Ауру тарихы. Миокард инфаркті



Дата13.11.2019
өлшемі33 Kb.
#51682
Байланысты:
ауру тарихы

Ауру тарихы. Миокард инфаркті

Паспорттық бөлім

Науқастың аты – жөні: Күнеділ Рамазан Бақытұлы

Жынысы: Ер адам

Жасы: 18 жаста

Кәсібі: Студент

Тұрақты мекен – жайы: Қызылорда обл. Қазалы ауданы, Қартақов көшесі №18

Науқастың ауырған күні: Осыдан 3 күн бұрын.

Алғашқы диагноз: Миокард инфаркті

Клиникалық диагноз:




  1. Науқастың шағымы:

Негізгі: Жүрек тұсының сығып, күйдіріп ауырсынуы.

Қосымша: Басының айналуы. Құсу.Ұйқының бұзылуы.



  1. Anamnes morbid.

Науқас өзін осыдан 3 күн бұрын жүрек тұсының түйіліп, шаншып ауыратындығын байқаған. Осыған дейін ешқандай аурумен ауырып көрмеген. Түнімен ұйықтай алмай, басы айналып, құсу сезімі пайда болатындықтан дәрігерге келіп шағымданған.
Науқастың өмір тарихы: (Anamnesis ritae)

Күнеділ Рамазан Бақытұлы жылы сәуір айының күні Қазалы ауданында дүниеге келген. Балалық шақта дамуы қалыпты болған. Бұған дейін ешқандай аурумен ауырмаған.

Аллергологиялық анамнез: дәрілік препараттарға және тағамдық өнімдерге аллергиялық реакциялары бар.
Жанұялық анамнез және тұқымқуалаушылық.

Отбасылық жағдайы жақсы. Үйленбеген. Қазіргі уақытта Қызылорда медициналық жоғарғы колледжде Фельчер мамандығы бойынша ІІ курс студенті. Мектепте орташа үлгеріммен білім алған. Тамақтануы тұрақты, біркелкі, құнарлы.

Жыныстық қатынасқа түспеген. Зиянды әдеттермен жиі әуестенеді. 16 жасынан бастап темекі шегеді, күніне 1 – 2 штук шылым шегеді. Алкогольдік ішімдіктерді мейрамдарда ғана қабылдайды. Бұл әдеттері қолданбағанына 2-3 күн болған, яғни ауырған күннен бастап.

Обьективті тексеру.

а) Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, төсектегі қалпы жартылай белсенді. Тері жабындылары таза, бозғылт түсті, бөртпелер жоқ, тері асты май қабаты жақсы дамыған.

Сүйектерде деформацияланулар мен қисаюлар жоқ. Қол, омыртқа жотасының буындары қозғалысы, шектелмеген, еркін. Дене бұлшық еттері жақсы дамыған. Науқас нормастеникалық типті.

Лимфа бездері ұлғаймаған, ауырсынусыз, қозғалмалы, ісінілер жоқ.

Бас пішіні жақсы, ауыз қуысы жақсы.

б) сана – сезімінің жағдайы.

Психикасы, есі анық дұрыс. Интелекті жақсы. Ұйқы бұзылыңқы. Есте сақтау қабілеті бұзылмаған. Басының ауыруы, айналуы жиі байқалады. Сөйлеу, көру, иіс сезу қабілеті қалыпты.


Тыныс алу жүйесі:

Тыныс алуы мұрынмен, тыныс алуға кеуденің екі бірдей жағы қатысады. 1 минуттағы ТАЖ 20 – дан жоғары. Дауыс дірілі жақсы.


Жүрек тамыр жүйесі – Жүрек ұшының соққысы жақсы қалыпты.
Асқорыту жүйесі: Жақсы. Ауыз қуысында ешқандай өзгерістер байқалмайды.
Несеп шығару жүйесіндеешқандай өзгерістер жоқ, жақсы.
Нейрождокрин жүйесі – санасы жақсы, сұраққа жақсы, анық жауап береді, өзін – өзі ұстауы жақсы.
Қосымша тексеру әдістері – қанын, несеп сараптамаларын тексеру.
Маман кеңесі – ұзақ күтімді талап ету. Наркотикалық дәрілерді қабылдау.
Ем жоспары:

  • Режим, диета.

  • Симптоматикалық ем.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет