге түскен тамшың едім.

Мұқағали жоғалса , қайтер дейсің,

Артымда қалсын жерім, қалсын е лім.

Кім білсін, қаншама әлі шырқарымды,

Кім білсін, қай күні сен қырқарыңды.

Мұқағали жоғалса , қайтер дейсің,

Жоғалтпасаң болғаны ұрпағымды!


1 - жүргізуші:
Осымен біртуар ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған кешіміз тамам.
2 - жүргізуші:
Назар аударғандарыңызға көп рахмет!

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген...

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Не тындырдың «басымды иемменен?»
Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой,
«Отан үшін өлемін, күйем» деген.

Өлім деген ерліктің қорегі ме?


Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не.
...Егер Отан сыңсыған орман болса,
Жапырақ боп жармасқын терегіне.

ән «Ризамын» Мадина Ералиеваның орындауында бейне баян




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет