Қазақ Әдебиеті нұсқау



Дата28.01.2018
өлшемі109,56 Kb.
#34358


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ


Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».

1. Сыр бойы әдебиетінің ойшылын белгілеңіз.

A) Ахмет Иүгінеки

B) Ыбырай Алтынсарин

C) Шәкәрім Құдайбердіұлы

D) Абай Құнанбаев

E) Мұса Жәлел


2. Мақалдың жалғасын белгілеңіз.

Ер бір рет өледі, …

A) Ер атағын ел сақтар.

B) Ерді намыс өлтірер.

C) Батыр майданда шынығады.

D) Ел үшін өледі.

E) Ез мың рет өледі.



3. Жыраулар поэзиясының өкілін көрсетіңіз

A) Ақан сері

B) Ақтамберді

C) Ыбырай

D) Абай

E) Шоқан


4. Ашуыма көп тисең,

Өзекті жанға бір өлім,

Ордаңды талқан қылып шабармын.

деген үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.

A) «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны»

B) «Қызғыш құс»

C) «Ереуіл атқа ер салмай»

D) «Беркініп садақ асынбай»

E) «Әй, Махамбат жолдасым»


5. Ы. Алтынсариннің өлеңін табыңыз.

A) «Шәкірт ойы».

B) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

C) «Кел, балалар, оқылық».

D) «Кім жазықты?».

E) «Интернатта оқып жүр».



6. Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңінен алынғанын табыңыз.

Мөлдіретіп көз жасын,

Жасымен жуып жартасын,

Сүйіп сылқ-сылқ күледі.

Жылағаны – күлгені,

Күлгені оның – өлгені,

Жылай, күле өледі.

A) «Күз»

B) «Бостандық»

C) «Толқын»

D) «Күншығыс»

E) «Тәңірі»



7. С. Мұқанов алғаш рет қай тілде хат таныған, белгілеңіз.

A) Қазақша.

B) Арабша.

C) Орысша.

D) Түрікше.

E) Парсыша.



8. Ғ. Мүсіреповтің драмасын табыңыз.

A) «Еңлік – Кебек».

B) «Түркістан».

C) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».

D) «Түнгі сарын».

E) «Майдан».



9. Көркем шығармада қысқа түсіндірме түрінде келетін автордың сөзі қалай аталатынын көрсетіңіз:

A) Монолог.

B) Диалог.

C) Өлең.

D) Әңгіме.

E) Ремарка.



10. Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деген үзіндінің авторын табыңыз.

A) М.Мақатаев.

B) Ә.Тәжібаев.

C) С.Торайғыров.

D) М.Жұмабаев.

E) І.Жансүгіров.



11. Ежелгі түркі әдебиеті мен фольклорының алғашқы нұсқасын анықтаңыз.

A) Қорқыт нақылдары.

B) М.Қашқари еңбектері.

C) «Оғыз қаған» жыры.

D) Алып Ер Тұңғаны жоқтау.

E) Әл-Фараби еңбектері.



12. Шешендік арнаудың негізгі мазмұнын құрайтын тілектерді анықтаңыз.

A) Келер ұрпаққа айтар аманат, өсиет.

B) Дау үстіндегі сөз тартысы, ел тағдыры талқыланған ұлы жиындағы кеңес.

C) Қуанышқа бата беру, ауыр қайғыны жеңілдету үшін тоқтау айту, елін, жерін қастерлеуге, қорғауға үндеу.

D) Жер дауында айтылатын тапқыр сөздер.

E) Араз ағайындарды бітістіру мақсатында айтылатын сөз.



13. Әсет Найманбаевтың қисса-дастанына жатпайтын қатарды көрсетіңіз.

A) «Жүсіп-Зылиқа».

B) «Мәлік-Дарай».

C) «Салиха-Сәмен».

D) «Ағаш ат».

E) «Үш жетім қыз».



14. Ғұмар Қараш бастырған «Шайыр», «Көкселдір» жинақтарының авторын анықтаңыз.

A) Нарманбет.

B) Балуан Шолақ.

C) М-Ж.Көпеев.

D) Шәңгерей.

E) Естай ақын.



15. Ғ.Мұстафиннің техника мамандарының қалыптасу жолын баяндайтын,

30-40 жылдар арасын қамтитын романын анықтаңыз.

A) «Өмір мен өлім».

B) «Ұлпан».

C) «Ұшқан ұя».

D) «Абай жолы».

E) «Қызыл жебе».


16. Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» шығармасы лириканың қай түріне жататынын табыңыз.

A) Драма.

B) Баллада.

C) Очерк.

D) Көсемсөз.

E) Новелла.



17. Бұдырайған екі шекелі,

Мұздай үлкен көбелі, – деген өлең тармақтарының авторын табыңыз.

A) Ақтамберді.

B) Үмбетей.

C) Қазтуған.

D) Жиембет.

E) Асан қайғы.



18. Махамбет ақынның «Арқаның қызыл изені» өлеңі қай лирикаға жатады, белгілеңіз.

A) Махаббат лирикасы

B) Табиғат лирикасы

C) Саяси-әлеуметтік лирика

D) Көңіл-күй лирикасы

E) Философиялық лирика



19. «Шыққанбыз дос шыңға талай,

Талай сырды ойланып,

Ақтаралық алтын сарай,

Алтын сарай қойманы» деген үзінді кімнің шығармасынан алынғандығын анықтаңыз.

A) С.Мұқанов.

B) М.Әуезов.

C) Б.Майлин.

D) І.Жансүгіров.

E) С.Сейфуллин.



20. М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэмасындағы жыраудың есімін көрсетіңіз.

A) Сыпыра.

B) Қабай.

C) Қазтуған.

D) Жиембет.

E) Марқасқа.











Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы беріледі».

21. Махмұт Қашқари еңбек(-тер)ін көрсетіңіз.

A) "Түркі сөздерінің жинағы"

B) "Өлең өнерінің қағидалары"

C) "Түркіше Гүлстан"

D) "Махаббатнама"

E) "Қиссалар"

F) "Құтты білік"

G) "Музыканың үлкен кітабы"

H) "Оғыз қаған жыры"



22. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.

Батыр туса – ел ырысы,

A) Ел үмітін ер ақтар.

B) Батыр - елдің сәулеті.

C) Айласыз батыр алдырар.

D) Ерлік тәрбиеден туады.

E) Ел – ырыстың кілті.

F) Жаңбыр жауса – жер ырысы.

G) Өнерлінің қолы алтын.

H) Болат қайнауда шынығады.


23. "Күмбір-күмбір кісінетіп" толғауының авторын көрсетіңіз.

A) Асан қайғы

B) Доспамбет

C) Шалкиіз

D) Жиембет

E) Бұқар


F) Ақтамберді

G) Үмбетей

H) Шоқан


24. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін көрсетіңіз.

A) "Үш қиян"

B) "Әсемпаз болма әрнеге"

C) "Насихат"

D) "Елім-ай"

E) "Сарыарқа"

F) "Анама хат"

G) "Қазақ қалпы"

H) "Замана"


25. "Зар заман" өкілдерін белгілеңіз.

A) Мұрат


B) Сәкен

C) Абай


D) Сұлтанмахмұт

E) Дулат


F) Шортанбай

G) Мұқағали

H) Мағжан


26. М.Дулатовтың өлеңдер жинағын анықтаңыз:

A) «Азамат».

B) «Қырық мысал».

C) «Үлес».

D) «Терме».

E) «Маса».

F) «Қазақ қалпы».

G) «Оян, қазақ».

H) «Қазақ салты».


27. С.Мұқановтың роман(-дар)ын көрсетіңіз:

A) «Ананың анасы».

B) «Қыз Жібек».

C) «Саятшы Ораз».

D) «Өмір мектебі».

E) «Сұлушаш».

F) «Ботагөз».

G) «Ақан сері – Ақтоты».

H) «Мөлдір махаббат».


28. Ж.Жабаевтың қай айтыс ақындарымен айтысқанын табыңыз:

A) Құлмамбет.

B) Сара.

C) Ұлбике.

D) Сарбас.

E) Ырысжан.

F) Біржан.

G) Досмағамбет.

H) Ақан сері.


29. О.Сүлейменовтің өлең(-дер)ін табыңыз

A) «Махамбетке»

B) «Көгілдір таулар»

C) «Оюлар»

D) «Арғымақ»

E) «Отырардан жеткен сый»

F) «Қыз қуу»

G) «Аз и Я»

H) «Күнге бет алған керуен»


30. Ә.Кекілбаев қаламынан туған шығармаларды табыңыз:

A) «Өмірге саяхат».

B) «Елең – алаң».

C) «Иман жапырақ».

D) «Үркер».

E) «Арман сапары».

F) «Бір тойым бар».

G) «Қашқын».

H) «Шыңырау».


31. Берілген жырдың қай қатарға тән екенін көрсетіңіз

Ата-анам еді дәулетім,

Мен жұртыма жау ма едім.

Жатжұрттық болып кеткен соң,

Кетер-ау бастан сәулетім.

A) Тойбастар

B) Жоқтау

C) Беташар

D) Бесік жыры

E) Наурыз жыры

F) Жар-жар

G) Сыңсу


H) Қоштасу

32. "Әй, хан, мен айтпасам білмейсің" деп Жәнібек ханға толғау айтқан ақылгөйді анықтаңыз

A) Асан қайғы

B) Доспамбет

C) Дулат


D) Жиембет

E) Үмбетей

F) Шалкиіз

G) Қазтуған

H) Ақтамберді


33. Дулат Бабатайұлының шаршы топ алдында атқамінерлердің теріс қылықтарын бетіне басатын өлең(-дер)ін анықтаңыз.

A) "Айтқызбасымды айтқыздың"

B) "Кеңесбайға"

C) "Бараққа"

D) "Ақтанға"

E) "Сандықтас"

F) "Тауды екіге жарасың"

G) "Ишенге"

H) "Ақжайлау мен Сандықтас"


34. Б.Майлиннің кедейлер мұқтажын білдіру, әділетсіздіктерді сынау сарыны аңғарылатын өлеңдерін табыңыз:

A) «Мұқтаждық».

B) «Мал».

C) «Он жылда».

D) «Раушан-коммунист».

E) «Қара шелек».

F) «Байлыққа».

G) «Шұғаның белгісі».

H) «Ұлболсын».


35. М.Әуезовтің ескі рулық-феодалдық әдет-ғұрыпты суреттейтін драмалық шығарма(-лар)ын анықтаңыз.

A) «Ел қорғаны».

B) «Шернияз».

C) «Мансапқорлар».

D) «Рабиға».

E) «Сылаң қыз».

F) «Қарагөз».

G) «Еңлік-Кебек».

H) «Бәйбіше-тоқал».


36. Қ.Бекхожиннің шығармаларын анықтаңыз:

A) «Мариям Жагор қызы».

B) «Оюлар».

C) «Соңғы көш».

D) «Өліара».

E) «Қара өлең».

F) «Ақсақ Темір мен ақын».

G) «Танакөз».

H) «Ақсақ құлан».


37. Шортанбай Қанайұлының өлеңдеріндегі сарындарды белгілеңіз.

A) Патша әкімдерінің озбырлығын сынау

B) Махаббатты жырлау

C) Оқу-білімге үндеу

D) Орысша оқуға шақыру

E) Қазақ даласына келген сауданы айыптау

F) Елдің ақшаға құнығуын сынау

G) Дінді сынау

H) Кедейлерді күреске шақыру


38. «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаш бейнесі лиро-эпостық жырлардағы қай кейіпкерлердің жалғасы іспеттес екенін анықтаңыз:

A) Ақбаланың.

B) Құртқаның.

C) Гүлбаршынның.

D) Ақжүністің.

E) Күнекейдің.

F) Хадишаның.

G) Баянның.

H) Назымның.


39. Үзіндіні ұйқас, шумақ, тармақ түрлеріне ажыратыңыз:

... Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,



Наданның көзін жойып, көңілін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ, әуел баста-ақ.

A) Бір тармақ.

B) Егіз ұйқас.

C) Екі шумақ.

D) Үш шумақ.

E) Қара өлең ұйқасы.

F) Шұбыртпалы ұйқас.

G) Бір шумақ.

H) Төрт тармақ.


40. Қ.Аманжоловтың орыс халқының қай ақындарының шығармаларын аударғанын көрсетіңіз:

A) И.Гончаров.

B) А.Пушкин.

C) А.Твардовский.

D) Ф.Достоевский.

E) И.Тургенев.

F) Л.Толстой.

G) И.Бунин.



H) М.Лермонтов.




Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет