«Қазақ балалар әдеби үрдісі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Пән бойынша дәрістік кешен



бет35/84
Дата06.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#35207
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84
5. Пән бойынша дәрістік кешен:
1- дәріс
Тақырып: Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы.
Мақсаты: Балалар әдебиеті туралы түсінік беру, мақсат-міндеттерін айқындау.
Дәріс мазмұны:

  1. Балалар әдебиеті туралы түсінік.

  2. Балалар әдебиеті жөніндегі ұлы адамдардың ой - пікірлері.

Балалар әдебиетінің алға қойған міндеттері - жасөспірімдерді патриотизмге, бірлікке, еңбекке, қоғамдық көзқарасқа және адамгершілікке деген ізгі қасиетке баулу. Балалар әдебиеті шығармаларының ықпалы, тәрбиелік күші жағымдық кейіпкерлер образын жасау проблемаларына байланысты шешіледі. Жақсыны үлгі етіп көрсету, олардың Отаны, халқы алдындағы қызметін өрсөту, типтік образын жасау, жасөспірімдердің еліктеуіне, солардай болуына, талаптануына жол ашады.
"Өнер алды - қызыл тіл", - деп Абай айтқандай балалар әдебиетінің басты проблемасының бір түрі - тіл. "Әдебиет сөз арқылы сұлу суреттелетін өнер" деді М.Горкий. Сондықтан балаларға арналған шығармалардың тілі, ең алдымен өзінің ана тілін жетік білуге, сөздік қорын байытуға жүйелі түрде қисынды сөйлеуге баулитын көркем құрал болуға тиіс. Әрбір сөз өз орнында өз міндетін атқара тұрып, балалардың уылжыған жас жанына қозғау салып, сұлу суреттерімен эстетикалық жағынан әсер ететіндей болуы керек.
Балаларға арналған өлеңдер ойнақы, жинақы, тілі балалардың жанындай мөлдір де тұнық, қызықты да қарапайым болуы шарт. Октябрь революциясынан кейін қазақ балалар әдебиеті сыншылар мен зерттеушілер, ғалымдар мен ақын жазушылардың ықыласы арқылы дамыды. Балалар әдебиетінің ерекшеліктері туралы С.Сейфуллин «Жұмбақ айтысу" деген еңбегінде: Жұмбақ айтысу - хат жаза білмеген көшпелі ел жастарының өз әлінше зейіндерін тапқыштыққа үйретіп тілін шеберлейтін, сөзді үйлестіріп, ұйқастырып айтуға жаттықтыратын сабақ тәрізді болған" дейді.Сөкен балалар әдебиеті нұсқаларын жинаушы, әрі зерттеуші. Ал І.Жансүгіров "Өтірік" атты жинақта жазған алғы сөзінде "Ел өтірігі үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады" деп жазды. М.Әуезов "Әр жылдар ойлары", "Ертегілер" деген ғылыми еңбектерінде балалар әдебиетінің түп - төркіні халықтық шығармалар екенін дәлелдеді. Жас жеткіншектердің өз араларында үлкен ерекшеліктері бар, сондықтан да балалар әдебиеті бірнеше салаға жіктеледі:

  1. Мектепке дейінгі балалар әдебиеті.

  2. Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдебиет.

  3. 9 жылдық мектеп оқушыларына арналған әдебиет.

  4. Жоғары сынып оқушыларына арналған әдебиет.

1. Мектеп жасындағы балалар, олар оқырман емес. Оларға арналған шығармалар қысқа да, ықшам жазылған суретті кітаптар түрінде беріледі. Тақырыбы табиғат, өзін қоршаған ортадан алынады. Тілі жеңіл де ықшам келеді. Бас бармақ, шылдыр шүмек т.б. сияқты күлдіртіп ойнату. Бұл жастағы балаларға әсіресе өлең сөздер ерекше әсер етеді.
2. Бұл 7 - 1 О жастың арасын қамтиды. Бұл жастағы балалар мектеп бағдарламасымен тығыз
байланыста. Адам баласы тарихында ауыз әдебиетінің алтын қоры жыр өлеңдерінің бірінші бастамасы-бесік жыры. Бұл жырда қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі, халықтың шешендігі, арманы, эстетикалық идеалы бейнеленген. Оның сөз жүйесінің ырғағы, мән-мағынасы аса ұқыпты. Бесік жырында дүниеге келген жас нәрестенің болашағын ойлап, қолдан келген мүмкіндігін соның жолына бағыштауға тырысады. Халық тәрбиесі баланы жастай көпшіл, ынтымақшыл.сый-сыйапат көрсете білетін өнегелі азамат болуын көздеген. Баладан адамгершілік қасу.етті талап еткен.
Баланы күту, бағу,мәпелеу, тәрбиелеу, әлпештеп ақ бесікке салу, оның мәңгілік қамқоршысы болу-ата-ананың борышы. Бала туғанда шілдехана жасау, жас нәрестенің дүниеге келуін өздеріне бақыт санау жалпыхалықтық салтқа, әдет-ғұрыпқа, эстетикалық идеалға айналған:
Бармақтарың майысып,
Ұста болар ма екенсің,-
деп, бала халыққа әр жақты өнерімен,білімімен,игі істерімен танылса деп арман еткен:
Таңдайларың тақылдап, Сөйлегенде сөз бермей, Шешен болар ма екенсің,-
деп, бесікте жатқан нәрестенің болашағын ойлаған. қай іске,қай өнерге болса да икемі бар сегіз қырлы, бір сырлы азамат болуын көздейді. Сондықтан да өз сәбиін өнердің, еңбектің қай түріне болса да баули беруді, ынталандыра беруді мақсат еткен. Бесік жырында адамның басынан кешірген тағдыры, қайғысы мен қуанышы, рахаты жырланады. Бесік жырының әсем де жеңіл айтылуы оның сазды әуенге қосылып, сондайлық баппен шырқалуы баланың. көңіл ­күйін ашып, оны көңілдендіреді. Бесіктің тербелуі мен ән ырғағының бір шығуы бала тербеткен ананың да, бесікте жатқан баланың да жүректерінің бірге соққандай әсері сезіледі. Бесік жыры ғасырлар бойы ұзақ өмір сүріп, ұрпақтан ұрпаққа ұласуымен қатар оған бала тәрбиелеуде заманы қойған талап, мақсатқа қарай жаңа мазмұнда, жаңа түрде айтылатын шумақтар қосыла берген. Бұл жыр оларды алға қарай талпынуға, ілгері ұмтылуға, жігер - қайратының шыңдалуына бастайды. Бесікте жатқан баланы тәрбиелеу ісінде халық осыларға зор мән берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет