«Қазақ балалар әдеби үрдісі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Пайдаланылатын әдебиеттер



бет46/84
Дата06.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#35207
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84
Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.

  2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы, 1976

  3. Ахметов З. Өлең – сөздің теориясы. - А., 1973.

  4. Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.

  5. Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-А., 1976.

  6. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967.

  7. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. (Қазіргі қазақ балалар прозасы.А., 1997.)

  8. Ергөбек Қ. ХХ ғ.басындағы әдебиет.А., 1994

11- дәріс
Тақырып: Соғыс кезеңі мен онан кейінгі жылдардағы балалар әдебиеті.
Дәріс мазмұны: М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы, Т.Тоқтаров т.б. туралы шығармалардың бастауышта оқытылуы.
1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Совет халқы өзінің барлық күш-жігерін Отан қорғауға бағыттады. Барлық азаматтармен бірге жазушыларымыз: Қ.Әбдіқадыров, Т.Жароков, Б.Бұлқышев, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Саин т.б. майданға аттанды. Сол кезде жасы тоқсаннан асқан қарт ақын Жамбылдың өзі де майданның алдыңғы қатарындамын деп есептеді. Оның „Ленинградтық өрендерім” өлеңі барлық Совет Армиясына үлкен рух беріп, неміс басқыншыларына қатты соққы болып тигені әлемге аян.
Отан соғысы жылдарында балалар әдебиетінің негізгі тақырыптары майдандағы ерлік күрестер мен тылдағы азаматтардың қаһармандық еңбектері жайында болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазушылар жасөспірімдерге рухани азық боларлық, олардың жігер – қайратын шыңдай түсетін жақсы шығармалар берді. Бұл жөнінде жас жауынгер Б.Бұлқышевтің „Өмір мен өлім туралы”, „Шығыс ұлына хат” (1943) әңгімелерін ерекше атаймыз. Баубектің осы әңгімелерінің бәрінен де тауы қайтпаған жалынды жастың Отанына беріле қызмет ету жайындағы патриоттық сезімдері, ерлік істері көрінеді. „Ұр да жық ақымақ фрицтер біздің жастығымызды, болашағымызды құртқысы келеді. Біз, әрине бере алмаймыз оны! Өлерміз, бірақ бере алмаспыз! Бермейміз!” дейді Баубек Бұлқышев „Өмір мен өлім туралы” әңгімесінде. Олардың Отан қорғау күресіндегі көздеген негізгі нысаналы мақсаттары да осы еді. Отан соғысы жылдарында балалар әдебиеті тақырыбына жазылған шығармалар нақтылы оқиғаның негізіне құрылған. Мұндай шығармалар балаларға оқиғасының әрі қызықты, әрі үрейлі болуымен әсер етеді, неміс фашистерінің хайуандық, опасыздық істеріне жандары төзбей, ашу, ызаларын төгеді. Жағымды кейіпкерлерге жаны ашып, майданның алдыңғы шебіне кеткендегі оның тағдыры не болар екен деп, абыройлы оралуына тілектестік білдіріп, оқырманның өзін патриоттық рух билеп отырады.
Әбдіқадыров Қалмақанның „Жетім құлын” (1942), Ғали Ормановтың „Бөбек жүрегі” (1944) деген өлеңдерінде майдан өмірінің аянышты халдері суреттелген. Адам түгіл қызыл қанға боялып жатқан туған жердің топырағы да тым аянышты болады. Қалмақан „Жетім құлын” өлеңінде арбаға жегіліп бара жатқан майдандағы қос жылқыға снаряд түсіп қирағанын, соның біреуінің құлыны өліп жатқан енесін иіскеп, шарқ ұрып шауып, кісінеп жүргенін соншалық әсерлі суреттеген:

Ой жануар, құлыншақ,
Майданда аштың көзіңді.
Туған жерді сен аңсап
Шарқ ұрғаның сезілді.
Көзіңді ашқан өрісің
Қымбат болса сен үшін
Туған жерім, қонысым,
Арзан ба еді мен үшін!
Шұрқыраған үніңе
Елжірейді жүрегім.
Сендей жетім елімде
Аз емесін білемін
Қырдан астың құтылдың
Алдың – бейбіт өрісің!
Мен окопта отырмын
Зұлымдықтың кегі үшін.

Қазақ балалар әдебиетінің дамуы тек өлеңдер мен әңгімелер, очерктер көлемінде шектеліп қалған жоқ. Ол өзінің жан – жақты жанрлық табыстарымен көбейді. Балаларға арналып Отан соғысы тақырыбына көлемді шығармалардан повестер мен поэмалар шыға бастады. Отан соғысы тақырыбынан балаларға арнап бірінші рет повесть жазған С.Бақбергенов еді де, поэма жазған М.Хакімжанова еді. Екі рет батыр атағын алған Т.Бигельдиновтың ерлік өмірінен жазылған С.Бақбергеновтың „Талғат”, Жекен Жұмақановтың „Әлия Молдағұлова” атты повестері басылып шықта да, Совет Одағының Батыры Мәншүк Маметова жайында М.Хакімжанованың „Мәншүк” деген поэмасы 1945 жылы жарияланды. Одан кейін Әди Шәріповтың „Партизан қызы” атты повесі жарық көрді.
Ақын М.Хакімжанова өзінің балаға деген аналық сүйіспеншілігін ортаға сала отырып, үлкен патриоттық сезіммен Мәншүк туралы адам жанын тебірентетін поэма жазды. Поэманың алғашқы бетінде – ақ Мәншүктің сәбилік шағын суреттеген балдырған баланың әдемі, сүйкімді кескіні мен қызықты қылықтары көз алдыңа келеді:

Қара шашы қара бұлтпен жуғандай,
Қара қасы аймен егіз туғандай
Желмен ойнап, желбіресе кекілі
Күн шұғыласы маңдайында тұрғандай
Тұнық көзі төңкеріле қараса
Ұзын кірпік оқтай тізген жараса
Қызыл лента желбірейтін төбеде,
Толқындалған тұлымымен таласа-,

деп балаға тән барлық сипатты, оның барлық мінез - өзгешеліктеріне дейін, тіпті көбелек қуып, мәз – мейрам болған күйіне дейін суреттейді. Поэманың барлық желісінен ана мен бала арасындағы өмір байланысы көрініп, Отан алдындағы азаматтық борыштары, идеялық мақсаттары сөз болып отырады. Кәмелеттікке жаңа жеткен майдандағы қыз баланың дүниені таң қалдырған әрбір ерлік істері біздің өрендеріміздің патриоттық рухын көтеріп, өздерін де Отан алдында Мәншүктей қызмет етуге әрқашан әзір болуға тәрбиелейді. М.Хакімжанованың „Мәншүк” атты поэмасы балалар әдебиеті мұрасына қосылған үлкен үлес.
Майдан тақырыбына жазылған шығармалар әр – алуан. Олардың бәрінде де қайсарлықтың уыттары көрініп отырады. Бірінде атқыштар, пулеметчиктер болса, енді бірқатары партизандар өмірін қамтиды, біреулері танкистердің ерлік істерін сипаттаса, тағы бірі ұшқыштардың қайсарлығын әсерлі суреттейді. Осының бәрі де жас буындардың жігерін шыңдайды. Отан соғысы жылдарында жазылған балалар әдебиеті өзінің идеясы жағынан да, көркемдігі жағынан да бұрынғысынан әлдеқайда нығайып, өсе түсті.
Бастауышта белгілі жазушы, ҰОС батыры М.Ғабдуллиннің осы отты жылдар туралы жазған «Алтын жұлдыз», «Сұрапыл жылдар» т.б. кітаптары бар. Оның Т.Тоқтарыв туралы жазған «Тау қыраны» әңгімесі 4-сыныпта оқытылады. Ерлі-зайыпты майдангерлер А.Хамидулдина, Ә.Хамидулдиннің «Мәншүктің жұлдызды сәті» әңгімесі бар. Олар Мәншүкпен қан майданда бірге жүріп, соғыс тауқыметін бірге көрген қарулас достары. Әлия туралы Ә.Нұрмаханованың «Шығыс шынары» әңгімесі мен С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесі оқытылады. Сонымен бірге, ақындардың Мәншүк, Әлия ерлігін жырлаған өлеңдері де бар. М.Ғабдуллиннің Б.Момышұлы әңгімесі 3-сыныпта оқытылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет