Қазақ Әдебиеті нұсқау



Дата28.01.2018
өлшемі103,1 Kb.
#35018


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ


Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».

1. «Күлтегін» ескерткішінің көшірмесі қойылған жоғарғы оқу орнын белгілеңіз.

A) Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті.

B) Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

C) Абай атындағы педагогика институты.

D) Қарағанды мемлекеттік университеті.

E) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.


2. «Қобыланды батыр» жырының қандай әдебиет үлгісіне жататынын табыңыз.

A) Лиро-эпостық жырлар.

B) Тарихи жырлар.

C) Эпостық жырлар.

D) Жазба әдебиет үлгісі.

E) Ежелгі әдебиет үлгісі.



3. Үмбетей жырау Бөгенбай батырдың өлімін кімге естірткенін табыңыз.

A) Абылайға.

B) Бұқарға.

C) Тәукеге.

D) Тәуекелге.

E) Сырымға.



4. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген өлеңдерінің негізгі тақырыбын белгілеңіз.

A) Махаббат.

B) Тіл.

C) Әдет-ғұрып.

D) Өнер.

E) Оқу, білім.



5. С.Сейфуллиннің «Інішегіме» өлеңінің тақырыбын анықтаңыз.

A) Өнер-білім.

B) Жер, ел.

C) Табиғат.

D) Ерлік.

E) Махаббат.



6. Айкүміспен айтысқан ақынды табыңыз.

A) Құлманбет.

B) Жамбыл.

C) Шөже.

D) Біржан.

E) Сүйінбай.



7. Фирдоусидің «Шахнама» кітабында Тұранның патшасы болып суреттелетін кейіпкерді анықтаңыз.

A) Мөде батыр.

B) Ер Тұңға.

C) Ширақ батыр.

D) Тарғытай.

E) Зарина патшайым.



8. Ер Төстіктің сүйген жарының есімін табыңыз.

A) Құба.

B) Кенжекей.

C) Гүлбаршын.

D) Бекторы.

E) Ақжүніс.



9. Көңіл күйді білдіретін өлең-жырларға тән қатарды белгілеңіз.

A) Шілдехана, тұсаукесер.

B) Атқамінер, тоқымқағар.

C) Тойбастар, бата-тілек.

D) Қоштасу, арыздасу.

E) Беташар, жар-жар.



10. Үкілі Ыбырайдың бізге жеткен айтысын белгілеңіз.

A) Ырысжанмен айтысы.

B) Сарамен айтысы.

C) Біржанмен айтысы.

D) Ақанмен айтысы.

E) Доскеймен айтысы.



11. А.Македонскийдің озбыр, соғысқұмар образын ашқан ақын:

A) Науаи


B) Абай

C) Шәкәрім

D) Низами

E) Фирдауси



12. С.Сейфуллиннің алғашқы өлеңдер жинағын белгілеңіз.

A) «Экспресс».

B) «Өткен күндер».

C) «Тұрмыс толқынында».

D) «Домбыра».

E) «Асау тұлпар».



13. «Әнші» әңгімесіндегі суреттелетін халықтық мейрамды анықтаңыз.

A) Ұлдар мейрамы.

B) Аналар мейрамы.

C) Айт мерекесі.

D) Ынтымақ мерекесі.

E) Наурыз мейрамы.



14. Үзінді Жамбылдың қай өлеңінен алынған, табыңыз.

Атаңнан бата ал, балам.

Арғымақ атқа мін, балам!

Ақ сақалым желбіреп,

Артыңнан қарап мен қалам.

A) «Алғадай туралы әрбір ой».

B) «Менің бақытым»

C) «Сәт сайланарда».

D) «Туған елім»

E) «Аттандыру»



15. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың зұлымдықтан шошып ауыруына себеп болған оқиғаны белгілеңіз.

A) Ызғұттымен кездесуі.

B) Бөжейдің өлімі.

C) Қодардың өлімі.

D) Ғабитханмен.

E) Бердіқожаның ойы.



16. А.Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің тармақтары неше буыннан тұратынын табыңыз.

A) 8-9 буынды.

B) 11-12 буынды.

C) 16-18 буынды.

D) 5-6 буынды.

E) 14-15 буынды.



17. Бетегелі Сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес! – деп, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін жырға қосқан жырауды белгілеңіз.

A) Жиембет.

B) Доспамбет.

C) Ақтамберді.

D) Шалкиіз.

E) Үмбетей.



18. «Інжу-маржан» әні – Әсет шығармашылығының шыңы»,-деп баға берген адамды көрсетіңіз.

A) А.Жұбанов.

B) М.Мағауин.

C) Ш.Қалдаяқов.

D) Ә.Қоңыратбаев.

E) С.Қирабаев.



19. Файзулидің «Ләйлі – Мәжнүнін» қазақша жырлаған ақынды табыңыз.

A) Мұқағали Мақатаев.

B) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

C) Мағжан Жұмабаев.

D) Әбділдә Тәжібаев.

E) Мағауия Абайұлы.



20. Ж.Молдағалиевтің татар халқының батыр ұлы мен ақыны Мұса Жәлелдің өмірі мен ерлігін баяндаған туындысын көрсетіңіз.

A) «Әлия».

B) «Сел».

C) «Жыр туралы жыр».

D) «Қыран дала».

E) «Ер қабірі».












Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы беріледі».

21. Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі ойы мен мұратын анықтаңыз.

A) жақсылық пен жамандықты салыстыру

B) оқу-білімге үндеу

C) ел билеушілерге наразылық

D) елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу

E) әділетсіздікке қарсы шығу

F) ел тәуелсіздігін аңсау

G) махаббатты жырлау

H) көсемдерге қарсы көтеріліске шақыру



22. Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға тілеулес жандарды көрсетіңіз

A) Сарыбай

B) Ай

C) Айбас


D) Қарабай

E) Сасан би

F) Қодар

G) Тазша


H) Таңсық

23. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Абылай ханға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз.

A) Дулат

B) Доспамбет

C) Бұқар


D) Үмбетей

E) Ақтамберді

F) Қазтуған

G) Жиембет

H) Шалкиіз


24. "Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің,"- деген жолдарды Абайдың кімге арнағанын табыңыз.

A) Мағауияға

B) Құнанбайға

C) Әйгерімге

D) Ұлжанға

E) Әбдірахманға

F) Оспанға

G) Ақылбайға

H) Кәкітайға


25. Ж.Аймауытовтың роман(-дар)ын анықтаңыз:

A) «Қанапия – Шарбану».

B) «Комплекспен оқыту жолдары».

C) «Тау еліндегі оқиға».

D) «Нұр күйі».

E) «Ақбілек».

F) «Күнекейдің жазығы».

G) «Психология».

H) «Қартқожа».


26. Қ.Аманжоловтың әндерін табыңыз:

A) «Сырбайға».

B) «Туған жер».

C) «Жамбылға».

D) «Құрбыма».

E) «Жас дәурен».

F) «Күз».

G) «Өзім туралы».

H) «Біздің дастан».


27. Орта ғасырлық ойшылдарды белгілеңіз.

A) Әбунасыр әл-Фараби

B) Ахмет Йасауи

C) Махамбет Өтемісұлы

D) Ахмет Йүгінеки

E) Шәкәрім Құдайбердіұлы

F) Ыбырай Алтынсарин

G) Абай Құнанбаев

H) Шоқан Уәлиханов


28. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.

Батыр туса – ел ырысы,

A) Батыр - елдің сәулеті.

B) Болат қайнауда шынығады.

C) Айласыз батыр алдырар.

D) Ел – ырыстың кілті.

E) Өнерлінің қолы алтын.

F) Ел үмітін ер ақтар.

G) Ерлік тәрбиеден туады.

H) Жаңбыр жауса – жер ырысы.


29. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында Сарыбайдың өлімін естірткен адамды көрсетіңіз

A) Тазша


B) Ай

C) Қодар


D) Айбас

E) Қарабай

F) Сасан би

G) Қозы


H) Таңсық

30. Абайдың өлең(-дер)ін көрсетіңіз.

A) "Өнер-білім бар жұрттар"

B) "Арғымаққа оқ тиді"

C) "Жауқашарға"

D) "Өзен"

E) "Адамның кейбір кездері"

F) "Сегіз аяқ"

G) "Жазғытұры"

H) "Әкеме"


31. Aбайдың тек афоризмдерден тұратын қара сөз(-дер)ін анықтаңыз.

A) Он бірінші

B) Отыз жетінші

C) Бесінші

D) Жиырма тоғызыншы

E) Он бесінші

F) Жетінші

G) Үшінші

H) Он тоғызыншы


32. «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкер(-лер)ді көрсетіңіз:

A) Болат.

B) Ахмет.

C) Шолпан.

D) Мұхтар.

E) Нұрым.

F) Сәрсенбай.

G) Ғали.


H) Қамар.


33. М.Жұмабаевтың шерлі, мұңлы толғау(-лар)ын анықтаңыз:

A) «Тірілдім».

B) «Жел».

C) «Сарғайдым».

D) «Зар».

E) «Мені де, өлім, әлдиле».

F) «Жан сөзі».

G) «Сүйгеніме».

H) «Тұтқын».


34. М.Әуезовтің 1922-1923 ж. «Сана», «Шолпан» журналдарында басылған шығармаларын анықтаңыз:

A) «Кешкі дөң басында».

B) «Сыбанның моласында».

C) «Жетім».

D) «Айман – Шолпан».

E) «Көксерек».

F) «Абай».

G) «Бекет».

H) «Түнгі ауыл».


35. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының кейіпкер(-лер)ін табыңыз:

A) Ботагөз.

B) Итбай.

C) Амантай.

D) Тілеуберді.

E) Алтай.

F) Кулаков.

G) Кошкин.

H) Қайсар.


36. Кейіптеу түрінде жазылған Абай Құнанбайұлының өлең(-дер)ін табыңыз:

A) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

B) «Дүтбайға».

C) «Қыс».

D) «Бойы бұлғаң».

E) «Сегіз аяқ».

F) «Теректің сыйы».

G) «Жазғытұрым».

H) «Ғылым таппай мақтанба».


37. Шортанбай Қанайұлының өлеңдеріндегі сарындарды белгілеңіз.

A) Кедейлерді күреске шақыру

B) Орысша оқуға шақыру

C) Патша әкімдерінің озбырлығын сынау

D) Қазақ даласына келген сауданы айыптау

E) Оқу-білімге үндеу

F) Елдің ақшаға құнығуын сынау

G) Махаббатты жырлау

H) Дінді сынау


38. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы өнер адамдарының бейнелерін көрсетіңіз:

A) Құлыншақ.

B) Кәкітай.

C) Байтас.

D) Мұхамеджан.

E) Жұмабай.

F) Байдалы.

G) Дәрмен.

H) Дәркембай.


39. Үзіндіде кездесетін троп түрлерін анықтаңыз:

... «Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты,



Құмары екеуінің сондай күшті».

A) Градация.

B) Теңеу.

C) Литота.

D) Метонимия.

E) Антитеза.

F) Егіздеу.

G) Метафора.

H) Кейіптеу.


40. Қ.Аманжоловтың орыс халқының қай ақындарының шығармаларын

аударғанын көрсетіңіз:

A) А.Твардовский.

B) И.Гончаров.

C) Л.Толстой.

D) И.Тургенев.

E) М.Лермонтов.

F) А.Пушкин.

G) Ф.Достоевский.

H) И.Бунин.







Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет