Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй ақылы уақытша



Дата15.12.2022
өлшемі45 Kb.
#162928
Байланысты:
Кіріспе
Грант тобының кураторлар тізімі, 2 АУЫСЫМ ПЛ, 2 АУЫСЫМ ПЛ, 1олимпиада, ГО 18-1, ~$6b9a18-7feb-4198-a4f3-0e856296a6ec, 5.4, 5.4, Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі, Антивирус, Функция., Антивирустық бағдарламалар, Екі түрлі күнделік, арксинус, жинастыру бөлімі

Кіріспе

Қонақ үй қызметінің саласы – бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер,атақ абыройға ие бола алады.


Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы уақытша
өз үйі.Ал үй ішінде адам өзін жақты сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болу шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта – қайта келу тілегін қалыптастыру керек.
Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен қарастыру мүмкін емес. Өйткені, қонақ үй шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және пайда табу көзі болып табылады.
Қонақ үй шаруашылығы — әр бір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі.
Қонақ үй – кең мағынасында қысқа мерзімдік уақытта тұруға
арналған жиһаздандырылған бөлмелер жиынтығы.
Қонақ үй – бұл қызметтерді өндіру және қызметтер көрсету бойынша қалыптасқан күрделі шаруашылық кешені.
ЮНВТО – ның анықтамасы бойынша қонақ үй дегеніміз – белгілі
бір нөмерлер санынан тұратын бірегей басшылығы бар және бір қатар қызметтер түрін көрсететін (кем дегенде төсек орнын ауыстыру және нөмерді жинау тағы басқа) сондай – ақ классқа, категорияға бөлінетін ұжымдық орналастыру құралы.
Қонақ үйлердің негізгі мақсаты – туристер үшін сапалы қызметтер көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің дең –
гейін әлемдік дәрежеде көтере алады.
Қонақ үйді басқару ерекшеліктеріне байланысты олар айрықша қонақт үйлер немесе қонақ үй желілері болып бөлінеді.
Барлық қонақ үйлердің қызметтері негізгінен 4 топта қарастырылады:
1. орналастыру
2. тамақтандыру
3. бос уақытты ұйымдастыру
4. тұрмыстық қызмет көрсету
Қонақ үйдің халықаралық тәжірибеде төмендегідей типтері жиі кездеседі:
1. Апортамент – сиымдылығы жағынан шағын және орташа болып келеді.Бұл ірі қалалар үшін тән.Сондықтанда ол пәтерлік типтегі қонақ үй болып табылады.
2. Эконом класты қонақ үй – сиымдылығы жағынан шағын немесе орташа мөлшердегі кәсіпорын болып табылады және магистралдарға жақын орналасады.
3. Отель – бұл сиымдылығы жағынан әр түрлі мөлшерде болып келетін қалалардың көрікті ыңғайлы жерлерінде орналасатын және де қонақ жайлылықтын барлық түрі ұсынылатын кәсіпорын.
4. Мотель – автобустерге арналған қонақ үйлер.Қаланың сыртында ірі автомобиль жолдарының бойында орналасады немесе туристік орта –
лықтар құрамына кіреді.Тұрақтары, автожағармайлары,техникалық қызмет орындары бар.Ғимараттын сиымдылығы орташа және шағын деңгейге тән.Ең бастысы бұнда клиенттер өз өзіне жұмыс жасайды.
5. Кемпинг – бұл авто, мото туристерге, вело туристерге арналған қаланың сыртында орналасатын кейде мотельдердің жанында орналасатын лагер типті қонақ үйлер.Туристер жазғы айларда палаткаларда түнеп шығу үшін ғана орналасады.Электрмен, сумен, автомашиналарды жуумен және жөндеумен қамтамасыз етіледі.
Автомашиналар қоятын орындар бар.Бұл жерде қосымша қызмет
орындары болуы мүмкін.Кейбір кемпингтер қонақ үйлердің, турбаза –
лардың, мотельдердің құрамына кіреді.Кемпингтер туристік маршруттар бойында, курорттық аудандар мен туристік орталықтарда салынады.
6. Түнеу және таңғы ас типіндегі жеке меншік қонақ үйлер – бұл АҚШ – та кең таралған.Сиымдылығы жағынан орташа болып келеді.
7. Пансион – бұл қарапайым стандартты қызметі шектеулі кәсіпорын.
Бірақ бұнын басты ерекшелігінен қонақтарға толық пансион көрсетіледі, яғни 4 уақыттық ас береді.

Кіріспе

Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар)- бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығын –
дарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді –
лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алары анық. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғанындай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициямен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді. 
Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Оған ешкім шәк келтірмейді. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді.
«Туризм» түсінігіне жай ғана бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Біреулердің түсінігінше, туризм қолдарына қол шатыр алып, түнгі шоқ ошақ басында ән айтып, адам аяғы баспаған жерлермен жүрілген киллометрлер болса, ал енді біреулер үшін тарихи жерлерде саяхаттану, олардың болмысы мен тарихын зерттеу, үшінші біреулер үшін шет елдерге саяхаттанумен түсіндіріледі. Әрине, олардың әрқайсысы да дұрыс пікірде, өйткені, туризм саласы сан-қилы, жан-жақты құбылыс.
Бір көзге қарағанда «туризм» түсінігі кез келген адамға түсінікті термин, өйткені біз бәрімізде бөтен жерлерге сапар кештік, туризм туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, мақалалар оқыдық, саяхаттар туралы әртүрлі телебағдарламаларды тамашаладық, өз еңбек демалысымызды жоспарлай отырып, туристік агенттіктердің кеңестері мен қызметтерін пайдаландық. Алайда, ғылым және білім саласында халықшаруашылығының ажырамас бір бөлігі ретінде туризмнің құрамдық элементтерінің қатынасын айқындап алғанның маңызы зор. 
Туризм түсінігін айқындағанда мынадай келесі көрсеткіштерді ескерген жөн: 
1. Орын өзгерту. Бұл жағдайда іс-әрекет күнделікті ортадана тыс жерге орын ауыстыру арқылы жүзеге асады. Алайда өз үйі мен жұмыс орнына немесе оқу орнына бару арқылы орынын өзгерткен тұлғаны турист ретінде қарастыру мүлдем теріс түсінік. 
2. Өзге жерге келу. Бұл жағдайдың басты мақсаты: өзге келген жер тұлғаның үнемі немесе ұзақ мерзімді өмір сүру ортасына айналмауы тиіс. Сонымен қатар бұл еңбек қызметімен де байланысты (жолаушының еңбекақысы мен іс-сапар ақысын төлеу) болмауы керек. Тағы да бір ерекшелігі саяхаттанушылар жаңадан келген ортасында 12 ай бойы немесе одан да ұзақ мерзімде тұрақтамауы тиісті. Нақты бір өзге ортада бір немесе одан да ұзақ мерзімде болған немесе болуды жоспарлаған адам туризмнің критерийлері бойынша саяхаттанушы (турист) болып саналмайды. 
3. Жаңадан келген орта еңбек ақы төлеудің негізгі ортасы. Бұл жағдайда саяхаттың немесе жолсапардың негізгі мақсаты жаңадан келген ортада арнайы бір қызмет етіп, пайда табуды көздеу болмауы тиіс. Қызметтік іссапар, сондай-ақ бос уақытын өткізу мақсатындағы саяхат - бұл күнделікті өмір сүру және қызмет ету ортасынан тыс жерге орын ауыстыру. Егер қала тұрғыны сол қаладан сауда-саттық қызметі мақсатында орын ауыстырса, ол саяхаттанушы болып есептелмейді. Өйткені ол өзінің негізгі ортасын тастап кетпейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет