- эпидемиға қарсы шараларды қажет ететін жұқпалы аурулық. Жұқпалы аурулық, тамақтан немесе жедел кәсіби улану, екпеге ерекше реакция (058/у) кезінде жедел хабарлама санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығына 12 сағат ішінде жіберіледі және Жұқпалы аурулықты тіркеу (060/у) журналында тіркеледі. Осы журналдағы жазу негізінде жұқпалы аурулардың қозғалысы есебі жасалады.
- маңызды эпидемиялық емес аурулық кейбір әлеуметтік-маңызды аурулар туралы ақпарат береді және осындай аурулардың анықталуы кезінде өмірінде бірінші рет анықталған белсенді туберкулез, жыныс жолы арқылы берілетін инфекция, трихофития, микроспория, фавус, қышыма, трахома, психикалық аурулар туралы Хабарлама (089/у); өмірінде бірінші рет анықталған рак немесе басқа қатерлі ісік ауру туралы Хабарлама (090/у); өмірінде бірінші рет анықталған нашақорлық туралы Хабарлама (091/у) толтырылады.