Ауру атауы Ауески - Ауески ауруы-жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданаған, шошқа күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерешеленетін жұқпалы ауру.
- Ауруды бірінші рет 1902 ж. Сипаттап, құтырықтан ажыратқан вегер ғалымы А.Ауески.
Қоздырушы атауы - Suid herpesvirus 1-құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына жататын, таршаның ядросында көбейетін вирус. Жетілген вириондары 180-190 нм, липопротенді қабығы бар.
Індет туралы мәлімет індет ерекшеліктері - Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдырғатындар. Шошқа, ит, мысық, синантропты кемірушілер. Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы аңдар. Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады. Кей жағдайда адам да ауырады.
Дерттенуі - Вирустың денеге ену жолына, жануарлардың түр және ерешіліктеріне қарай дерттің дамуы әр түрлі өтеді. Тері арқылы енген вирус кірген жерінде тез көбейіп, гематогендік және лимфогендік жолмен денеге тарағанымен миды онша зақымдай қоймайды. Аурудың нәтижесінде минералдық заттар, белок ж\е көмірсу мен теріде ацетилхолин мен гистаминнің мөлшері өзгереді де, дене қышынады.
- Аурдың инкубациялық кезеңі 2-ден 20 күнге дейін созылады. Көз,ерні,аяқ-қол құйрық түбірі аймағында қышу байқалады. Жануар үнемі қышитын жерлерді жалайды,айналасындағы заттарға үйкеледі.
- Ересек шошқалардың аурудың ағымы жеңіл,қышу жоқ, нітижесі қолайлы. 1-10 күндік ішінде өледі.2 аптадан 3-4айға дейін жұқтырған торайларда ауру жүйке жүйесінің зақымдану белгілерімен қозғалмайды.
Өлекседегі патологиялық өзгерістер - Диагноз клиникалық көрініс ж\е зертханалық-патологиялық зерттеулер негізінде қойылады. Сараптама кезінде 5 түрлерге бөлінеді:
- Шырышты қабаттардағы қан кетулер;
- Катарельды бронхопневмония;
- Қабақтың ісінуі;
- Конъюниктивит;
- Ми қабығының қан тамырлары;
Ауруды диагностикалау тәсілдері - Вирусты бейтараптандыратын антиденелерді анықтау ж\е титрлеу үшін рН РНГ, РДП,РСК, ПТР ж\е т.б қолданылады.
Шектеу немесе карантин койылғанда жүргізілетін вет сан шаралар - Жануарлардың Ауески ауруымен ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп жарияланады және карантин қойылады.Карантиннің шарты бойынша мыналарға:
- 1) Ауески ауруына сезімтал жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектігеәкелуге (кіргізуге) және одан әкетуге (шығаруға), сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде де және қоралардың іштерінде де қайтадан топтастыруға;
- 2) шаруашылық жүргізуші субъектіден алдын ала зарарсыздандырмастан, былғарыны, қой терілерін, терілерді, сондай-ақ қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында дайындалған және сақталатын маңыздандырылған, шырынды азықтарды және көлемді жем-шөпті (шөп, сабан) әкетуге. Бұл азықтарды ауырып жазылған және вакцинациядан өткен жануарларды азықтандыру үшін сол жерде пайдаланады;
- 3) шаруашылық жүргізуші субъектіде жануарларды шағылыстыруды жүргізуге, асханадан қалған қалдықтарды азықтандыру үшін пайдалануға;
- 4) жануарларды өлшеуге және таңба басуға, аңдардың түбіттерін тарауға;
- 5) шошқаларды оларды алдын ала қайнатпастан маңыздандырылған және шырынды азықтармен (сүрлемнен басқа) азықтандыруға жол берілмейді.
Емі - Өзіне тән емдік дәрмек ретінде Ауески ауруына қарсы гипериммунді сарысу мен имунді глобулин қолданылады. Қосалқы микробтарды тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер ж\е симптоматикалық ем үшін витаминдер қолданылады.
Дауалау және күресу шаралары - Аурудың алдын алу шаралары мал фермаларында ж\е оның маңайында індеттің синантпроптық ж\е антропургиялық жасырын табиғи ошағы пайда болатындай кең территорияда жүргізіледі.
Интернет реусуртарға сілтеме Видео және әдеби материалдар - https://emirsaba.org/aueski-aurui-jospar.html
- https://ru.m.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%B7%D0%BD%D1%8C_%D0%90%D1%83%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8
- https://youtu.be/6HsPLUC0SyQ
Достарыңызбен бөлісу: |