02.05.23
2-ші күн
Практиканың 2-ші күні респираторлық аурулар бөлімінде өтті.
Ауру тарихы Паспорттық бөлім АТЖ: Сагидолла Ж
Туған күні: 02.07.1953
Мекен-жай : Атырау қ. Мкр, Жұлдыз 5үй
Ауруханаға түскен күні Ауруханаға түсу жолы: Жоспары түрде
Шағымдары: ентігу, дем шығару қиындауы, шаршау, әлсіздік.
Anamnesis morbi:2013жылдан бері ентігу пайда болған. Мекен-жайы бойынша қаралып ем қабылдаған. Уақыт өте келе жағдайы нашарлаған. Қазіргі госпителизация жоспарлы.
Anamnesis vitae: 30 жыл жүргізуші болып жұмыс жасаған. Тұрмыстық жағдайы орташа. 46-жасынан бері шылым шегеді.алкоголь тұтыну сирек. Тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Аллергиялық көрсеткіштер жоқ.
Жалпы қарау: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық. Төсектегі қалпы активті. Дене тұрқы гиперстеникалық. Бойы-179см, салмағы-84кг. ИМТ-26,2. Температура-36.6. Терісі таза, құрғақ, тургоры қалыпты. Лимфа түйіндері қалыпты, ұлғаймаған.
Тыныс алу жүйесі: Шағымдары: ентігу, дем шығару қиындауы, шаршау, әлсіздік.
Қарау:тыныс алуы қиындаған, ентігу, ұстамалы. Субъективті: дем шығару қиындаған, даусы таза, тыныш. Оң мен сол өкпе симметриялы. Тыныс алу іштік. ТЖ-28/мин. Пальпацияда: кеуде қуысында ауырсыну жоқ, дауыс дірілі барлық аймақтарда әлсіреген. Перкуссияда: салыстырмалы перкуторлы дыбыс.Топографиялық перкуссияда: төменгі шекаралары күрт төмендеген. Аускультацияда: везикулярлв, крепитация, плевра үйкеліс шуы жоқ. Өкпе төменгі бөлігінде ылғалды, ұсақ көпіршікті сырылдар, екі өкпеде бірдей естіледі.
Жүрек-қан тамыр жүйесі: Шағымдар жоқ. Жүрек аймағы қарау барысында-ұйқы артериясының пульсациялық шу. Жүрек аймағы кеуде клеткасы қалыпты. Жүрек ұшы соұұысы –ші қабырғааралықта сезіледі. Жүрек перкуссиясында шекаралары қалыпты. Жүрек тондары қалыпты. ЖСЖ-80/мин
Ас-қорыту жүйесі: Шағымдары жоқ. Қарау барысында іші қалыпты, таза. Іші дөңгелек пішінде, симметриялы. Пальпацияда қалыпты, ауырсынбайды. Перкуссия қалыпты. Іш қуысында бос сұйықтық анықталмайды. Іші тыныс алуға қатысады.