Қазақ әдебиеті і-нұсқа



бет1/5
Дата27.07.2020
өлшемі398,5 Kb.
#75686
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Задачи по кинематике для контрольной (колледж, 1 курс), баст сын, 4кластарга арналган, 4кластарга арналган, 4кластарга арналган, МӘСК рәсімдеу, үлгерімі төмен оқушы, himiya-pnnen-arnalan-didaktikaly-tapsyrmalar-zhinay, «дене т рбиесі теориясы мен дістемесі» П ніне арнал ан тест с Р, 1329122842275

Қазақ әдебиеті

І-нұсқа
1. Беташардың қандай жыр екендігін көрсетіңіз.

A) Тойдағы көңіл көтеру жыры.

B) *Жас келіншекті елмен таныстырып, тәрбие беру жыры.

C) Қыздың басына сәукеле кигізу жыры.

D) Қызды ұзату кезінде айтылатын өлең.

Е) Той бастар жыры.


2. «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бақша ағаштары», «Бір уыс мақта» әңгімелерінің авторын табыңыз.

А) Сәбит Дөнентаев.

В) Спандияр Көбеев.

С) *Ыбырай Алтынсарин.

D) Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Е) Абай Құнанбаев.


3. Абайдың поэмасын анықтаңыз.

А) *«Масғұт».

В) «Сұлушаш».

С) «Құлагер».

D) «Батыр Баян».

Е) «Көкшетау».


4. «Өмір сүргім келеді» деп аталатын шығарманың авторы кім екенін белгілеңіз.

А) С.Сейфуллин.

В) *Б.Бұлқышев.

С) А.Жұмағалиев.

D) Қ.Аманжолов.

Е) І.Жансүгіров.


5. М.Жұмабаевтың ақындығын сүйетінін мойындаған қаламгерді белгілеңіз.

А) *М.Әуезов.

В) А.Байтұрсынов.

С) І.Жансүгіров.

D) Ғ.Мүсірепов.

Е) Ж.Аймауытов.


6. Ботташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған. Үзіндідегі асты сызылған сөздердің көркемдегіш құралдың қай түріне жататынын анықтаңыз.

А) Метафора.

В) *Теңеу.

С) Эпитет.

D) Метонимия.

Е) Синекдоха.


7. М.Мақатаевтың ақындыққа азаматтық тұрғыдан сипаттама берген өлеңін табыңыз.

А) *«Толғау».

В) «Бабаларым, рақмет сендерге».

С) «Ұят болды-ау».

D) «Үш бақытым».

Е) «Ғашықпын».


8. Б.Момышұлының шығармасын табыңыз.

А) *«Жонарқа».

В) «Тірілер мен өлілер».

С) «Каһарлы күндер».

D) «Адам тағдыры».

Е) «Қарға тамған қан».


9. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың туған жерге не үшін оралғысы келгенін табыңыз.

А) Қайтадан жаңа өмір бастау үшін.

В) Туысқандарына жолығу үшін.

С) *Туған жерге жетіп өлу үшін.

D) Ашаршылықтан құтылу үшін.

Е) Жаулардан құтылу үшін.


10. Сара Біржанмен айтысқанда кімнің үйінде болғанын анықтаңыз.

А) *Тұрысбек.

В) Есімбек.

С) Шерубай.

D) Қаптағай.

Е) Жүнісбек


11. ХV-XVІІІ ғғ. Жырауларды белгілеңіз.

А) *Асан Қайғы.

В) Тоныкөк.

С) Мұрат.

D) Білге.

Е) Шортанбай.


12. Абайдың табиғат тақырыбына жазған тұнғыш өлеңін табыңыз.

А) «Қыс».

В) «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай».

С) «Жазғытұрым».

D) *«Жаз».

Е) «Күз».


13. Төмендегі шумақ қандай аттың портретін сипаттайтынын табыңыз.

- Ор болып қалушы еді шапқан жерің,

Шаттанып тұрушы еді қосқан елің,

Атығай, Қарауылға олжа салған,

Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.

А) Тайбурыл.

В) Байшұбар.

С) Көкбесті.

D) *Құлагер.

Е) Бақа айғыр.


14. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы Қалқаман мен Мамырдың қосылуына кедергі болған жағдайды табыңыз.

А) Бірі кедей, бір бай балалары болғандығы.

В) Қалқаманның айттырған қалыңдығы болғандықтан.

С) *Екеуі немерелес туыс болғандықтан.

D) Мамыр біреудің некелі жары болғандықтан.

Е) Мамырдың аурулығы себепті.


15. Төмендегі пікірді А.Байтұрсынов қай еңбегінде айтатынын белгілеңіз.

«Өнердің ең алды-сөз өнері. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен «Өнер алды-қызыл тіл»-деген.

А) «Ғылым».

В) *«Әдебиет танытқыш».

С) «Жазған сөз жаным ашып».

D) «Жиған-терген».

Е) «Дарынды сөз».
16.Қ.Аманжолов өмір сүрген жылдарды табыңыз.

А) *1991-1955жж.

В) 1894-1938жж.

С) 1890-1929жж.

D) 1917-1967жж.

Е) 1912-1956жж.


17. Ұлт-азаттық көтеріліске жыр арнаған халық әдебиеті өкілдерін табыңыз.

А) *Күдері, Жамбыл, Сәт, Омар.

В) Шортанбай, Мұрат, Әубәкір.

С) С.Дөнентаев, С.Торайғыров.

D) Махамбет, Алмажан, Шернияз.

Е) Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса.


18. Атакем атты кейіпкері бар Ғ.Мүсірепов шығармасын көрсетіңіз.

А) «Автобиографиялық әңгіме».

В) *«Этнографиялық әңгіме».

С) «Оянған өлке».

D) «Талпақ танау».

Е) «Қос Шалқар».


19. Новелланың анықтамасын белгілеңіз.

А) Тек махаббат тақырыбын суреттеген шығарма.

В) Әңгіменің бір түрі, бірақ көлемі өте қысқа.

С) Әңгімеге қарағанда көлемді шығарма.

D) *Оқиғасы қызу, ширақ дамып, күтпеген жерден кілт, тосын шешіммен аяқталатын әңгіме.

Е) Кейіпкерлері болмайтын, тек суреттеуге құрылатын әңгіме.


20. «Диуани хикмет» еңбегі кімдікі екенін белгілеңіз.

А) Қорқыт ата.

В) *Ахмет Йасауи,

С) Хорезми.

D) Құтб.

Е) Махмұд Қашқари.


21. «Арқада жер жетпейді Бурабайға

Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.

Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға

Бөлектау: « Ой, бауырым! » - дер анадайда ,» - деген үзінді қай поэмадан, авторын табыңыз.

А) «Көкшетау», Сәкен Сейфуллин.

В) «Сұлушаш», Сәбит Мұқанов.

С) *«Батыр Баян», Мағжан Жұмабаев.

D) «Сұраншы батыр», Жамбыл Жабаев.

Е) «Құлагер», Ілияс Жансүгіров.


22. Одаққа атағы кетіп, ССРО Жазушыларының І съезінде сөз сөйлеген ақын-жазушыны табыңыз.

А) *І.Жансүгіров.

В) Ж.Жабаев.

С) Ғ.Мүсірепов.

D) С.Сейфуллин.

Е) М.Әуезов.


23. Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,

Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын.

Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз.

Астында ақ туының пайғамбардың!...- деген хаттың авторын атаңыз.

А) Жамалдың қоштасу хаты.

В) Ғайшаның Қожашқа айтқансөзі.

С) Алтайдың Сұлушашқа арнауы.

D) *Шұғанын өлерде жазған хаты.

Е) Қамардың хал үстіндегі қоштасуы.


24. «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі жанама суреттемелерде айтылатын аңыз кейіпкері-батыр бейнесін белгілеңіз.

А) *Күшікбай.

В) Еспенбет.

С) Тектіғұл.

D) Қалтай.

Е) Жақып.


25. Қазақ аулы кедейлерінің типтік бейнесі С.Мұқановтың қай өлеңінде бейнеленгендігін көрсетіңіз.

А) «Сүт заводы».

В) *«Шоқпыттың шаруасы».

. С) «Кедей баласы».

D) «Конвейер».

Е) «Балқаш».






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет