31. Азопирам реактивін дайындау. Азопирам байқауының нәтижесі. Азопирамды реактивты дайындау: 100 мл амидопирин және 1мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л-ге дейін 96% спиртпен араластырады. Азопирамды реактивты жабық ыдыста 4˚С температурада 2 айға дейін сақтауға болады.
Азопирамның жұмысшы ерітіндісі: азопирам реактиві және 3% сүтегінің асқын тотығына бірдей мөлшерде пипеткамен алынады. Дайындалған жұмысшы ерітіндіні 2 сағат ішінде қолдану қажет.
Азопирам байқауын жүргізу үшін күн сайын бір уақытта өңделген бұйымдардың 1 %-ын, бірақ әр партиядан кемінде 3-5 бірлікті алу қажет.