Нәтиже сабақ
Тест 2- жартыжылдық
1- нұсқа
1. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Кім болам?» деп шарқ ұратын лирикалық кейіпкері бар туындысын табыңыз.
А) «Қамар сұлу»
В) «Адасқан өмір»
С) «Кедей»
D) «Кім жазықты?»
Е) «Дүтбайға»
2. С.Сейфуллиннің күрделі компазициясы, бірнеше сюжет желісі бар шығармасын көрсетіңіз.
А) «Қызыл ат»
В) «Көкшетау»
С) «Альбатрос»
D) «Аққудың айырылуы»
Е) «Лашын әңгімесі»
3. А. Байтұрсыновтың Крыловтан аударған аудармасын табыңыз.
А) «Анама хат»
В) «Ат»
С) «Қасқыр мен мысық»
D) «Балықшы мен балық»
Е) «Алтын әтеш»
4. С. Торайғыровты малай орнына жұмсап, өлең жазуына тыйым салған молданың атын табыңыз.
А) Нұрғали
В) Мұқан
С) Әлі
D) Әдірахман
Е) Тортай
5. М. Жұмабаевтың Қызылжар медресесіне оқуға түскен жылын табыңыз.
А) 1911 жылы
В) 1916 жылы
С) 1910 жылы
D) 1912 жылы
Е) 1905 жылы
6. Жүсіпбек Аймауытовтың «психология» еңбегінде адам мінездерін неше топқа бөлетінін көрсетіңіз.
А) 8
В) 7
С) 5
D) 3
Е) 4
7. Ғ. Мұстафиннің «Өмір мен өлім» романы қай жылы жарық көрді?
А) 1973 ж.
В) 1937 ж.
С) 1935 ж.
D) 1961 ж.
Е) 1940 ж.
8. А.Байтұрсынов «Қырық мысалды» кімнен аударғанын табыңыз.
А) Крылов
В) Тургенев
С) Ушинский
D) Пушкин
Е) Толстой
9. С.Сейфуллиннің Қазан қаласындағы «Матбуғат Кәримия» баспасынан басылған жинағын табыңыз.
А) «Домбыра»
В) «Қызыл ат»
С) «Асау тұлпар»
D) «Өткен күндер»
Е) «Экспресс»
10. Ғ. Мүсіреповтың 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілісінің шындығын суреттеген, ана бейнесін сомдаған әңгімесін табыңыз.
А) «Ананың анасы»
В) «Адамның анасы»
С) «Ашынған ана»
D) «Ананың арашасы»
Е) «Ақлима»
11. С. Мұқановтың «Сырдария» романында әңгіме болатын шаруашылық түрін табыңыз.
А) Қала салып, өндіріс жүргізу ісі
В) Қой шаруашылығы
С) Егін егу жайы
D) Канал қазып, күріш егу мәселесі
Е) Мақта өсіру жұмысы
12. Ғ. Мүсірепов «Шұғыла» әңгімесінде шұғыла деп нені айтқанын табыңыз.
А) Кемпірқосақты айтады
В) Күн сәулесін бейнелейді
С) Сібір шұғыласын айтады
D) Қардан қаланған «ақққаланы» айтады
Е) Аспан әлемін суреттейді
13. М. Жұмабаевтың Баян батырға туыстық қатынасын көрсетіңіз.
А) Рулас, жерлес туысы
В) Ешқандай туыс емес
С) Арғы аталары болып келеді
D) Немерелес ағайыны
Е) Мағжанның әжесі- Баянның немере қызы
14. Ж. Аймауытовтың «Рабиға» пьесасына арқау болған мәселені табыңыз
А) Жеңіл жүрісті әйел өмірі
В) Теңдік іздеген әйелдің қайғылы өмір жолы
С) Жас алшақтығы бар және рухани кереғар адамдардың басын бір шаңырақта біріктіре алмауы
D) Оқу іздеген қазақ қызының тұрмысы
Е) Кедейлердің мазасыз тірлігі
15. С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы қандай оқиғадан басталатының табыңыз.
А) Омбы семинариясында оқып жүргенінен
В) Колчак түрмесіне түсуімен
С) Жас Сәкеннің Россияда өтіп жатқан санақ жұмысына араласуынан
D) Анненковтың азап вагонына тұтқын болудан
Е) Әупілдек көлімен қоштасқан бақытсыз қыз оқиғасынан
16.Б. Майлин оқыған «Уазифа» мектебі қай қалада орналасқаның табыңыз.
А) Томск
В) Омбы
С) Қазан
D) Уфа
Е) Троицк
17. Алғадай деген баласына жоқтау жыр арнаған ақынды табыңыз.
А) Ж. Жабаев
В) А. Құнанбаев
С) С. Торайғыров
D) М. Жұмабаев
Е) С. Сейфуллин
18. С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романында қандай тарихи тұлға сомдалатынын табыңыз.
А) С. Сейфуллин
В) А. Құнанбаев
С) Ы. Алтынсарин
D) Балуан Шолақ
Е) Ш. Уалиханов
19. М. Әуезовтың аудармасын табыңыз.
А) «Қилы заман»
В) «Абай»
С) «Түнгі сарын»
D) «Асауға тұсау»
Е) «Хан Кене»
20. Ғ. Мұстафин өнеріне сай жауапты белгілеңіз.
А) Ақын
В) Жазушы
С) Сыншы
D) Ғалым
Е) Лирик ақын
21. Араб графикасына негізделген қазақ әліппесін жазған тұңғыш ғалым кім, көрсетіңіз.
А) Ш. Уалиханов
В) А. Байтұрсынов
С) С. Дөнентаев
D) М.Дулатов
Е) Қ. Жұбанов
22. М. Дулатовтың А. Байтұрсыновпен бірге шығарған газетін табыңыз.
А) «Қазақ» газеті
В) «Ешім даласы» газеті
С) «Қазақстан» газеті
D) «Серке» газеті
Е) «Дала уалаяты» газеті
23.Б. Майлиннің «Садақ» журналында жарияланған шығармасын табыңыз.
А) «Раушан- коммунист»
В) «Шұғаның белгісі»
С) «Елге барғанда»
D) «Күлтай болыс»
Е) «Мырқымбай»
24. Жамбылдың шәкіртің белгілеңіз.
А) Қаблиса
В) Балпық
С) Кенен
D) Нұрила
Е) Айкүміс
25. М. Әуезовтың драмалық шығармасын табыңыз:
А) «Ант»
В) «Көкейкесті»
С) «Қозы Көрпеш- Баян сұлу»
D) «Ш. Уалиханов»
Е) «Бәйбіше- тоқал»
26. Ғ. Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері атағын қай жылы иеленді?
А) 1977 ж.
В) 1974 ж.
С) 1973 ж.
D) 1971 ж.
Е) 1979 ж.
27. Қазақ тіліндегі 9 сөз табын алғаш сұрыптаған ғалымды белгілеңіз.
А) Ш. Уалиханов
В) Т. Қордабаев
С) С. Кеңесбаев
D) М. Әуезов
Е) А. Байтұрсынов
28. М. Дулатовтың 1909 жылы Уфада шыққан кітабын табыңыз .
А) «Бақытсыз Жамал»
В) «Оян, қазақ»
С) «Азамат»
D) «Уақ- түйек»
Е) «Терме»
29. Жүсіпбек Аймауытовтың Семейдегі оқытушылар семинариясында оқыған жылдарын табыңыз.
А) 1918- 1920 ж.ж.
В) 1915- 1919 ж.ж.
С) 1928- 1930 ж.ж.
D) 1914- 1918 ж.ж.
Е) 1912- 1916 ж.ж.
30. Жамбылдың ұстазын белгілеңіз.
А) Шөже
В) Сүйінбай
С) Шортанбай
D) Дулат
Е) Орынбай
Достарыңызбен бөлісу: |